Психиатрия және наркология кафедрасы

Психиатрия және наркология кафедрасы

Басшылық
Ракишева Ак-Уке Салимжановна
кафедраның меңгерушісі

Медицина ғылымының кандидаты, жоғары санатты психиатр - нарколог дәрігер, психотерапевт. Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Психикалық денсаулық медициналық орталығы» МКК дәрігерлік-кеңестік комиссия мүшесі. «Психаитрия» пәні бойынша БББК мүшесі. Медициналық қызмет көрсетуде және стандартизациялауда, клиникалық хаттамаларды құрастыруда тәжірибесі мол. Психиатрия, балалар психиатриясы мен наркологиясы бағытында білім алушы жас мамандардың ғылыми жетекшісі. 40 тан аса ғылыми баспалар мен әдістемелік құралдары бар. «Жаңа психоактивті заттар» деген атаумен басылып шыққан әдістемелік құралдың авторлық құқық иесі.

Кадрлық құрам

Мақсаттары

Кафедра қызметі бағыттары бойынша оқу процессін жүргізу және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, оқу және тәрбие процесстерін біріктіре отырып студенттерді тәрбиелеу.  

– білім беру бағдарламаласының циклдеріне сәйкес кафедраға бекітілген пәндер бойынша оқу процесстерін жоғары сапамен қамтамасыз ету.

– психиатрия және наркология бойынша оқу және әдістемелік жұмыстарды жоғары деңгейде ұйымдастыру және атқару, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, студенттер арасында тәрбие жұмыстарын жүргізу, ғылыми-педагогикалық кадралар дайындау, және олардың біліктілігін арттыру.   

Құрылу тарихы

Психиатрия және наркология кафедрасы Целиноград мемлекеттік медициналық институты болып құрылған уақыттан бастап осы уақытқа дейін ұзақ және жемісті жол жүріп өтті. Негізін қалаушылардың бірі Удовиченко Александр Степанович 1969 жылдан 2005 жылға дейін кафедрада жетекшілік еткен. А.С. Удовиченко сол кездегі психиатрия саласындағы жетекші сарапшы және клиницисттердің бірі болған. Оның жетекшілік етуімен Целиноград қалалық ауруханасында клиникалық базалар ұйымдастырылды, сол базаларда студенттермен сабақтар, қызметкерлермен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілетін болған. А.С. Удовиченко 40 тан аса ғылыми жұмыстардың, клиникалық психиатрияның ең өзекті сұрақтары бойынша әдістемелік құралдардың авторы.        

1984 ж. – 2015 жылдар аралығында доцент Н.В. Магай кафедра қызметіне үлкен үлес қосқан. 25 тен аса ғылыми жұмыс пен әдістемелік жұмыстың авторы, психиатрия саласында республикалық құндылық маңызы бар екі жаңалық ашқан, депрессивті жағдайларды емдеу әдістері және опиынды абстиненцияның бетін қайтарудың жаңа әдістерін еңгізген.

2005ж. – 2007 жылдар аралығында психиатрия курсы бойынша функционалды міндеттеріне м.ғ.к Кулмуканова К.К. жауапты болған.    

2007 ж. - 2012 жылдар аралығында м.ғ.к. Сулейменова А.К.  психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған. Сулейменова А.К. 20 дан астам ғылыми жұмыстың авторы.

2012ж - 2014 жылдар аралығында психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі қызметін м.ғ.к. Ракишева А.С. атқарған.  

2014ж-2017ж аралығында м.ғ.д. Каражанова А.С. кафедра меңгерушісінің міндетін атқарған.  

Қазіргі уақытта кафедрада медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты  психиатр – нарколог дәрігері, психотерапевт, психиатрия және наркология кафедрасында тәжірибелік білімін жетілдірген, Астана қаласының психиатриялық ауруханасының базасының негізін қалаушы А.С. Удовиченконың шәкірті, ЦММА түлегі    – Ракишева Ак-Уке Салимжановна жетекшілік етеді.

Кафедра қызметкерлері дәрігерлік конференциялар жиі өткізеді, ол конференцияларда диагностикасы сирек кездесетін және күрделі жағдайлар көрсетіледі, сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласынынң және Қазақстан Республикасының басқа аймақтарының медициналық қызметкерлерінің біліктілікті арттыру циклдарын өткізеді. Доценттер мен ассистенттер қаланың барлық психиатриялық мекемелерінде кеңес береді. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда психиатриялық сараптамаларға қатысады. Ғылыми қызметтер де белсенді атқарылады. Кафедра қызметкерлері бүкілодақтық психиатрлар мен наркологтар съездеріне белсене қатысады. Үнемі орталық және жергілікті басылымдарда кафедра қызметкерлерінің еңбектері шығып тұрады.    

Қызмет

Кафедрада «психиатрия, сонымен қатар балалар психиатриясы» резидентурасы,    емдеу және стоматологиялық бағыттарда білім алатын студенттерге «психиатрия» және «наркология» пәндері бойынша білім беру жүргізіледі. Кафедрада білім беруді оптимизациялау үшін бағдарламаланған бақылау қолданылады, жағдайлық есесптерді шешу, әр түрлі таблицалар мен сызбалардың үлкен жиынтығы шығарылған. Алайда бұл құралдар болашақ дәрігерлердің клиникалық ойлау қабілеттерін арттыру үшін негізгі клиникалық әдіс- науқастармен жұмыс кезінде көмекші құрал ретінде қолданылады. Оқу құралдары, әдістемелік ұсыныстар, таблицалар түрінде үнемі жаңа оқу-әдістемелік материалдар құрастырылады.   Сонымен қатар, дәрігерлердің біліктілігін арттыру факультетінде дәрігерлерге білім беру өзін толықтай ақтады. Кафедрада ғылыми-зерттеу қызметттерін атқару үшін барлық жағдай жасалған.  Интернатураны бітірген дәрігерлерге арналған кәсіби қайта даярлау және тематикалық және жалпы біліктілікті арттыру бағдарламалары бар.  

Жетістіктері

Кафедра қызметкерлері соңғы 10 жылда 35 тен аса студенттерге арналған 35 аса әдістемелік жұмыстар, оқытылатын пәндер бойынша оқу процессін қамтамасыз ететін   медициналық ЖОО-ға арналған «Психиатрия» оқулығы (2016ж.)  құрастырылған және шығарылған. Кафедрада үлкен оқу-әдістемелік жұмыстары жүргізілген – студенттерге, психиатрия және наркология бойынша білім алушы интерндерге  арналған типтік жұмыстар құрастырылған, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде білім беру жоғары деңгейде жетілдірілген (мультимедиялық материалдар көрсету). Аудио және видео материалдар, интерактивті инновациялық технологиялар арқылы білім берудің  заманауи әдістері қолданылады. Клиникалық хаттамалар мен еңгізу актілері шығарылған.

Кафедра «психиатрия және наркологи» пәндері бойынша білім береді:

–жалпы медицина факультеті (5 курс);

–стоматологиялық факультет (3 курс);

- мейірбике ісі (3 курс);

–жалпы дәрігерлік тәжірибе интернатура факультеті (7 курс)

- дипломнан кейінгі білім беру (резидентура);

- магистратура.                                    

Осылайша, психиатрия және наркология кафедрасында жылына 2500 ден аса студент білім алады. Кафедра жұмыс барысында 300 ден аса жас маман дайындап шығарған. Нұр-Сұлтан қаласының ПДМО –да қызмет атқаратын психиатр, нарколог және психотерапевт дәрігерлердің көбі біздің кафедрада интернатура бағыты бойынша білім алған.  

Психиатрия және наркологи кафедрасында қолданылатын білім берудің заманауи әдістері болашақ дәрігерлердің дағдыларын және шеберліктерін жоғарғы сапада дамытуға және тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Жоғары білікті кадрларды дайындау мақсатында білім берудің инновациялық әдістері және оқу процесстерінің менеджменті кеңірек қолдану арқылы білім беру қызметінің деңгейін жоғарылатады.                           

Байланыс

Астана қаласы, І. Жансүгіров көшесі 12/3 , 201 к.

Эл.почта:psixnar@mail.ru                                                               

Тел.: 87019995457, 87014554842

 

 

Фотогалерея
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика