Құжаттар тізімі
ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ
Мемлекеттік білім беру гранты және жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) гранттары есебінен оқуға қабылдау білім беру гранттарын және ЖАО гранттарын тағайындау жөніндегі конкурс нәтижелері жарияланғаннан кейін жүзеге асырылады және 25 тамызда аяқталады.
Ақылы оқуға қабылдау 28 тамызға дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау тәртібі:
1-қадам. Университеттің ақпараттық жүйесінде тіркелу
Университеттің «Платонус» ақпараттық жүйесінде pl.amu.kz сілтемесі арқылы тіркелу қажет.
2-қадам. Құжаттарды ұсыну
Жоғарыда көрсетілген мерзімдерде қажетті құжаттарды Университеттің қабылдау комиссиясына ұсыну.
3-қадам. Шартқа қол қою
Ақпараттық жүйеде білім беру қызметтерін көрсету туралы шартқа қол қою қажет.
МАҢЫЗДЫ!
Шартқа қол қою үшін ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қажет.
Назар аударыңыз: «Платонус» жүйесінде құжаттарға қол қою мүмкіндігі ЭЦҚ белсендірілгеннен кейін 24 сағаттан соң қолжетімді болады.
Оқуға қабылдауға арналған құжаттар тізімі:
1) Басқарма Төрағасы - Ректордың атына оқуға қабылдау туралы өтініш;
2) Білімі туралы құжат (жоғары медициналық білімді аяқтағаны туралы диплом) қосымшасымен бірге (түпнұсқа)
Шетелде медициналық білім алған адамдар өздерінің білімін тану және (немесе) "дәрігер біліктілігін беру туралы құжатты ұсынады.
3) Интернатурадан өткенін растайтын құжат — диплом/куәлік және оның қосымшасы (түпнұсқа).
4) Денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификаты немесе сертификаты туралы мәліметтер (шет мемлекет берген құжаттардың көшірмесі);
5) Жеке куәлік (көшірме, түпнұсқасы салыстыру үшін);
6) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтаманың және флюорографияның түпнұсқасы;
7) Неке қию туралы куәлік (бар болса) (көшірме, түпнұсқасы салыстыру үшін);
8) Еңбек кітапшасының түпнұсқасы (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
9) Ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингтік ғылыми басылымдарда (бар болса);
10) Ғылыми стипендиялар, гранттар беру туралы сертификаттар (бар болса);
11) Ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер (бар болса);
12) Ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысқаны үшін грамоталар және (немесе) дипломдар (бар болса);
13) Өлшемі 3х4 сантиметр болатын алты фотосурет (кесілген және конвертке бүктелген);
14) Білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт;
15) Қағаз түріндегі папкасы
16) А4 форматындағы конверт.
Барлық құжаттардың PDF форматындағы электрондық нұсқасы.