2005 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының емдеу факультетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша үздік бітірді, 2006 жылы интернатураны – «Дәрігер» дайындық бағыты бойынша сәтті аяқтады, 2007 жылы Колумбия университетінде «Ғылыми зерттеулер менеджменті» (АҚШ) бағыты бойынша оқып мамандандырылды, 2009 жылы «Дәрігер иммунолог-аллерголог» дайындық бағыты бойынша мамандандырудан өтті. 2011 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша, 2014 жылы Алматы Экономика және статистика академиясында «Менеджмент» мамандығы бойынша, 2018 жылы Орталық Қазақстан Академиясында «Психология» мамандығы бойынша оқып бітірді. Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі.
Жұмыс тәжірибесі:
2006-2007 жж. - амбулаториялық-емханалық терапия және отбасылық медицина кафедрасының ассистенті, Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы;
2007-2010 жж. - № 2 гигиена кафедрасының докторанты, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті;
2012-2013 жж. - ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының доценті, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті;
2013-2019 жж. - Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің клиникалық иммунология, аллергология және микробиология кафедрасының меңгерушісі;
2018-2022 жж. - «DiVera» Облыстық аллергологиялық орталығының "OLYMP MEDICAL GROUP"ЖШС бас дәрігері;
2018-2022 жж. - Қарағанды облысының бас штаттан тыс аллергологы;
2019-2022 жж. - «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ медицина мектебінің деканы.
Қоғамдық ұйымдарға мүшелік:
2007 ж. - Қазақстан дәрігерлер және провизорлар қауымдастығының мүшесі;
2015 ж. - Еуропалық аллергологтар мен клиникалық иммунологтар қауымдастығының мүшесі;
2015 ж. - Ресей аллергологтар және клиникалық иммунологтар қауымдастығының мүшесі;
2016 ж. - Қазақстан Республикасының аллергологтар және клиникалық иммунологтар қауымдастығының мүшесі.
Аллергология, иммунология, ішкі аурулар және денсаулық сақтауды ұйымдастыру мәселелеріне арналған 210-нан астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 4 монография, 7 патентке дейінгі, зияткерлік меншік туралы 7 куәлік, 1 оқу-әдістемелік құрал, 4 оқу құралы. Хирш индексі Scopus-4, Web of Science-3.
Мемлекеттік наградалардың, құрметті атақтардың иегері: ҚР Тұңғыш Президенті Қорының лауреаты (2008 ж.), «ЖОО-ның үздік оқытушысы» республикалық байқауының жеңімпазы (2009 ж.), Қарағанды облысы әкімінің «Жылдың жас ғалымы» сыйлығының лауреаты (2011 ж.), жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия иегері (2013 ж.), ғылымның еңбек сіңірген қайраткері және Ресей Жаратылыстану Академиясының білімі (2015 ж.), ҚР ДСМ «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі (2021 ж.).