Осакаров ауданындағы қайырымдылық акциясы

Осакаров ауданындағы қайырымдылық акциясы

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Балалар жылы деп жариялады және ол қадамын "Балаларға ерекше назар аудару керек. Олардың әл -ауқаты - мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі" деп түйіндеді .

Дәрігерлер - адам денсаулығы, әсіресе, балалар денсаулығын қорғауға барын салатын абзал жандар.

Жақында Астана медицина университетінің оқытушылары қайырымдылық акциясын өткізді: жүзден астам баланы қарап, кеңес берді. Бұл игі шараға "Qazaqstandyq balalar hirurgtary associaciasy" президенті, профессор А.А.Ерекешов, Балалар хирургиясы кафедрасының қызметкері Ж.У.Тастанбекова, А. Қарабеков атындағы қоғамдық қордың басшысы          Р.А. Қарабекова және балалар невропатологы М.С. Қыстаубаева ат салысты.

Қарағанды облысы Осакаров ауданының Орталық аудандық ауруханасында балаларға емдік-диагностикалық және консультациялық көмек тегін көрсетілді.

Дәрігерлер ата-аналармен тамақтану, жарақаттанудың алдын алу және скринингтік бағдарламалардан өту мәселелері бойынша түсіндіру әңгімелерін өткізді. Он балаға Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларының клиникаларына бейіндері бойынша стационарлық емделуге жолдамалар берілді.

Кішкентай пациенттердің ата-аналары балалар хирургиясы (оның ішінде неонаталдық хирургия), ортопедия-травматология және неврология, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласынан ультрадыбыстық диагностика саласындағы жетекші мамандарға көрсетілген практикалық және әдіснамалық көмек өте орынды деп санайды.

Сондай-ақ, шара барысында аурухана әкімшілігімен аудандағы педиатриялық және балаларға хирургиялық көмек көрсетуді жақсарту жолдары талқыланды.

 

 

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 (7172) 53-95-12