Жалпы фармакология кафедрасы

Жалпы фармакология кафедрасы

Басшылық
Таржанова Динар Шакеновна
кафедра меңгерушісі

медицина ғылымдарының кандидаты

Құрылу тарихы

Фармакология кафедрасы 1996 жылы Целиноград медицина институтының негізінде құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі м.ғ.д профессор И.Ш. Забиров болып тағайындалды. Кейінгі жылдары доцент Л.С. Гребнева (1966-1976жж.), С.П. Трофименко (1976-1978 жж), м.ғ.д., профессор В.И. Ратников (1978-1982 жж), м.ғ.к., профессор В.Г. Гуляев (1982-1993 жж), м.ғ.д., профессор Д.Д Мухамбетов (1993 -2003жж, 2004- 2005жж), м.ғ.к., доцент М.К. Шоланова (2003-2004жж) 2005-2008 жылдары м.ғ.к., Р.К. Стикеева, 2008 -2011 жж. аралығында м.ғ.д., профессор Т.М. Мажитов, ал 2011-2015 жж. м.ғ.д., профессор Д.Д. Мұхамбетов кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.

Әртүрлі уақыт аралығында кафедрада профессор М.З. Шайдаров, Д.А. Баешева, м.ғ.к. М.П. Беккер, А.Г. Афиян, Г.М. Гурцкая, С.С. Бүркітбаева, Г.Д. Жүсіпова, А.В. Костюк, А.Б. Аканов, Л.Г. Макалкина және басқалар жұмыс істеген. 

Мақсаттар

Кафедраның мақсаты – студенттерге негізгі және клиникалық пәндердің біліміне жүгіне отырып, дәрі-дәрмектердің фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы туралы жалпы түсінік қалыптастыру.

Фармакология кафедрасында «Фармакология-1», «Фармакология-2», «Фармакология негіздері» пәндері бойынша «Жалпы медицина», «Фармация», «Медициналық - профилактикалық іс», «Мейірбике ісі», «Стоматология» факультеттерінде сабақ жүргізіледі. Барлық факультеттерге жалпы фармакология пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен әзірленді.

Жетістіктер

Мұхамбетов Дамир Дәулетқалиұлы – Целиноград мемлекеттік медицина институтын 1970 жылы бітірген алғашқы түлек.

Институтты аяқтаған соң 1970-1973 жж. аралығында «И.М. Сеченов атындағы бірінші Мәскеулік медициналық институты» аспирантурасының күндізгі бөлімін аяқтады.1989ж. Қазан қаласында «Төтенше және ақтық кезең жағдайларындағы фармакологиялық иммуногенездің регуляциясы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

Мұхамбетов Дамир Дәулетқалиұлы жетекшілігімен Шайдаров Мажит Зейноллаұлы (қазіргі таңда «АстМУ» АҚ ректоры) және Баешева Динагүл Аяпбекқызы (қазіргі таңда балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі) докторлық диссертацияларын қорғады. 30-дан астам медицина ғылымдары кандидаттарының жетекшісі. 2011ж. «Alma mater-ге адал қызметі үшін» номинациясында «АстМУ» АҚ лауреаты дипломымен марапатталды. Бүгінгі таңда 300-ден астам мақалалары жарыққа шықты. Мемлекеттік және орыс тілінде шыққан «Фармакология негіздері мен рецептура» оқулығының авторы.

Профессор Д.Д. Мұхамбетов 2015 жылғы қазан айынан бастап «Астана медицина университеті» АҚ негізінде ашылған Фармакологиялық ғылыми зерттеу орталығының директоры қызметін атқарады.

М.ғ.д. Стикеева Райхан Қуандыққызы 60-тан астам мақала, сонымен қатар стоматология факультетіне арналған «Фармакология» атты әдістемелік нұсқау авторы.

Гурцкая Гульнара Марсовна – м.ғ.к., кафедра доценті, 30-дан астам мақала авторы. 2011 жылы «Сүттіген» мен «Салкосолиннің» гепатопротекторлық белсенділігін анықтау» тақырыбында медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Бірнеше жылдар аралығында ұлттық технология орталығының ғалым хатшы қызметін атқарған. Қазіргі таңда Республикалық медициалық технологияны бағалау эксперті қызметін атқарады.

2012 жылы жалпы фармакология кафедрасының доцентіТаржанова Динара Шакеновна білім мен ғылымның дамуына үлес қосқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Көптеген мақалалар авторы.

Уызбаева Индира Қайырбекқызы 8 мақала авторы. 2015 жылы «Иммобилизациялық күйзеліс кезіндегі сортаңды соссюреяның құрғақ экстрактысының әсері» (эксперименттік зерттеу) тақырыбында. Г.М. Акполатова жетекшілігімен магистрлік диссертация қорғады. И.К Уызбаева 2012-2013 оқу жылдарында «АстМУ» АҚ-тың «Үздік мұғалім» номинациясынының жеңімпазы атанды.

2013 жылдан бастап кафедрада «Медицина» мамандығы бойынша магистратурада ғылыми педогогикалық кадрлар дайындалады. Жалпы фармакология кафедрасының алғашқы магистранттары біздің университет түлектері Т.С. Коранова және И.К. Уызбаева. 2015 жылы аталған магистранттар екі магистрлік диссертация қорғады.

Байланыс деректері

Сарыарқа көшесі 33, 8 қабат

электрондық пошта: www.kaf.obshklinfarm@amu.kz.

тел: 44-41-60

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика