Мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтардың түсу процесі

Мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар үшін ақпарат

I кезең-Қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру

Қабылдау емтиханына/әңгімелесуге құжаттарды қабылдау мерзімі: 1 шілдеден 5 тамызға дейін.

Қажетті құжаттар тізімі

1) Университет Ректорының атына белгіленген нысан бойынша өтініш;

1) білімі туралы құжат (түпнұсқа);

2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) 3 x 4 см, өлшемдегі 6 фотосурет;

4) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) электрондық форматтағы 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама

5) әскери билеттің көшірмесі;

6) мерзімді әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама (ХҚКО-дан немесе E-GOV ақпараттық жүйесі арқылы алынған).

II кезең-Әңгімелесуден өту

1.        Жалпы орта білімі бар, мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар үшін әңгімелесу осы пәндер бойынша жалпы білім беретін мектептің бағдарламасы шеңберінде Биология және химия сұрақтары енгізіле отырып жүргізіледі.

2.        Мерзімді әскери қызмет өткерген, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар азаматтар үшін әңгімелесу базалық медициналық пәндер бойынша білім деңгейін, интеллект, таңдалған мамандыққа қатысты жауапкершілік дәрежесін анықтау және бағалау бойынша жүргізіледі.

Күні

Уақыты

Өтетін орны

Әңгімелесу

(келесі күні сағат 13.00-ге дейін апелляция)  

 8, 9 тамыз  

  12 тамыз

   10.00 сағ.-12.00 сағ.   

   14.00 сағ.-16.00 сағ.

   Бейбітшілік көш. 49 А, 5 этаж  

Әңгімелесу кестесі (нақты күні, уақыты, ТАӘ және өтетін орны) біздің сайтта жарияланады

III кезең – Университетке қабылдау

Ақылы негізде Университетке оқуға түсушілерді қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде оқыту үшін студенттер қатарына қабылдауды Университеттің қабылдау комиссиясы ақылы негізінде оқуға түсу конкурстың нәтижелері жарияланған сәттен бастап күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін жүзеге асырады.

 


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика