Бүгін Sharmanov University-де пижама киген курстасыңызды, көрші партада отырған сүйікті кейіпкеріңізді және ерекше образдағы болашақ дәрігерді кездестіруге болатын еді.
17 қараша — Халықаралық студенттер күні теориялық сабақтарға әдеттегі дресс-кодтан сәл ауытқып келуге рұқсат берілді. Студенттер бұл мүмкіндікке шығармашылықпен қарап, костюмдерін ойластырып, жарқын бөлшектермен толықтырып, бір-біріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Осы күннің ерекше образдары мен қызықты сәттерін фотогалереяға жинадық. Суреттерді қарап, өзіңіз бен достарыңызды табыңыз және студенттік шақтың естеліктерін сақтап қойыңыз!