«ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ, ҚАЗАҚСТАН – ҒҰМЫРЫМ!»

«ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ, ҚАЗАҚСТАН – ҒҰМЫРЫМ!»

«ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ, ҚАЗАҚСТАН – ҒҰМЫРЫМ!»
a:2:{s:4:"TEXT";s:1696:"2026 жылғы 23 қарашада Т. Шарманов атындағы Ұлттық медицина университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының профессоры Бибижамал Қожахметқызы Омарованың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тарихи-танымдық іс-шара өтті.

Іс-шараға Медицина мектебінің 1-курс білім алушылары қатысып, халқымыздың азаттық жолындағы тарихын сахналық қойылымдар арқылы бейнеледі.

«Қасіреттен тәуелсіздікке» бөлімінде ашаршылық жылдарының ауыр зардаптары көрсетілсе, «Тәуелсіздік – ұрпаққа аманат» бөлімінде ел болашағы, ұлттық құндылықтар, ана тіліне құрмет және жас ұрпақтың жауапкершілігі туралы ойлар айтылды.

Тағылымды кеш білім алушылардың тарихи санасын қалыптастырып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.

Тәуелсіздік – бабалар аманаты, ұрпаққа жүктелген жауапкершілік!
Тізімге оралу
© 2026, Т.Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика