Анар Турмұхаметова Францияның Академиялық пальмалар орденімен марапатталды

Анар Турмұхаметова Францияның Академиялық пальмалар орденімен марапатталды

Анар Турмұхаметова Францияның Академиялық пальмалар орденімен марапатталды

Қазақша

Анар Турмұхаметова Францияның Академиялық пальмалар орденімен марапатталды

Францияның Қазақстандағы Елшісінің қабылдауында Т. Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінің Басқарма төрағасы — Ректоры Анар Ақылбекқызы Турмұхаметоваға кавалер дәрежесіндегі Академиялық пальмалар ордені табысталды.

Бұл жоғары марапат оның білім мен ғылымды дамытуға, Қазақстан мен Франция арасындағы академиялық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесінің мойындалуы болды.

Sharmanov University-дің француз серіктестерімен ынтымақтастығы студенттерді оқытуды, бірлескен зерттеулерді және кәсіби тәжірибе алмасуды қамтиды. Бұл жобалардың негізінде көпжылдық еңбек, өзара сенім және медициналық білім мен ғылым үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға деген ортақ ұмтылыс жатыр.

Академиялық пальмалар ордені (Ordre des Palmes académiques) — білім саласындағы еңбегі мен мәдениетке қосқан үлесі үшін берілетін Францияның мемлекеттік наградасы. Оның тарихы Наполеон 1808 жылы тағайындаған Академиялық пальмалардан бастау алады. Орден қазіргі нысанында 1955 жылдан бері табысталып келеді.

Орденмен:

  • оқытушылар мен білім беру жүйесінің қызметкерлері — ерекше кәсіби еңбегі үшін;
  • өзге де қайраткерлер — білім беруге немесе мәдени мұраны байытуға қосқан елеулі үлесі үшін;
  • шетел азаматтары — соның ішінде француз мәдениетін таратуға және Франциямен байланыстарды дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталады.

Орденнің үш дәрежесі бар: кавалер, офицер және командор. Анар Ақылбекқызы кавалер дәрежесімен марапатталды.

Анар Ақылбекқызын жоғары халықаралық марапатымен құттықтаймыз! Білім мен ғылым игілігі жолында толағай табыстар мен жаңа бірлескен жобалар тілейміз!



Тізімге оралу
© 2026, Т.Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика