Резидентураның білім беру бағдарламаларына түсушілерге арналған ХАБАРЛАНДЫРУ

ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ

Мемлекеттік білім беру гранты және жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) гранттары есебінен оқуға қабылдау білім беру гранттарын және ЖАО гранттарын тағайындау жөніндегі конкурс нәтижелері жарияланғаннан кейін жүзеге асырылады және 25 тамызда аяқталады.
Ақылы оқуға қабылдау 28 тамызға дейін жүзеге асырылады.


Қабылдау тәртібі:
1-қадам. Университеттің ақпараттық жүйесінде тіркелу
Университеттің «Платонус» ақпараттық жүйесінде pl.amu.kz сілтемесі арқылы тіркелу қажет.
2-қадам. Құжаттарды ұсыну
Жоғарыда көрсетілген мерзімдерде қажетті құжаттарды Университеттің қабылдау комиссиясына ұсыну.
3-қадам. Шартқа қол қою
Ақпараттық жүйеде білім беру қызметтерін көрсету туралы шартқа қол қою қажет.

МАҢЫЗДЫ!
Шартқа қол қою үшін ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қажет.
Назар аударыңыз: «Платонус» жүйесінде құжаттарға қол қою мүмкіндігі ЭЦҚ белсендірілгеннен кейін 24 сағаттан соң қолжетімді болады.


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика