Докторантураға қабылдау процесі
Докторантураға қабылдау процесі
«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» білім беру саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша докторантура бағдарламаларына түсу
I кезең - Алдын ала іріктеу (білім беру саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина):
Медицина, Қоғамдық денсаулық сақтау, Фармация, Мейіргер ғылымы.
Докторантураға түсуші тұлғалар төменде көрсетілген құжаттарды PDF форматында тіркеп, 15 сәуірге дейін келесі сілтеме арқылы өтінім береді:
https://transfer.amu.kz/doctoral.php
Құжаттардың толық пакеті ұсынылған жағдайда, үміткерге өтінімде көрсетілген электрондық поштаға қолхат жолданады.
Құжаттардың толық емес тізбесі ұсынылған кезде үміткердің өтініші қаралмайды.
Үміткерлер Комиссия отырысында аннотацияны қорғау арқылы қатысады (баяндаманың регламенті – 10–15 минут).
Аннотация қорғау үшін презентация түрінде дайындалуы тиіс.
Алдын ала іріктеу қорытындысы бойынша үміткерді оқуға қабылдаудың екінші кезеңіне жіберу немесе жібермеу туралы шешім қабылданады.
Қабылданған шешім туралы ақпарат комиссия отырысынан кейінгі келесі күні Университеттің сайтында жарияланады.
Алдын ала іріктеу нәтижелері бойынша Апелляция жүргізілмейді.
Алдын ала іріктеуге қатысу үшін құжаттар:
· - Ұйым басшысының атына өтініш;
· - Жеке басын куәландыратын құжат;
· -Резидентураны немесе магистратураны аяқтағаны туралы құжат (резидентурада немесе магистратурада оқуды аяқтағандар үшін);
· - Резидентурада немесе магистратурада оқу туралы анықтама (резидентурада немесе магистратурада білім алушылар үшін);
· - Түйіндеме (жеке деректер, жұмыс тәжірибесі, білім, Дағдылар, өткен курстар, семинарлар, жобаларға қатысу, шет тілдерін білу);
· - Жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған еңбек қызметін растайтын құжат (магистратураны аяқтаған үшін кемінде 9 ай жұмыс өтілі);
· - - Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат (бар болса; егер жоқ болса, онда оқуға құжаттарды қабылдаудың екінші кезеңіне ұсыну қажет);
· - Ұлттық тестілеу орталығы берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы ресми сертификат (бар болса; жоқ болса, оқуға құжаттарды қабылдаудың екінші кезеңіне ұсыну қажет);
· Қазақ немесе орыс тілдерінде Мамандық таңдау туралы Эссе (А4 форматындағы 2 беттен аспайтын көлемде) (эссе);
· - Диссертациялық зерттеудің қазақ немесе орыс тілдеріндегі аннотациясы (аннотация);
· -Соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар) (бар болса) (Ғылыми еңбектер тізімі);
· - Ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендиялар; гранттар беру туралы сертификаттар; ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысқаны үшін грамоталар / дипломдар және т.б. (бар болса).
Алдын ала іріктеу тәртібі туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады https://amu.edu.kz/ru/poslevuzovskoe-obrazovanie/doktorantura/doktorantura-dlya-postupayushchikh/oby...
II КЕЗЕҢ-БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН БЕРУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ
Жжокбұ да докторантураға түсушілердің өтініштерін қабылдауды университеттің қабылдау комиссиясы келесі мерзімдерде жүргізеді:
1. Күнтізбелік жылдың 3 шілдесінен 3 тамызына дейін;
2. Күнтізбелік жылдың 25 қазанынан 10 қарашасына дейін;
Докторантураға білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары келесі мерзімдерде өткізіледі:
1. Күнтізбелік жылдың 4 тамызынан 20 тамызына дейін;
2. Күнтізбелік жылдың 19 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін;
Апелляциялық комиссия (қажет болған жағдайда).
III КЕЗЕҢ ДОКТОРАНТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ
ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында көрсетілген тізбеге сәйкес университеттің қабылдау комиссиясына құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну.
Докторантураға қабылдау келесі мерзімдерде жүргізіледі:
1) күнтізбелік жылдың 15 тамызынан 28 тамызына дейін;
2) күнтізбелік жылдың 26 желтоқсанынан 10 қаңтарына дейін.