Директорлар кеңесі
Бақытжан Дерибсәліұлы Сексенбаев
Директорлар кеңесінің төрағасыБақытжан Дерибсәліұлы Сексенбаев
Директорлар кеңесінің төрағасы
Тілдер:
- Қазақ, орыс, ағылшын.
- Алматы мемлекеттік медицина институты (1985)
- AGMI, аспирантура (1991)
- А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығы, докторантура.
- Медицина ғылымдарының докторы (1998).
- Алматы қаласының жол ауруханасының хирург дәрігері (1985-1988);
- АММИ хирургиялық аурулар кафедрасының ассистенті (1991-1994);
- Шымкент мемлекеттік медицина институтының жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі (1994-1996);
- Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының факультеттік хирургия кафедрасының меңгерушісі (1998-2002);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің бас хирург, хирургиялық көмек бөлімінің меңгерушісі, директорының орынбасары (2002-2009);
- ОҚММА РМК ректоры-басқарма төрағасы, кейіннен «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы» РМК болып қайта ұйымдастырылған (01.2009 ж., 06.2017 ж. қайта сайланған).
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаттары, құрмет грамоталары, іскерлік тәжірибедегі жоғары сапа үшін «Еуропалық грант» халықаралық Құрмет грамотасы (Халықаралық Іскерлік Кеңес – IBC Женева Жоғары Бизнес және Менеджмент Институтымен бірге INSAM);
- «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі;
- Медальдар: «Мінсіз іскерлік беделі үшін алтын медаль» (IBC Женева жоғары бизнес және менеджмент INSAM институтымен бірге);
- Қоғамның интеллектуалдық дамуына қосқан елеулі үлесі, жоғары кәсіби жетістіктері үшін «Ұлт интеллектісі» халықаралық дипломы («ХХІ ғасыр көшбасшылары» халықаралық бағдарламасы);
- Ғылым, білім және бизнес саласындағы халықаралық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін «Халықаралық Вена университетінің құрметті профессоры» атағы.
- 200-ден астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының өнертабыстарына 17 патенттің авторы. 8 кандидат және 1 медицина ғылымының докторын дайындады.
Бүркітбаев Жандос Қонысұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріБүркітбаев Жандос Қонысұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Жалпы ақпарат, білім
Бүркітбаев Жандос Қонысұлы 1971 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
Жандос Қонысұлы - медицина ғылымдарының кандидаты. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина университетін «Жалпы медицина» мамандығы бойынша; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Мансап
Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық жедел медициналық көмек клиникалық ауруханасының дәрігерінен бастады. Содан кейін Алматыдағы республикалық апаттар медицинасы орталығында дәрігер болып жұмыс істеді.
1999 - 2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің түрлі құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеді, бас маманнан бөлім меңгерушісіне дейінгі лауазымдарды қатарынан атқарды.
2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.
2008 жылы Астана қаласындағы «Қан орталығы» ШЖҚ РМК директоры.
2011 - 2019 жылдары - «Ғылыми-өндірістік трансфузиология орталығы» ШЖҚ РМК директоры.
2019-2021 жылдары – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС басқарма төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықты құру және салу жөніндегі жобалық топтың жетекшісі.
2021 жылғы 22 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалды.
Камалжан Талғатұлы Надыров
Директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма төрағасы - Ректор, Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша МВАКамалжан Талғатұлы Надыров
Директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма төрағасы - Ректор, Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша МВА
Камалжан Надыров 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетінің түлегі. Сондай-ақ «Тұран» университетінде, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде білім алған. Түрлі жылдарда Duke University, The Fuqua School of Business (США), Parkway College (Сингапур), Florence Nightingale клиникалар тобында (Турция), Oxford Social Health Insurance system (Германия) сияқты ұйымдарда білім алған. Ол қоғамдық денсаулық сақтау саласында MBA және іскерлік әкімшілендіру бойынша Executive MBA дәрежесіне ие.
2007-2014 жылдары – Б.У. Джарбусынов атындағы Урология ғылыми орталығында клиникалық ординатор, бөлім меңгерушісі, бас директордың орынбасары болып жұмыс істеді.
Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Медициналық қызметті стандарттау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
2016 жылдан 2017 жылға дейін – Республикалық диагностикалық орталықты басқарды – University Medical Center филиалының директоры.
2017-2018 жылдары – Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2018 жылғы наурыздан 2019 жылғы наурызға дейін – Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі.
2020 жылдың маусым-қазан айлары аралығында – Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Марапаттары мен медальдары: «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қазақстан халқының бірлігі» медалі, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісі, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісі.
Дамир Серкбайұлы Сүйентаев
Тәуелсіз директорДамир Серкбайұлы Сүйентаев
Тәуелсіз директор
Тілдер:
- қазақ, орыс.
- Қазақ гуманитарлық заң университеті (2006)
- Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті (2008)
- Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясы (2014 ж.)
Еңбек өтілі:
- Президенттің (ректордың) мемлекеттік органдармен, қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі көмекшісі, Президентінің кеңесшісі, «Қазақ гуманитарлық-заң университеті» АҚ (2006);
- Менеджер, бас менеджер, департамент директоры, кеңесші, «Қазына» ФУР» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Даму» ФЭР» АҚ, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, Республикалық қайталама металлургия өнеркәсіпшілер одағы, «Атамекен» ҰЭП, «ҚазХЗУ» АҚ ( 2006-2015);
- Республикалық цифрлық қаржы одағының төрағасы;
- Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер комитетінің, Стратегиялық жоспарлау комитетінің төрағасы және «ҚазЭкспортГарант» СК» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің мүшесі (01.04.2016 ж.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі;
- Қазақстан, Ресей тәуелсіз директорлар қауымдастығының мүшесі, сертификатталған тәуелсіз директор, Қазақстан инженер-механиктері одағы басқарма төрағасының кеңесшісі;
- Тәуелсіз директор – «Қазагромаркетинг» АҚ («ҚазАгро» ҰБХ» АҚ), «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ («ҚТЖ» ҰК» АҚ) Директорлар кеңесінің мүшесі;
- Директорлар кеңесінің мүшесі, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ тәуелсіз директоры (07.2019 ж.).
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хаты (2005);
- «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасының Құрмет грамотасы (2010, 2012 ж.).