Альма-Матер ұйымы – әр түрлі бағытты қамтыған студенттердің дамушы ортасы. Альма Матер ұйымында қазірде 5 департамент және 1 бөлім бар. Олар: қоғамдық істер, хирургиялық клуб, ғылым және медицина, медия, өнер департаменттері және стартап жобалар бөлімі.
Альма матер ұйымы – студенттердің жан жақты дамуы үшін барлық бағыттар мен барлық жағдайлар жасалған орта. Альма Матер ұйымы 2024 жылы қаңтар айының 24-і күні ресми түрде құрылған. Қазірде ұйымда 140 қа жуық қатысушы бар. Әр бағыт басшылары жалпы ұйым бойынша құрылған жоспармен қызмет атқарады. Біз атқаратын негізгі және ауқымды іс шаралар: Куиз ойындары, студенттік подкасттар түсірілімі, ауқымды тақырыптағы конференциялар, хирургиялық жарыстар және т.б. Жәнеде біздің ұйым волонтерлық қызметпен тұрақты жәнеде ауқымды түрде айналысады. Ұйым стартап жобаларды жәнеде тезис, мақала, ғылыми жоба жазуды үйрете отырып студенттердің нағыз дамушы ортасын құрайды. Біз сонымен қаттар университет ұйымдастыратын үлкен іс шараларда волонтерлық және ұйымдастырушылық қызметтер атқарамыз.
Мақсаты:
- «АМУ» КеАҚ-ның практикалық және қоғамдық әлеуетін арттыру;
- Университетте интеллектуалды ортаны қалыптастыру;
- Студенттерді практикалық және қоғамдық жұмыстарға мотивацияны күшейту;
- Студенттердің оқу үрдісінен тыс практикалық жұмыстар қажеттіліктері мен жағдайын қалыптастыру және интеллектуалдық ізденістердін ынталандыру;
- Практикалық және қоғамдық жұмыстарда ең перспективалы студенттерді анықтау және ғылыми-практикалық әлеуетін іске асыруға құрметпен қарау;
Міндеттері:
- Студенттерді жалпы қоғамдық жұмыстар және практикалық іс-әрекеттері үшін бірлестіру;
- Студенттер мен Университеттің ғылыми-педагогикалық қызметкерлерімен ғылыми-практикалық жұмыстарын арттыру мақсатында өзара әрекеттесу үшін жағдай жасау;
- Әртүрлі факультеттердің студенттеріне ғылыми-зерттеу ынтымақтастығы үшін жағдай жасау;
- Студенттердің қоғамдық жұмыстары мен практикалық іс-әрекеті үшін ақпараттық-технологиямен қамтамасыз ету;
- Университет студенттері мен басқа ЖОО-ғы студенттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту;
- Ғылыми-зерттеу шаралары, олимпиадалар, конференциялар, мастер-клас, тренинг, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу;
Инстаграм: almamater.mua