Мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар үшін ақпарат

«Астана медицина университеті» КеАҚ-ның (бұдан әрі – Университет) жоғары білім беру бағдарламаларына мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарды қабылдау тәртібі Университеттің жоғары білім беру бағдарламаларына оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтармен әңгімелесу өткізу бағдарламасы әңгімелесуді өткізу тәртібін айқындайды.

Жалпы орта білімі бар, мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарды ақылы негізде оқуға қабылдау мерзімді әскери қызметті өткергеннен кейін екі жыл ішінде күнтізбелік жыл ішінде мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтармен әңгімелесу өткізу жөніндегі комиссия жүргізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Бұл ретте мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарды оқуға қабылдау келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар, мерзімді әскери қызмет өткерген Қазақстан Республикасы азаматтары оқу мерзімі қысқартылған жоғары білім беру бағдарламалары бойынша ақылы негізде оқуға мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін екі жыл ішінде қабылданады. Қабылдау күнтізбелік жыл ішінде мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтармен әңгімелесу өткізу жөніндегі комиссия жүргізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарды оқуға қабылдау келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады.

1.1   Әңгімелесуді өткізу нысаны

Әңгімелесу келесі мақсаттарда өткізіледі:

⎯   академиялық және кәсіби дайындық деңгейін анықтау;

⎯   оқуға деген уәждемені айқындау;

⎯   коммуникативтік және тұлғалық қасиеттерді бағалау. Әңгімелесу жеке түрде, офлайн форматта өткізіледі.

Әңгімелесу ұзақтығы: 15–25 минут.

Өткізу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Әңгімелесу барысында талапкер жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсетуі тиіс.

Әңгімелесу өткізу кезінде тәртіп бұзушылық анықталған жағдайда, әңгімелесу өткізу жөніндегі комиссия әңгімелесуді тоқтатуға және оның нәтижелерін жоюға құқылы.

1.2   Әңгімелесу мазмұны

Әңгімелесу келесі бөлімдерді қамтиды:

⎯   кіріспе бөлім (жеке тұлғаны сәйкестендіру, өзін таныстыру);

⎯   тілдік құзыреттілікті бағалау (ауызша сөйлеу, түсіну деңгейі);

⎯   базалық білімді тексеру (толық оқу мерзімі бойынша – биология, химия; қысқартылған оқу мерзімі бойынша – мамандықтар бойынша) (1-қосымша);

⎯   уәждемені бағалау (мамандықты таңдау себептері);

⎯   коммуникативтік дағдыларды бағалау (қарапайым жағдаяттық сұрақтар). 

Әңгімелесу нәтижелері бағалау шкаласына сәйкес бағаланады (2-қосымша).



Құжаттарды қабылдау кестесі және әңгімелесуді өткізу мерзімдері

1-кесте

 Құжаттарды қабылдау мерзімі      Сұхбат өткізу күндері      Апелляцияға өтініштер қабылдау мерзімі  
1 шілде – 3 тамыз 5–14 тамыз
     Нәтижелер жарияланғаннан кейінгі
келесі күні сағат 13:00-ге дейін


*Әңгімелесу өткізу кестесі (нақты күні, уақыты, үміткердің Т.А.Ә.) біздің сайттың

«Оқуға түсушілерге» бөлімінде жарияланады.

Талапкердің қабылдау емтиханын тапсыру үшін аудиторияға жіберілуі жеке басын куәландыратын құжатты көрсету арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте қабылдау емтиханы бейне және (немесе) аудио жазба құралдарымен жабдықталған аудиторияларда (үй-жайларда) өткізіледі.

  Құжаттар тізбесі

Мерзімді әскери қызмет өткерген тұлғалар әңгімелесуге қатысу үшін қабылдау комиссиясына 4-қосымшаға сәйкес өтініш береді және келесі құжаттарды қоса тапсырады:

⎯   білімі туралы құжат (диплом, қосымшасы, түпнұсқасы және көшірмесі);

⎯   жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

⎯   көлемі 3 × 4 сантиметр болатын 6 фотосурет;

⎯   075/у    нысанындағы    медициналық    анықтама    (түпнұсқа    және    көшірме), флюорография суреті, 063/у нысанының көшірмесі (екпе картасы);

⎯   әскери билетінің көшірмесі.

© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика