1) Резидентураға түсуге арналған конкурсқа қатысу туралы Басқарма Төрағасы – ректордың атына өтініш;

2) "Дәрігер" біліктілігі берілген жоғары білім туралы құжаттың түпнұсқасы және Platonus ААЖ енгізу үшін скан-көшірмесі. Шетелде медициналық білім алған адамдар өздерінің білімін тану және (немесе) "дәрігер"біліктілігін беру туралы құжатты ұсынады. Қабылдау кезінде жоғары білім туралы құжаттың түпнұсқасы және (немесе) білімін тану, "дәрігер" біліктілігін беру туралы құжат қабылдау комиссиясына тапсырылады;

3) Барлық оқу кезеңінде GPA көрсетілген транскрипт (1-7 курстар) немесе үміткер оқыған ЖОО деканаты немесе тіркеу офисі берген 1-7 курс GPA көрсетілген анықтаманың түпнұсұасы;

4) Интернатураны бітіргені туралы куәліктің түпнұсқасы және Platonus ААЖ енгізу үшін скан-көшірмесі;

5) Денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификаты немесе сертификаты туралы мәліметтер (шет мемлекет берген құжаттардың көшірмесі);

6) Деканаттан немесе үміткер оқыған ЖОО-ның тіркеу кеңсесінен ҰЕҰО өткізген тәуелсіз емтихан нәтижелері (2013-2018 жж. тағылымдамадан өткен тұлғалар үшін) немесе ҰЕҰО өткізген тәуелсіз емтиханның бірінші және екінші кезеңдерінің нәтижелері (2019 жылдан бастап интернатураны бітірген адамдар үшін) көрсетілген анықтаманың түпнұсқасы;

7) Жеке куәліктің түпнұсқасы және Platonus ААЖ енгізу үшін скан-көшірмесі;

8) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтаманың және флюорографияның түпнұсқасы;

9) Неке қию туралы куәлік (бар болса) түпнұсқасы және Platonus ААЖ енгізу үшін скан-көшірмесі;

10) Еңбек кітапшасының түпнұсқасы және Platonus ААЖ енгізу үшін скан-көшірмесі;

11) Ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингтік ғылыми басылымдарда (бар болса);

12) Ғылыми стипендиялар, гранттар беру туралы сертификаттар (бар болса);

13) Ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер (бар болса);

14) Ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысқаны үшін грамоталар және (немесе)дипломдар (бар болса);

15) Өлшемі 3х4 сантиметр болатын алты фотосурет (кесілген және конвертке бүктелген);

16) картон папка-байланыстырғыш, 3 файл;

17) А4 форматындағы конверт;

18) қолхат.

Қабылдау комиссиясына құжаттарды пункттерде санамаланған құжаттардың көшірмелерімен бірге берген кезде 7),9),10) салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін түсушінің қатысуымен жүргізілетін салыстырып тексеру үшін түпнұсқада ұсынылады, құжаттардың түпнұсқалары қайтарылады.

Құжаттарды қабылдау комиссиясының техникалық хатшысына ұсынғанға дейін үміткерлер Platonus ААЖ тіркеу рәсімінен өтуі тиіс.

ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТОЛЫҚ ЕМЕС ТІЗБЕСІН ҰСЫНҒАН КЕЗДЕ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ ТҮСУШІЛЕРДЕН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАМАЙДЫ.

 

 



© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика