Cardiology Club

Cardiology Club

Басшылық
Аскарова Адель Талгатқызы
Капитан

1.png

Негізгі қызмет:

Кардиологиялық клуб заманауи кардиологияға және онымен байланысты бағыттарға қызығушылық танытатын студенттерді біріктіреді. Үйірменің жұмысы болашақ дәрігерлердің теориялық білімдерін тереңдетуге және практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған.

Үйірме қызметі аясында:

  • тақырыптық отырыстар және клиникалық жағдайларды талдау;

  • тәжірибеші кардиологтың дәрістері мен мастер-класстары;

  • ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу;

  • баяндамалар, мақалалар дайындау және студенттік конференцияларға қатысу;

  • ЭКГ интерпретациясы, жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарды басқару бойынша тренингтер;

  •  №2 МГБ базасында кардиология бөлімімен танысу

 

Үйірменің мақсаты:

Кардиология саласындағы студенттердің кәсіби өсуіне ықпал ететін білім беру және ғылыми ортаны құру. Үйірме клиникалық ойлауды, зерттеу дағдыларын қалыптастыруға және жүрек-қан тамырлары медицинасына қызығушылықты арттыруға, уәжді болашақ мамандарды даярлауға бағытталған.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика