Жергілікті атқарушы органның білім беру грантын беру конкурсына қатысу процесі

-          Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 58 қаулысымен бекітілген "бакалавр" немесе "магистр" дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларына сәйкес.

-     Жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші Университеттің қабылдау комиссиясына 5-10 тамыз аралығында (жергілікті бюджет есебінен білім беру гранты болған кезде) құжаттарды тапсырады.

-     ЖАО комиссиясы шешімінің негізінде тиісті облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің немесе әкім орынбасарының бұйрығы шығарылады және оқуға түсушілерге ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәлік беріледі.

-     ЖАО білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарда жарияланады.

-     ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәліктің негізінде ЖАО білім беру гранты бойынша оқуға қабылдау туралы бұйрық шығарылады.

-     ЖАО білім беру гранты иегерімен "ЖАО-студент-ЖЖОКБҰ" үш жақты шарт жасалады.

-     Грант иегері ЖАО білім беру грантынан бас тартқан жағдайда ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәлік жойылады, білім беру гранты осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен конкурстық негізде беріледі.

-     ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәлікті азаматтардың конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарымен бірге 25 тамыздан кешіктірмей береді.


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика