Мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтардың түсу процесі

Мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар үшін ақпарат

I кезең-Қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру

Талапкерлерден құжаттарды қабылдау мерзімі

Құжаттарды қабылдау мерзімі

Әңгімелесу күндері

1

01.07.2023 – 10.07.2023

07.08.2023 - 09.08.2023

2

25.07.2023 – 06.08.2023

Қажетті құжаттар тізімі

1) Университет Ректорының атына белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) білімі туралы құжат (түпнұсқа);

3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

4) 3 x 4 см, өлшемдегі 6 фотосурет;

5) 075/у нысаны бойынша Медициналық анықтама (түпнұсқа + көшірме), флюорографияның суреті, 063-у нысанының көшірмесі (егу картасы, көшірме) ;

6) әскери билеттің көшірмесі;

7) мерзімді әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама (ХҚКО-дан немесе E-GOV ақпараттық жүйесі арқылы алынған).

II кезең-Әңгімелесуден өту

1.        Жалпы орта білімі бар, мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар үшін әңгімелесу осы пәндер бойынша жалпы білім беретін мектептің бағдарламасы шеңберінде Биология және химия сұрақтары енгізіле отырып жүргізіледі.

2.        Мерзімді әскери қызмет өткерген, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар азаматтар үшін әңгімелесу базалық медициналық пәндер бойынша білім деңгейін, интеллект, таңдалған мамандыққа қатысты жауапкершілік дәрежесін анықтау және бағалау бойынша жүргізіледі.

Әңгімелесу мерзімі 07.08.2023-09.08.2023 ж.

Әңгімелесу кестесі (нақты күні, уақыты және өтетін орны) біздің сайтта жарияланады 

III кезең – Университетке қабылдау

Университет студенттерінің қатарына оқуға түсушілерді ақылы негізде қабылдауды университеттің қабылдау комиссиясы күнтізбелік жылдың 10-25 тамызы аралығында қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде оқыту үшін жүргізеді.


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика