«Veritas» студенттік хирургиялық клубы

«Veritas» студенттік хирургиялық клубы

Басшылық
Волчкова Ирина Сергеевна
Төраға

Кадрлық құрам

1.jpg


Астана Медициналық Университетінің «Veritas» студенттік хирургиялық клубы - хирургияға қызығушылық танытқан және осы медициналық саланы терең зерттеуді мақсат тұтатын студенттердің қауымдастығы. Клуб студенттерге кәсіби дағдыларын дамытуға, тәжірибе жинақтауға және хирургияға қатысты практикалық және ғылыми іс-шараларға қатысуға мүмкіндік береді.

 

«Veritas» клубының мақсаты:

 студенттердің хирургия саласына кәсіби қызығушылығын, практикалық және ғылыми дағдыларын дамытуға, сондай-ақ болашақ хирургиялық тәжірибеге дайындықты қамтамасыз ету.

 

«Veritas» клубының міндеттері:

           1.       Практикалық сабақтар мен симуляциялық тренингтер арқылы студенттердің негізгі хирургиялық дағдыларын қалыптастыру.

          2.       Хирургиядағы соңғы жетістіктермен таныстыру мақсатында жетекші хирургтармен кездесулер мен дәрістер ұйымдастыру.

          3.       Хирургияға байланысты ғылыми жобаларға қатысу арқылы студенттердің зерттеу құзыреттерін дамытуға ықпал ету.

          4.       Хирургиялық манипуляцияларды орындау техникасы бойынша тұрақты мастер-класстар мен воркшоптар өткізу.

          5.       Конференциялар мен конкурстарға қатысу үшін ғылыми мақалалар, жобалар және презентациялар дайындауда студенттерге көмек көрсету.

          6.       Хирургия саласындағы ғылыми әдебиеттерді сыни талдау дағдыларын дамыту.

          7.       Халықаралық және жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми іс-шараларға, соның ішінде конференциялар мен олимпиадаларға студенттердің қатысуына ықпал ету.

          8.       Клуб қатысушылары арасында тәжірибе мен білім алмасуға ықпал ететін іс-шара

 


Фотогалерея
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика