Блогтар

Байгожина Зауре Алпановна
Декан - Мейірбике ісі факультеті

Байғожина Зәуре Алпанқызы, медицина ғылымдарының кандидаты, 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап «Астана медицина университеті» КеАҚ мейіргер ісі мектебінің деканы.

1993 жылы Ақмола мемлекеттік медицина институтын (Ақмола қ.) «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бітірді.

Жалпы еңбек өтілі 25 жылдан астам, әр жылдары практикалық денсаулық сақтау саласында дәрігер, медициналық білім беру ұйымдарында оқытушы болып жұмыс істеген, соңғы жұмыс орны «Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК » Медициналық білім, ғылым және денсаулық сақтаудағы кадр саясаты департаментінің директоры.

2010 жылы кандидаттық диссертациясын қорғап, медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды (14.00.33 – «Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау», 2010). Республикадағы Мейіргер ісін реформалауда үлкен тәжірибесі бар.

2010 жылдан бастап Канаданың Canadian Society for International Health (CSIH), McMaster консалтингтік компаниялардың, Финляндияның LAMK, JAMK қолданбалы ғылым университеттерінің, Лондондың University College London (UCL) шетелдік сарапшыларымен бірге ДБ жобасын жүзеге асыру бойынша сарапшы ретінде, Қазақстан Республикасында медициналық білім беру жүйесін жаңғырту, мейіргер ісін дамыту мәселелері бойынша жұмыс істеді.

«Мейіргер мамандарының кәсіби ортасын дамыту және мейіргерлерді қайта даярлау жүйесін жетілдіру» ДБ Ұлттық жобасының жетекшісі болды (2019-2021).

«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша Кәсіби стандартты әзірлеуге (жаңартуға) жұмыс тобының құрамында қатысты.

Ұлттық комиссия құрамында (төрағаның орынбасары), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Мейіргер мамандарын даярлау жүйесін дамыту жөніндегі комиссия құру туралы» (2016 ж. 9 наурыздағы № 188 бұйрығы) бұйрығына сәйкес жоғары колледждер болып қайта құру мақсатында медициналық колледждерді бағалауды жүргізді. Бағалау қорытындысы бойынша 37 медициналық колледж Жоғары колледж болып қайта құрылды.

2015 жылдан - Қазақстан Республикасы Аккредиттеу және рейтинг жөніндегі тәуелсіз агенттігінің аккредиттеу жөніндегі тәуелсіз сарапшысы, сарапшылық кеңесінің мүшесі.

2018 жылдан - Білім және денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу және сапаны қамтамасыз ету Еуразиялық орталығының (ЕКА) Аккредиттеу кеңесінің мүшесі, ЕКА мейірбике ісі бойынша білім беру сараптау комиссиясының төрағасы.http://www.ecaqa.org/doxs/bajgozhina-za-predsedatel-ek-po-sestrin-obrazovaniyu-vneshtatnyj.pdf.

«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» Алғыс хаты (2017), ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің төсбелгісінің иегері, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тогжановтан Алғыс хат алды (2021)

Денсаулық сақтау және медициналық білім беру саласындағы 85-тен астам ғылыми мақалалардың, республикалық және халықаралық маңызы бар тезистердің, 10-нан астам әдістемелік нұсқаулар мен 5 әдістемелік нұсқаудың авторы.

1)    Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы.

2)    Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығы.

3)    Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № ҚР ДСМ-63 бұйрығы.

4)    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № 400 бұйрығымен бекітілген 2022-2023 жылдарға арналған «Мейіргер ісіндегі білім, ғылым және тәжірибенің үштұтастығы» жол картасы.

5)    Қазақстандағы «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы бойынша қолданбалы және академиялық бакалавриат студенттерінің клиникалық тәжірибесіне арналған әдістемелік нұсқау.

6)    Университеттің білім беру бағдарламарының сапасын қамтамасыз ету комитеті туралы ереже.

© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика