Халықаралық қатысумен микробиология пәні бойынша II-ші жоғары оқу орындары арасындағы олимпиада

Халықаралық қатысумен микробиология пәні бойынша II-ші жоғары оқу орындары арасындағы олимпиада

Халықаралық қатысумен микробиология пәні бойынша II-ші жоғары оқу орындары арасындағы олимпиада

2026 жылғы 18 қарашада Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінің базасында «XXI ғасырдың жаһандық мәселесі - антимикробтық резистенттілік» тақырыбында микробиология пәні бойынша халықаралық қатысумен II жоғары оқу орындары арасындағы олимпиада өткізілді.

Іс-шараны Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасы ұйымдастырды. Олимпиаданы дайындау және өткізу жұмыстарын кафедра оқытушылары: профессор Асемова Г.Д., аға оқытушылар Акимбекова Э.М. және Ботбаева М.Т. жүзеге асырды.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – білім алушылардың микробиология пәніне деген қызығушылығын арттыру, антимикробтық резистенттілік саласындағы білімдерін тереңдету, ғылыми-зерттеу ойлау қабілетін дамыту және болашақ медицина мамандарының кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Олимпиадаға Қазақстанның әртүрлі қалаларынан және шетелден келген командалар қатысты. Қатысушылар жалпы және медициналық микробиология, микроорганизмдердің антимикробтық препараттарға төзімділік механизмдері бойынша білімдерін, сондай-ақ практикалық және ситуациялық тапсырмаларды шешу дағдыларын көрсетті.

Олимпиада қорытындысы бойынша қазылар алқасы қатысушылардың жинаған балдарын есептеп, жеңімпаздар, жүлдегерлер және арнайы номинация иегерлерін анықтады.

Олимпиада нәтижелері

Орыс тіліндегі бағыт бойынша:

  • I орын – Астана қаласының командасы;
  • II орын – Ташкент қаласының командасы;
  • II орын – Самарқанд қаласының командасы;
  • III орын – Алматы қаласының командасы;
  • III орын – Семей қаласының командасы.

Арнайы номинациялар:

  • Ақтөбе қаласының командасы – «Ғылыми ойлаудың өзіндік ерекшелігі үшін»;
  • Омбы қаласының командасы – «Перспективалы ғылыми әлеуеті үшін».

Қазақ тіліндегі бағыт бойынша:

  • I орын – Астана қаласының командасы;
  • I орын – Алматы қаласының командасы;
  • III орын – Ақтөбе қаласының командасы.

Арнайы номинация:

  • Семей қаласының командасы – «Білімге деген ұмтылысы үшін».

Олимпиаданың өткізілуі білім алушылар арасында білім мен тәжірибе алмасуға, олардың ғылыми әлеуетін дамытуға және болашақ медицина мамандарының қазіргі заманғы денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелердің бірі – антимикробтық резистенттілікке назарын аударуға мүмкіндік берді.

Ұйымдастыру комитеті барлық қатысушыларға, ғылыми жетекшілерге және қазылар алқасының мүшелеріне белсенді қатысқаны, кәсібилігі және олимпиаданы өткізуге қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Оқуда, ғылыми қызметте және болашақ кәсіби жолдарыңызда толағай табыстар тілейміз!

Тізімге оралу
© 2026, Т.Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика