Шетел азаматтары үшін ақпарат
«Астана медицина университеті» КеАҚ магистратурасының білім беру бағдарламаларына түсетін шетел азаматтары үшін ақпарат
I кезең-қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру
Құжаттарды қабылдау мерзімі
№ |
Құжаттарды қабылдау мерзімдері |
Комиссия отырысының күндері |
1 |
03.07.2024 – 15.08.2024 |
5.08.2024-16.08.2024 17.12.2024-28.12.2024 |
2 |
25.11.2024 – 27.12.2024 |
Қажетті құжаттар тізімі
1) білімі туралы құжат (түпнұсқа);
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) 6 фотосурет 3 x 4 см өлшемдегі;
4) 075-У үлгідегі медициналық анықтама (түпнұсқа + көшірме), флюорографияның суреті, 063-У үлгідегі көшірме (егу картасының көшірмесі);
5) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлға үшін);
6) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (олар болған жағдайда);
7) конверт 11х22см А4.;
8) қағаз папкасы
Әңгімелесу мерзімі |
5.08.2024-16.08.2024 17.12.2024-28.12.2024 |
II кезең-әңгімелесуден өту
Әңгімелесу кестесі (нақты күні, уақыты және өтетін орны) біздің сайтта жарияланады https://amu.edu.kz/ru/poslevuzovskoe-obrazovanie/magistratura/magistratura-dlya-postupayushchikh/
III кезең – Университетке қабылдау
Университетінің магистратурасына ақылы негізде қабылдауды университеттің қабылдау комиссиясы жүргізеді:
1) күнтізбелік жылдың 15 тамызынан 25 тамызына дейін;
2) күнтізбелік жылдың 26 желтоқсанынан 6 қаңтарына дейін.