Негізгі міндеттер:

- Әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қазақстандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту стратегиясын қалыптастыруға қатысу.

- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын арттыру үшін бейінді жоғары оқу орындарының, ҒЗИ, ҚР ҰО жұмыс берушілермен, мемлекеттік органдармен, "Атамекен" ҚР ҰКП, жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен, жоғары білім беруді дамытудың Ұлттық орталығымен, тәуелсіз емтихан ұлттық орталығымен өзара іс-қимылын жүзеге асыру.

- Еуропалық, ұлттық және салалық біліктілік шеңберлеріне, кәсіби стандарттарға және отандық және шетелдік еңбек нарықтарының қажеттіліктеріне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру.

- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындау;

- Салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп Кәсіби стандарттарды әзірлеуге және өзектендіруге қатысу;

- Ұлттық біліктілік шеңберіне, салалық біліктілік шеңберіне және кәсіптік стандарттарға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқыту нәтижелерін қалыптастыру бойынша ұсынымдар әзірлеу;

- Еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзектендіру және үздіксіз білім беру бағдарламаларын дамыту бойынша ұсынымдар дайындау;

- Оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу;

-Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту мәселелері бойынша құжаттардың жобаларын дайындауға және сараптауға қатысу;

- ЖЖОКБҰ оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын іске асыруға қатысу;

- Ғылым және жоғары білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізу;

- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 12 қазандағы № 106 «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу мен одан алып тастау негіздерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30139 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес ЖЖОКБҰ-ның білім беру бағдарламаларына іске асырудың пайдалану параметрлерін (кадрлық, әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету) ескере отырып мониторинг жүргізу, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізіліміне білім беру бағдарламаларын қосу немесе алып тастау жөнінде ұсынымдар әзірлеу.

- Кадрларды даярлау бағыттары бойынша РОӘК таңбасымен оқу басылымдарының тақырыптық жоспарларын қалыптастыру;

- РОӘК таңбасымен беруге ұсынылған оқу басылымдарына сараптама жүргізу, рецензия беру;

- ЖЖОКБҰ оқу процесінде оларды жариялау және пайдалану бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін жаппай онлайн ашық курстарға сараптама жүргізу;

- Ұлттық бірыңғай тестілеудің, талапкерлерді кешенді тестілеудің бейіндік пәндерін айқындау бойынша ұсынымдар қалыптастыру;

- Қазақстан Республикасының ЖЖОКБҰ-да Инклюзивті ортаны қалыптастыру бойынша ұсынымдар дайындау;

- Білім беру процесінің сапасын қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы жүйесін құру бойынша халықаралық тәжірибеге талдау жүргізу және қорыту;

-Оқу-әдістемелік семинарлар, тренингілер, вебинарлар, мастер-кластар, конференциялар өткізу.

- Денсаулық сақтау саласында кадрлар даярлау үшін оқу-әдістемелік әдебиеттермен, электрондық дерекқорлармен және басқа да қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізу.

- Жағдайлардың өзгеруін мен жаһандық сын-қатерлерді ескере отырып, білім беру процесін оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру.

 

© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика