Резидентура
Резидентураға ауысу
Қазақстан Республикасының басқа медициналық жоғары оқу орындарынан «Астана медицина университеті» КеАҚ-ға резидент дәрігерлерді ауыстыру ағымдағы жылғы 1-10 тамыз аралығында бос орындар болған жағдайда жүзеге асырылады.
Құжаттар тізбесі
Қазақстан Республикасының басқа медициналық ЖОО-ларынан Астана медицина университетінің резидентурасына ауыстыру үшін келесі құжаттарды ұсыну керек:
1. Резиденттің өзі оқитын ЖОО басшысының атына өтініш (басшының қолы мен мөрі бар);
2. «Астана медицина университеті» КеАҚ басшысының атына ауыстыру туралы өтініш
3. Жеке куәліктің көшірмесі;
4. Жоғары медициналық білім туралы диплом (дәрігердің дипломы);
5. Дипломға қосымшаның көшірмесі (үш тілде);
6. Резидентурада оқудың барлық кезеңіне транскрипт;
7. Интернатураны аяқтағаны туралы куәлік;
8. Маман куәлігінің түпнұсқасы);
9. Үлгерімнің орташа балын растайтын құжат (GPA) – 2,8 кем емес.
Маңызды ақпарат
Ауыстыру тиісті білім беру бағдарламасы бойынша бос орындар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Құжаттар толық көлемде 2026 жылғы 31 шілдеге дейін mua_rezident@amu.kz электрондық мекенжайына қабылданады
Құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған жағдайда, өтініш берушінің өтінішін ауыстыру комиссиясы қарамайды!
Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 8 (7172) 57-78-96 (внут.446).
Мекенжайы: Астана қаласы Абай даңғлы, 47, 717-кабинет.