IT инфрақұрылым және ақпараттық жүйелерді басқару басқармасы

IT инфрақұрылым және ақпараттық жүйелерді басқару басқармасы

Басшылық
Аслан Даулетханович Мукашев
Басшы

Байланыс: mukashev.a@amu.kz

Байланыс телефоны: 8 778 999 02 44, вн. 444

Орналасқан жері: Бейбітшілік көш. 49а, кабинет 411


Кадрлық құрам

Мақсаттары

- Заманауи IT-инфрақұрылымды қалыптастыру, оның қолжетімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету, оның негізінде сапалы цифрлық қызметтерді ұсыну;

- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде медициналық білім беру сапасын арттыру;

- Ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымның жұмыс істеу қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- Жүйелер мен жабдықтардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс процесінде туындайтын бұзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қабылдау. Қолданылатын техникалық құралдарды жаңғырту. Кеңсе техникасының, компьютерлік, серверлік және желілік жабдықтардың жай-күйін мониторингілеу;

- Университеттің жергілікті желісін жұмысқа қабілетті күйде ұстау;
- Университеттің мәдени-бұқаралық, білім беру және әкімшілік іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық қолдау.

Құрылу тарихы

Бөлім 2009 жылғы қаңтар айында ашылды. Бөлімді алғаш басқарған – Алдонғар Жасталап. 2012 жылы Маралов Алмаз Амантайұлы бөлім бастығы болып тағайындалды. Бөлімді 2021 жылдан бастап Жеңіс Асығат Аманкелдіұлы басқарады.

Қызмет

- Университеттің жергілікті желілерінде орналастырылған ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді қамтитын ақпараттық ортаны ұйымдастыру, қабылдау және техникалық қолдау;
- Жабдықтың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жабдықтың жұмыс процесінде туындайтын ақауларды жою бойынша жедел шаралар қабылдау, қажет болған жағдайда ұйым өкілдерінің жабдықты жөндеуі немесе сервистік қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру;
- Пайдаланушылардың жұмыс станцияларында бағдарламалық жасақтаманы орнату, баптау;
- Ақпараттық технологияларды, есептеу техникасы құралдарын, ұйымдастыру техникасы мен байланыс құралдарын пайдалануды бақылау бойынша іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
- Қолданылатын техникалық құралдарды жаңғырту;
- Компьютерлік жабдықтарды жөндеу үшін қажетті шығыс материалдарының тізбесін жасау;
- Компьютерлік желілер мен коммуникациялық және коммуникациялық, серверлік жабдықтардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ол келесі тәсілдер арқылы жүзеге асырылады:
- Жергілікті есептеу желісі кабельдік жүйесін дамыту;
- Жергілікті есептеу желісі оперативті басқару;
- белсенді желілік жабдықтарға қызмет көрсету және оларды жаңғырту;
- серверлік паркке қызмет көрсету және жаңғырту;
- желінің сенімділігі мен бұзылуға тұрақтылығын арттыру;
- серверлік бағдарламалық қамтылымды және қолданбалы желілік бағдарламаларды қолдау;
- желі пайдаланушыларына ұсынылатын қызметтер тізімін кеңейту;
- желілік инфрақұрылым және қосылу сызбасы туралы ақпаратты жинақтау;
- Желілік қажеттіліктерді талдау және пайдаланушыларды қолдау;
- Желі пайдаланушыларына логиндер мен қолжетімділік құқықтарын тағайындау;
- Университеттің мәдени-бұқаралық, білім беру және әкімшілік іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық техникалық қолдау;
- Келесілерді сатып алу үшін техникалық өзіндік ерекшеліктерді дайындау:
- серверлер;
- компьютерлік техника және құрамдас бөлшектер;
- белсенді желілік жабдықтар;
- желілік инфрақұрылымды бақылау және басқару құралдары;
- перифериялық жабдықтар;
- компьютерлік және кеңсе техникасына арналған шығыс материалдары.

Жетістіктері

- Компьютерлердің жалпы саны – 1362 дана, Интернет желісіне қосылуды және университеттің корпоративтік желісінің жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ететін 7 сервер бар.
- Медициналық университеттің білім алушылары мен қызметкерлері барлық ақпараттық ресурстарға қол жеткізе алады.
- Медициналық университеттің оқу корпустары мен студенттер жатақханасы 2020 жылы 200мб/с жылдамдықпен ТОБЖ құралы бойынша Интернет желісіне қосылды.
- Университеттің дәріс залдары презентациялық, акустикалық және проекциялық құрал-жабдықтармен, дәріс оқитын трибуналармен жабдықталған.

Байланыс

Астана қ.
Бейбітшілік көш., 49а
4-қабат, 409-каб.
тел.: 8 (7172) 577 901
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика