Әкімшілігі

Тұрмұхамбетова Анар Ақылбекқызы
Басқарма Төрағасы - Ректор
Тұрмұхамбетова Анар Ақылбекқызы
Басқарма Төрағасы - Ректор
Тұрмұхамбетова Анар Ақылбекқызы 1992 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген, медицина ғылымдарының докторы.
1994 ж. ҚММИ госпитальдық терапия кафедрасында клиникалық ординатураны аяқтағаннан кейін ішкі аурулар кафедрасының ассистенті ретінде ғылыми-педагогикалық қызметін жалғастырды.
1999 ж. «Сәулелік диагностика, сәулелік терапия» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.
2000 жылдан бастап Қарағанды қ. «№2 емхана» НЛУ ультрадыбыстық және функционалдық диагностика дәрігері болып жұмыс істеді.
2002 жылдан бастап ҚазММА қосымша медициналық білім беру факультетінің сәулелік диагностика кафедрасының меңгерушісі; Астана қ.; Травматология және ортопедия ҒЗИ сәулелік диагностика бөлімінің аға ғылыми қызметкері, Астана қ.
2007 ж. бастап Астана қаласының Республикалық диагностикалық орталығының сәулелік диагностика және ядролық медицина бөлімін басқарды.
2010 жылдан 2012 жылға дейін Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми хатшысы болып жұмыс істеді.
2012 ж. қыркүйектен бастап - ҚМУ ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры.
2016 - 2019 жж. дейін ҚММУ стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры болды.
2019 ж. бастап «ҰАК» КеАҚ стратегиялық даму және ғылым жөніндегі проректоры болып жұмыс істеді.
2022 жылдан бастап «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы-ректоры қызметін атқарды.
Колумбия университетінде (АҚШ) 2007 жылы ғылыми зерттеулер менеджменті бойынша оқыды. осы уақыттан бастап денсаулық сақтау саласына ғылыми зерттеулердің халықаралық стандарттарын белсенді енгізуде.
Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығында, "Астана" медициналық университетінде клиникалық эпидемиология және биостатистика бойынша дәрістер оқиды. Ғылыми-техникалық бағдарламалардың, жобалардың ғылыми сараптамасына қатысады. Ол еуропалық рентгенология мектебінде оқыды (Грац қ., Австрия).
2010 ж. «Сәулелік диагностика, сәулелік терапия» мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғады.
А. Тұрмұхамбетова көптеген жылдар бойы остеопороз, клиникалық тәжірибеде сәулелік диагностиканы қолданудың қолданбалы аспектілері саласында зерттеулер жүргізіп келеді.
2 монографияның, 1 оқу құралының, 4 патенттің және 206 ғылыми жарияланымның авторы, олардың 41-і Scopus және Web of Science деректер базасына енгізілген. Еуропалық радиологтар қоғамының және Қазақстан рентгенрадиологтар қауымдастығының мүшесі.
Қазақстан Республикасының медицина және медицина ғылымын дамыту саласындағы еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі», «Қазақстан Республикасының ғылымына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Шульгау Зарина Тоқтамысқызы
Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры
Шульгау Зарина Тоқтамысқызы
Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры
2006 жылы Сібір мемлекеттік медицина университетін (Томск қ.) «дәрігер-биохимик» мамандығы бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты, профессор. Хирш индексі – 11. 100-ден астам ғылыми мақаланың, оның ішінде Scopus/Web of Science деректер базасына енген рейтингтік халықаралық журналдардағы 50 жарияланымның, 15 патенттің иегері және 2 монографияның авторы.
2006–2009 жылдары Сібір мемлекеттік медицина университетінің күндізгі аспирантурасында оқыды, кандидаттық диссертациясын "фармакология, клиникалық фармакология" мамандығы бойынша мерзімінен бұрын қорғауына байланысты аспирантурадан шығарылды.
2009 жылдан бастап аға ғылыми қызметкер, 2010–2013 жылдары – «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің (Қарағанды қ.) эксперименттік және клиникалық фармакология зертханасының меңгерушісі қызметін атқарды.
2013–2015 жылдары Назарбаев Университетінің Өмір туралы ғылымдар орталығында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді (Астана қ.).
2015–2023 жылдары Ұлттық биотехнология орталығында (Астана қ.) токсикология және фармакология зертханасының меңгерушісі қызметін атқарды.
2018 жылдан бері «Victus Pharm» ЖШС-да жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Оның жетекшілігімен коммерцияландыру және ғылыми зерттеулер бойынша гранттық жобалар іске асырылуда.
2023–2024 жылдары Назарбаев Университетінің National Laboratory Astana құрылымында аға ғылыми қызметкер болды.
2024 жылдан бастап Инновациялық және профилактикалық медицина институтының геронтология, гериатрия және қартаюға қарсы медицина бөлімінің маманы.
Профессор Шульгау – эксперименттік және клиникалық фармакология, фармакотоксикология, қартаюға қарсы медицина және биофармацевтика салаларының маманы. 20 жылдық ғылыми-зерттеу тәжірибесі бар, оның ішінде зертханаларды басқару, халықаралық ғылыми ынтымақтастықтарға қатысу, пәнаралық жобаларды жүзеге асыру және биомедицина саласында инновациялық шешімдер әзірлеу жұмыстары кіреді.
Оның жетекшілігімен геронтология, өкпе фиброзы, жасушалық қартаю, өсімдік тектес экзосомаға ұқсас нанобөлшектерді әзірлеу сияқты өзекті бағыттар бойынша ғылыми гранттар жүзеге асырылуда.
Қарағанды облысы әкімінің «Медицина және биотехнология» саласындағы жас ғалымдарға арналған сыйлығының лауреаты, талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның екі мәрте иегері, К. И. Сәтбаев атындағы сыйлықтың лауреаты.

