ӘҰБ
«Денсаулық сақтау» - даярлау бағыты бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бөлімі
Бөлім туралы
Оқу-әдістемелік бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Астана медицина университеті» КеАҚ (бұдан әрі – «АсМУ» КеАҚ) Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 9 тамыздағы № 8 бетпе-бет отырысының хаттамалық шешімі негізінде құрылған "Астана медицина университеті" КеАҚ құрылымдық бөлімшесі.
Бөлімнің негізгі мақсаты - Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 8 тамыздағы № 400 «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кадрларды даярлау бағыты бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және оқу-әдістемелік бірлестіктер құру туралы» бұйрығымен «АсМУ» КеАҚ-қа берілген Денсаулық сақтау бағыты бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің (РОӘК - ОӘБ) Әдістемелік-ұйымдастыру бөлімін ұйымдастырушылық және әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету.
РОӘК ОӘБ қызметі шеңберінде денсаулық сақтаудың білім беру, ғылыми-зерттеу мекемелерінің өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету.