Жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау және балалардың денсаулығын нығайту міндеті айқындалған «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында «Астана медицина университеті» КеАҚ-тың Кәсіптік дамыту және қосымша білім беру орталығы 2022 жылғы 03-05 мамыр аралығында Шымкент қаласында денсаулық сақтау ұйымдарының неонатолог, педиатр дәрігерлеріне және мейіргерлерге «Неонатологиядағы тиімді перинаталдық күтім» тақырыбында (60 сағат) көшпелі біліктілік арттыру курсын ұйымдастырды.
Бағдарламада акушерлік және неонаталдық көмектің негізгі тақырыптары, сонымен қатар дәлелдемелі медицина және эпидемиология қағидаттары, көмек көрсету сапасының теориялық негіздері және медициналық қызметтерді алушылардың құқықтары қамтылған.
Оқыту курсын медицина ғылымдарының магистрі, АстМУ неонатология кафедрасының ассистенті, «Қазақстанның акушер-гинекологтары мен неонатологтарының конгресі» ҚҚ президенті, ЮНИСЕФ, ДДҰ, ЮНФПА ұлттық сарапшысы, Chiesi Foundation Onlus қолдауымен «Confidential audit (inquiry) neonatal mortality as tool of improovement of the quality neonatal care in Kazakhstan» жобасының жетекшісі – Карин Бектурган Тыныбайұлы жүргізеді.