Шакенов Абылай Дүйсенұлы
Клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры
Шакенов Абылай Дүйсенұлы
Клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры
1994 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институтын бітірген. Медицина ғылымдарының докторы.
1996 жылдан бастап Целиноград мемлекеттік медицина институтының госпитальдық хирургия кафедрасында оқытушы-стажер ретінде ғылыми-педагогикалық қызметін бастаған.
2000 жылы «Хирургия» мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
2001–2004 жылдары — Ақмола мемлекеттік медицина академиясының №1 хирургиялық аурулар кафедрасының доценті.
2004 жылы — Ақмола мемлекеттік медицина академиясының дәрігерлердің біліктілігін арттыру факультетінің хирургия кафедрасының доценті.
2005–2009 жылдары — ҚазММА-ның факультеттік хирургия және урология курсы кафедрасының доценті.
2006 жылы «Хирургия» мамандығы бойынша медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
2009–2010 жылдары — АМУ-дың хирургиялық аурулар №3 кафедрасының профессоры.
2010–2020 жылдары — АМУ-дың хирургиялық аурулар №1 кафедрасының меңгерушісі.
2011–2015 жылдары — Астана қаласындағы «№2 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК-нің жалпы хирургия бөлімінің меңгерушісі (мезгіл-мезгіл хирургиялық қызмет бойынша бас дәрігердің орынбасары міндетін атқарған).
2019–2020 жылдары — «Астана медицина университеті» КеАҚ Сенатының алғашқы төрағасы.
2020–2021 жылдары — COVID-19 инфекциясынан кейін оңалту курсынан өтті.
2021–2023 жылдары — Түркияда тағылымдамадан өтіп, Түркия Республикасында медициналық қызмет көрсетуге мемлекеттік лицензия иеленді.
2024 жылдан бастап — «Астана медицина университеті» КеАҚ профессор Цой Г.В. атындағы хирургия кафедрасының профессоры.
Германия мен Израильде хирургиядағы инновациялық әдістер және студенттердің білімін бағалау әдістемелері бойынша тағылымдамалардан өтті.
Марапаттары:
– «Денсаулық сақтау үздігі» (2007 ж.)
– «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» (2018 ж.)
– «Астана медицина университеті» КеАҚ-ның «Құрметті ұстаз» атағы (2019 ж.)
Бір монографияның, бір оқу құралының, үш патенттің және 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.

Досанова Әсем Кәлелқызы
Академиялық жұмыс жөніндегі проректор
Досанова Әсем Кәлелқызы
Академиялық жұмыс жөніндегі проректор
PhD, қауымдастырылған профессор, жоғары санатты дәрігер-педиатр, балалар хирургі
2006 жылы Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік медицина академиясын «дәрігер-педиатр» мамандығы бойынша бітірген. 2007–2010 жылдары интернатура және резидентурада «балалар хирургиясы» мамандығы бойынша оқыды.
Мамандығы бойынша еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласындағы «№2 қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-да бастады. 2012–2013 жылдары Астана қаласындағы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-да жаңа туған нәрестелер хирургиясы секторында жұмыс істеді.
2013–2016 жылдары 6D110100 – «Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша докторантурада оқыды. 2016 жылы диссертациясын сәтті қорғап, PhD дәрежесін алды.
2016-2023 жылдар аралығында балалар хирургиясы кафедрасында ассистент, кейіннен доцент қызметтерін атқарды. Клиникалық, ғылыми және педагогикалық қызметке белсенді қатысты, кафедраның оқу-әдістемелік жұмысын басқарды.
Оның басшылығымен кафедраға заманауи білім беру технологиялары енгізілді: белсенді оқыту әдістері, e-learning және қашықтан оқыту жүйелері. Студенттік ғылыми үйірменің ғылыми жетекшісі болды, оның шәкірттері студенттік олимпиадалар мен халықаралық конференциялардың жүлдегерлері атанып жүрді.
2018–2022 жылдары қаңқалық дисплазияларға арналған бастамалық ғылыми жобаны іске асыруға қатысты. Оның жетекшілігімен бір PhD-диссертация орындалды.
2023–2025 жылдары Академиялық қызметті жоспарлау және дамыту орталығын басқарды. Оқу процесін ұйымдастыруға, академиялық блоктың бизнес-процестерін автоматтандыруға, аналитикалық шешімдерді енгізуге және білім беру бағдарламаларын жетілдіруге жауап берді.
2025 жылдан бастап — «Астана медицина университеті» КеАҚ академиялық жұмыс жөніндегі проректоры.
25 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 7 халықаралық рецензияланатын басылымдардағы (Scopus, Web of Science) мақаланың авторы. 5 патент пен бір оқу құралының иесі. Хирш индексі — 3.
Марапаттары мен жетістіктері:
2007 — Республикалық үздік студенттік ғылыми жұмыс байқауының жеңімпазы
2008 — Қазақстан Республикасының медициналық ЖОО үздік түлегі деп танылды
2022 — «Халық алғысы» мемлекеттік наградасы
2023 — «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» ведомстволық медалі