Гистология және цитология кафедрасы

Гистология және цитология кафедрасы

Басшылық
Кикимбаева Айсулу Айтыкеновна
кафедра меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор.

1981 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ университетінің биологиялық факультетің бітірді. КеАҚ «Астана медициналық университет» оқу орнында 1985 жылдан бастап гистология, цитология және эмбриология кафедрасының   ассистенті, аға оқытушысы, доценті, профессоры, кафедра меңгерушісі болып жұмыс істейді. 1997 жылы «Структурные основы функциональных нарушений поджелудочной железы в постреанимационном периоде» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертацияны, в 2008 жылы – «Морфофункциональные изменения поджелудочной железы, печени и нейросекреторных клеток гипоталамуса при различных формах диабета и возможные пути их предупреждения» тақырыбы бойынша докторлық диссертацияны қорғады. Кәзіргі уақытта «Астана медициналық университеті» КеАҚ Ғылыми кенесінің мүшесі. 141 жариялымдардың авторы, соның ішінде Томсон және Рейтер (Web of Sciens), Scopus импактфакторы бар 27 жұмыс (алыс және бергі шетел журналдарында басылымға шықты, өнер табыс патенті және инновациялық патенті, интеллектуалды меңшігі туралы куәлігі, 2 монография, 26 оқу құралы (жеке гистология бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқу құралдардың сериясы, «Ішкі ағзалардың гистологиясы», оқу құралы, «Гистологияның негіздері. Тіндер» оқу практикалық құралы), 6 инновациялық білімберу технологиялары бар. «Қазақстан Республикасы Денсаулықсақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, КеАҚ «Астана медициналық университеті» 50 және 60 жылдығана арналған медалімен, «Үздік дәріскер» лауреат дипломымен, «Астана медициналық университеті» ректорынан оқу құралдарды дайындаған үшін «Алғыс хат» пен марапатталды.

 

Кадрлық құрам

Құрылу тарихы

1964 жылы Целиноград мемлекеттік институтында гистология, цитология және эмбриология кафедрасы құрылды. Кафедраның бірінші меңгерушісі биология ғылымдарының кандидаты, доцент Ф.С. Балакин (1964-1974) болды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Қызыл Жұлдыз орденімен және медальдармен марапатталды.

1974 – 1997 жж.  гистология, цитология және эмбриология кафедрасын м.ғ.д., профессор А.Н. Бажанов басқарды. Отандық гистологияның дамуына зор үлес қосқан Республикалық және Одақтық маңыздағы (ТМД) ғалым.

1997-2009 жж  аралығында басқа кафедраның құрамында гистология курсын  м.ғ.к., доцент, профессор Б.Б Барышев меңгерді. 100 таман ғылым жұмыстардың авторы.

    2009 ж бері гистология және цитология кафедрасың Кикимбаева А.А. меңгеріп келеді. 2009 жылынан жеке құрылымдық бөлімше ретінде құрылған гистология кафедрасының дамуына белсенді қатысты. 2010 ж. «Астана медициналық Университеті» АҚ Ғылыми Кеңесінің шешімімен гистология кафедрасы жұмыстың негізгі түрлерінің нәтижелері  бойынша 2009-2010 оқу жылдың  үздік кафедралардың бірі болып танылды. Кикимбаева А.А.  эксперименталды эндокринология бойынша  халықаралық конгресстерінде  ұсынылған  және еуропалық пен америка журналдарында жарияланған ғылыми жұмыстардың авторы.  

Мақсаты

1.     Оқу жоспарларына және бағдарламаларға сәйкес оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысының және студенттердің оқытуында ағымды, аралық және қорытынды бақылаудың жоспарлануы, ұйымдастырылуы және жүзеге асырылуы.
2.     Біліктілікті жоғарылату,  факультет курстарында жоғары мамандандырылған ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау.
3.     Практикалық денсаулық сақтаудың іргелі және басым бағыты бойынша ғылыми зерттеулердің жоспарлануы және өткізілуі, ғылыми зерттеу жұмыстары және инновациялық технологиялардан алынған нәтижелердің енгізілуі. 

Функциялары

1.     Кафедра бағыты бойынша жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің МЖБС  оқытудың бағдарламаларының жүзеге асыру;
2.     Оқытудың формалары бойынша оқу сабақтарының барлық түрлерінің өткізілуі;
3.     Педагогикалық жүктемеге сәйкес кафедра қызметкерлерінің үлгерімді электрондық журналға енгізу;
4.     Қызметкерлердің жоспарланған оқу-әдістемелік, ғылыми жұмысы және студенттермен тәрбие жұмысы, сондай-ақ ағымды сұрақтарды талқылауы бойынша кафедра отырыстарының өткізілуі;
5.     Кафедра пәндері бойынша жұмыс бағдарламаларының құрастырылуы;
6.     Кафедра бағыты бойынша оқу процесінің ұйымдастырылуы, әдістемелерімен қамтамасыз етілуінің жүзеге асырылуы, оқу және өндірістік практиканың өткізілуі;
7.     Кафедра жұмысының жоспарлары және кафедра оқытушыларының жеке жұмыс жоспарларының құрастырылуы;
8.     Сабақтар өткізу барысында оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдардарды қолдануы;
9.     Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстың өткізілуі және инновациялық технологиялардың апробациясы;
10. Оқулықтардың, оқу құралдардың және басқа ғылыми/оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттің басылуы;
11. Ғылым-зерттеу жұмысна білім алушыларды тарту (СҒҚ, орындалып жүрген ғылыми-зерттеу жобалар); білім алушылардың ғылыми жұмыстарын жариялануын қамтамасыз ету, соның ішінде  рецензияланатын халықаралық журналдарда; білім алушылардың қатысуымен қорғалатын құжатнаманың алынуы; олимпиадаларда, ғылыми-практикалық конференцияларға білім алушылардың қатысуын қамтамасыз ету;
12. Кафедра оқытушыларының жеке жұмыс жоспарлары және басқа жұмыс түрлерінің орындалуын бақылау;
13. Деканаттар және университет басшылығы ұйымдастыратын қоғамдық және мәдени-көпшілік шараларға қатысу;

Қызметі

Кафедраның ғылыми жұмысының негізгі бағыты «Исследование механизмов развития и предотвращения сахарного диабета, вызываемого 4,8-дигидроксихинолин-2-карбоновой кислотой» болып табылады. Берілген ғылыми зерттеудің тақырыбы келесі бағыттарға сәйкес келеді: медицина саласындағы зерттеулер; жаратылыстану ғылымдарының саласындағы маңызды зерттеулер. Жұмысы  бойы әртүрлі ғылыми тақырыптар бойынша кафедра қызметкерлері 410 ғылыми жұмыстарды жариялады: оның ішінде жоғары импакт факторы бар алыс  шетел журналдарында 30-ға жуық ғылыми мақалалар, 3 монографиялар, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде 26 оқу құралдары, өнертабыстың 3 предпатенті, 1 инновациялық патент, интеллектуалды меншіктің 4 куәлігі. Кафедраның оқу жұмысына 6 жаңа білім беру технологиясы енгізілді: «Морфологиялық кешен», «Оқу телевидениесі», «IТ технологиясын қолдану арқылы қорытынды бақылауда студенттердің практикалық дағдыларын бағалау», «Оптимизация практических занятий с элементами лекционного материала и СРС в малых группах», «CBL (Case-based  Learning),   RBL (Research -based  Learning).

Жетістіктер

Кафедрада 1 биология ғылымдарының докторы, профессор, PhD, профессор, 2 ғылым кандидаты, доцент, профессор. 7 медицина және биология магистрлері жұмыс жасайды. 2011-2013 жж. 2 медицина магистрлері дайындалды. Кафедра  қызметкерлері құрастырып дайындаған 26 оқу құралдары, соның ішінде жеке гистология бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқу құралдардың жинағы, «Ішкі ағзалардың гистологиясы» оқу құралы және «Гистологияның негіздері. Тіндер» оқу-практикалық құралы басылымға шығарылды.  Кафедраның студенттер ұйірмесінің тәрбиеленушілері ТМД елдерінің халықаралық конференцияларында, еуропалық  симпозиумдарда ғылыми баяндамаларымен шықққан. 2013-2019  жылдары  кафедра  КеАҚ «Астана медициналық университеті», Букетов атындағы КарМУ  (Карағанды қ.) және «Герхардт Катч»  (Карлсбург қ.) Диабет институті бірлескен «Исследование механизмов развития и предотвращения сахарного диабета, вызываемого 4,8-дигидроксихинолин-2-карбоновой кислотой»  атты  ғылыми жобаның орындалуына қатысты (ғылыми жоба 01.01.2013−31.12.2019 жж, тіркелген нөмері 0113РК00525).  Қызметкерлердің ғылыми жұмыстары республикалық журналдар «Астана медициналык журналы», «КарМУ хабаршысы», «ҚазҰУ хабаршысы», «Валеология», жақын шетел журналдары: «Архив анатомии, гистологии и эмбриологии», «Проблемы эндокринологии»,  «Бюллетень экспериментальной биологии и медицины» журналдарында, алыс шетел  «Diabetes Research and Clinical Practice», «Acta Diabetologica», «Diabet & Metadolism»,  «Diabetes», «Journal Clinical Lipidology», «European Journal of Ophthalmology», «The Journal Minerva Endocrinologica», «Diabetes Technology & Therapeutics» журналдарында жарияланды. Ғылыми жұмыстардың нәтижелері еуропалық симпозиумдарда, диабетологтардың дүниежүзілік және америкалық конгресстеріне ұсынылды.  

Байланыс деректері

Астана қ, Бейбітшілік к. 49, Гистология және цитология кафедрасы, тел. 53-94-29.

Фотогалерея
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика