Т. Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінде қызметкерлердің денсаулығын қорғау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Оған университет зерттеушілері, қазақстандық мамандар және Милан университетінің профессоры Клаудио Колозио қатысты.
Қатысушылар еңбек медицинасындағы заманауи тәсілдерді, зиянды өндірістердегі кәсіптік тәуекелдерді бағалауды және қызметкерлердің денсаулығына әсер ететін биологиялық факторларды анықтауды талқылады. Кәсіптік аурулардың алдын алудағы эпидемиологиялық және биологиялық зерттеулердің рөліне ерекше назар аударылды.
Мамандар халықаралық және отандық тәжірибемен алмасып, ғылыми ынтымақтастық пен бірлескен зерттеулер жүргізу мүмкіндіктерін қарастырды.