Нұр-Сұлтан қаласында жаңа Симуляциялық орталық ашылады

Нұр-Сұлтан қаласында жаңа Симуляциялық орталық ашылады

Нұр-Сұлтан қаласында жаңа Симуляциялық орталық ашылады

"Шиба" медициналық орталығымен (Израиль) қол қойылған Меморандум аясында Нұр-Сұлтан қаласында "Астана" медициналық университеті базасында жаңа Симуляциялық орталық ашылмақшы.

Қазақстан делегациясының Израильге сапары барысында жаңа Симуляциялық орталық құру және оны дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

"Симуляциялық орталық - болашақ дәрігерлер медициналық тренажерларда практикалық біліктері мен дағдыларын шынайы жағдайға барынша жақын жағдайларда пысықтайтын орын",-деді "Астана медицина университеті" КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректоры Камалжан Надыров. Ол біздің университет базасында заманауи симуляциялық орталықты құру дәрігерлер мен медбикелерді оқытуды анағұрлым сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік беретінін атап өтті.  

Бүгінгі таңда "Шиба" медициналық орталығы базасында симуляциялық орталық үздік болып табылады, оның консультативтік қолдауымен әлемнің көптеген жетекші университеттерінде симуляциялық орталықтар құрылды.

Дәл осы жерде медициналық білім беруде симуляциялық оқыту жүйесі дами бастады және бүгінде ол дәрігерлерді, медбикелерді және денсаулық сақтаудың өзге де кадрларын даярлаудың міндетті шарты болып табылады.

Израильге іссапар барысында, сондай-ақ, Симуляциялық орталықты құру және пайдалану, қызмет стандарттары мен симмуляциялық оқыту хаттамаларын әзірлеу, инфрақұрылымды дамыту, клиникалық сценарийлер базасы мен қызметкерлер штатын қалыптастыру және басқа да мәселелер талқыланды.

Израиль Денсаулық сақтау министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Ашер Сальмонмен кездесу аясында Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі Астана медицина университетінің дипломын тану мәселесі де талқыланды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика