Академиялық ұтқырлық
Академиялық ұтқырлық – білім беруді интернационалдандырудың негізгі құралдарының бірі.
Ол студенттерге, интерндерге, резиденттерге, магистранттар мен докторанттарға Қазақстан және шетел жоғары оқу орындарында оқу, тағылымдамадан өту немесе ғылыми-зерттеу тәжірибесін жүзеге асыру мүмкіндігін береді.
Қатысуға құқылы тұлғалар
-
Университеттің студенттері, интерндері, резиденттері, магистранттары және докторанттары
-
Оқытушылар мен зерттеушілер (алмасу немесе тағылымдама бағдарламалары аясында)
Академиялық ұтқырлық түрлері
-
Сыртқы ұтқырлық – шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында оқу немесе тағылымдамадан өту
-
Ішкі ұтқырлық – Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу
Негізгі талаптар
-
Академиялық қарыздары мен тәртіптік жазаларының болмауы
-
Орташа үлгерім балы (GPA) кемінде 3.2 (ішкі ұтқырлық үшін – 2.67 кем емес)
-
Шетел тілін меңгеру деңгейі кемінде B2 (IELTS, TOEFL сертификаттарымен немесе ішкі тест нәтижелерімен расталады)
-
Мотивациялық және ұсыным хаттардың болуы
Қаржыландыру көздері
-
Академиялық ұтқырлық бағдарламалары келесі көздерден қаржыландырылуы мүмкін:
-
республикалық бюджет есебінен
-
университеттің меншікті қаражатынан
-
халықаралық бағдарламалар аясында (Erasmus+, Orhun және т.б.)
-
білім алушының жеке қаражаты есебінен
Қатысу тәртібі
1. Қолданыстағы бағдарламалар мен серіктес жоғары оқу орындарының тізімімен танысыңыз
2. Халықаралық ынтымақтастық орталығына өтінім мен қажетті құжаттарды тапсырыңыз
3. Конкурстық іріктеуден өтіңіз
4. Мақұлданғаннан кейін оқу туралы келісімге (Learning Agreement) қол қойыңыз
5. Бағдарлама аяқталған соң есеп пен транскриптті тапсырып, пәндерді қайта есептеу рәсімінен өтіңіз
Байланыс ақпараты
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі
«Астана медицина университеті» КЕАҚ
Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 49а, 414-кабинет