Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығыНЫҢ "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларына сәйкес:
-
Жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші Университеттің қабылдау комиссиясына 5-14 тамыз аралығында (жергілікті бюджет есебінен білім беру гранты болған кезде) құжаттарды тапсырады.
-
ЖАО комиссиясы шешімінің негізінде тиісті облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің немесе әкім орынбасарының бұйрығы шығарылады және оқуға түсушілерге ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәлік беріледі.
-
ЖАО білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарда жарияланады.
-
ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәліктің негізінде ЖАО білім беру гранты бойынша оқуға қабылдау туралы бұйрық шығарылады.
-
ЖАО білім беру гранты иегерімен "ЖАО-студент-ЖЖОКБҰ" үш жақты шарт жасалады.
-
Грант иегері ЖАО білім беру грантынан бас тартқан жағдайда ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәлік жойылады, білім беру гранты осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен конкурстық негізде беріледі.
-
ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәлікті азаматтардың конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарымен бірге 25 тамыздан кешіктірмей береді.