OS FORTIS– Астана Медицина Университетінің травматология-ортопедия клубы
Мақсаты:
Студенттерге арналған травматология мен ортопедия пәнін тереңірек меңгеруге, практикалық дағдыларын дамытуға және заманауи емдеу әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін білім беру алаңын құру.
Клубтың міндеттері:
Теория:
• Остеосинтез негіздерін және сынықтарды емдеу принциптерін оқыту.
• Клиникалық жағдайларды талдау және жарақат алған науқастарды жүргізу тактикасын қарастыру.
• Маман дәрігерлердің қатысуымен дәрістер мен семинарлар өткізу.
Практика:
• Сынықтарды фиксациялау әдістерін модельдер де және тренажерларда үйрену.
• Хирургиялық әдістер бойынша шеберлік сыныптарын ұйымдастыру.
• Жарақаттарды диагностикалау және емдеу жоспарын құру дағдыларын дамыту.
Ғылыми:
• Травматология және ортопедия саласында ғылыми зерттеулер жүргізу.
• Конференцияларға ғылыми мақалалар мен баяндамалар дайындау.
• Заманауи әдебиеттер мен клиникалық ұсыныстарды талдау.
Әлеуметтік және кәсіби:
• Студенттерге травматология және ортопедияны меңгеруге көмектесу.
• Салаға қатысты курстар мен тағылымдамаларға қатысуға жәрдемдесу.
• Болашақ хирургтардың кәсіби қауымдастығын қалыптастыру.
Байланыс көзі:
Капитан(Аида): 8-778-386-84-89
Instagram: os.fortis