Бегларова Гүлшахар Еркінқызы
Кафедра меңгерушісі
Патологиялық физиология кафедрасы 1965 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институтында — қазіргі «Астана медицина университеті» КеАҚ-та — ашылды. Құрылған күннен бастап кафедра университеттің іргелі медициналық білім беру мен ғылымының маңызды орталықтарының бірі болып келеді. Алпыс жылдан астам уақыт ішінде кафедра жоғары білікті дәрігерлер мен ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға, патофизиология ғылымының дамуына және оқу процесін жетілдіруге елеулі үлес қосты. Кафедраның қалыптасуы мен дамуы отандық және әлемдік медицина ғылымының негізгі кезеңдерімен тығыз байланысты болды. Әр кезеңде кафедраны патофизиология саласының көрнекті ғалымдары басқарды.

Академик В.Г. Корпачевтің кафедраны басқарған кезеңі тарихтағы ең жарқын әрі нәтижелі белестердің бірі ретінде бағаланады. Оның жетекшілігімен патофизиология саласында танымал ғылыми мектеп қалыптасып, көптеген жас ғалымдар тәрбиеленді. Академиктің шәкірттері 7 докторлық және 50-ден астам кандидаттық диссертацияны сәтті қорғап, отандық медицина ғылымының дамуына елеулі үлес қосты.
Ұстаздың ғылыми мұрасын дәріптеу және оның жарқын бейнесін есте сақтау мақсатында кафедра ұжымы 2005–2007 жылдары «Корпачев оқулары» атты үш республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды (2005–2007).
2002 жылдан бастап кафедраны профессор Д.С. Тәжібаева басқарып келеді. Оның жетекшілігімен реанимациядан кейінгі жағдайлар мен әртүрлі патологиялық үдерістер кезінде жасушалық терапияны қолданудың патогенездік негіздемесіне арналған жаңа ғылыми бағыттар қалыптасты. Бұл зерттеулер кафедраның ғылыми әлеуетін арттырып, патофизиология саласындағы заманауи эксперименттік және клиникалық ізденістердің дамуына ықпал етті.
Осы ғылыми бағыттар аясында кафедра базасында бірқатар іргелі және қолданбалы ғылыми жобалар жүзеге асырылды. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері патофизиология ғылымының дамуына елеулі үлес қосып, жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауға мүмкіндік берді. Кафедрада даярланған аспиранттар мен докторанттар 4 докторлық және 50 кандидаттық диссертацияны сәтті қорғады.
– реанимациядан кейінгі аурулардағы гипоксиялық энцефалопатия мен иммунологиялық бұзылыстардың триггерлік механизмдері алғаш рет анықталды;
– психоневрологиялық бұзылыстарды түзетуде антигипоксанттардың,
антиоксиданттардың, нейропептидтердің және мембранопротекторлардың қолданылуы эксперименталды түрде негізделді;
– гипоксиялық гипоксия мен иммобилизациялық стресс кезінде фетальды-жасушалық терапияны қолдану тәсілдері әзірленді;
– гамма-сәулелену мен созылмалы стресстің бірлескен әсері кезіндегі мидың функционалдық белсенділігі зерттелді;
– жедел және созылмалы қосарласқан стрестен кейін, бас миының когнитивтік қызметіне байытылған ортаның әсері зерттелді.
«Фетальды жасушаларды қолданудың эксперименталды-клиникалық негіздемесі» республикалық бағдарламасы (МТ № Ф.0395): 2 докторлық және 7 кандидаттық диссертация қорғалды, 100-ден астам ғылыми еңбек жарияланды, 2 инновациялық патент алынды. Жалпы кафедрада 10-нан астам авторлық куәлік және 9 қорғау құжаты бар.
– Қазақстанда патофизиология бойынша компьютерлік тестілеуді алғаш енгізді — қор ~7 000 тапсырмадан тұрады;
– Патологиялық физиология бойынша 14 үлгілік бағдарламаның және клиникалық патофизиология бойынша 1 бағдарламаның авторлары (орыс./қаз.);
– үш тілдегі тақырыптық глоссарийлерді алғаш жариялады — бұл тәжірибелік әдіс басқа кафедраларда да қолданылды;
– Республикада патофизиология бойынша алғашқы тақырыптық олимпиадалар, КВН және «Брейн-ринг» ұйымдастырылды;
– 2004–2006 және 2024–2025 жж. тәуелсіз бақылау қорытындысы бойынша — Қазақстан жоғары оқу орындары арасында жетекші орындарда;
– 2010 жылдан бастап медицина магистрлерін дайындау (түлектер: Крупина Е.А., Ниязбекова К.К., Зарипова Л.Н., Сенгалий М.Ж., Сапанова М.А.)

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы білім беру және тәрбие жұмыстары саласындағы жоғары жетістіктері үшін бірнеше мәрте марапатталды. Атап айтқанда, кафедраның төрт оқытушысы — Д.С.Тәжібаева, Н.Б.Кабдуалиева, Ж.Б.Айтбаева, Г.Е.Бегларова — «Үздік дәріскер», «Үздік оқытушы» корпоративтік марапаттарының иегерлері атанды. Жас дарынды студенттерді қолдау және академик В.Г. Корпачевтің ғылыми-педагогикалық мұрасын дәріптеу мақсатында 2013 жылдан бастап оның атына арналған арнайы стипендия жыл сайын тағайындалып келеді. Осы уақытқа дейін 30-дан астам студент аталған стипендияның иегері атанды, олардың қатарында шетелдік студент Muzaffar Bhat та бар.
Оқытушылар мен зерттеушілер
Кафедра меңгерушісі
Кафедра меңгерушісі
Қазақ бөлімінің оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыруға жауапты жетекші маман. Патофизиология пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдарды мемлекеттік тілге сапалы аудару мен оқу үдерісіне тиімді енгізуді жүйелі түрде қамтамасыз етеді. Ғылыми медициналық әдебиеттерді қазақ тіліне аудару саласындағы жоғары білікті әрі беделді мамандардың бірі. ҚР ДСМ -Терминологиялық комитетінің мүшесі. Сонымен қатар «Педиатрия» мектебі Кеңесінің белсенді мүшесі.
Профессор · М.ғ.к.
Профессор · М.ғ.к.
Орыс тіліндегі бөлімнің оқу-әдістемелік қызметін ұйымдастырады. Патологиялық физиология пәні бойынша дайындалған оқу құралдарының авторы және олар еліміздегі медициналық жоғары оқу орындары үшін әдістемелік стандартқа айналған. Іргелі патофизиология мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі сарапшы. Кафедраның ЖОО арасындағы жетекші позицияларын сақтап қалуға елеулі үлес қосады. Патофизиология бойынша тақырыптық олимпиадалардың идеялық шабыттандырушысы болып табылады. «Стоматология» мектебі Кеңесінің мүшесі.
Профессор · М.ғ.д.
Профессор · М.ғ.д.
Патологиялық физиология пәнін мемлекеттік және ағылшын тілдерінде оқытудың оқу-әдістемелік үдерісін алғашқы болып жүйелі түрде ұйымдастырған жетекші маман. Қазіргі таңда оқу-әдістемелік материалдарды ағылшын тіліне сапалы аудару және академиялық талаптарға бейімдеу жұмыстарын үйлестіріп, шетелдік студенттерге пәннің жоғары деңгейде оқытылуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу бағытындағы жұмыстарға жауапты.
«Медицина» Білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету
комитеті мүшесі, «Медицина» мектебі Кеңесінің белсенді мүшесі.
Доцент · М.ғ.к.
Доцент · М.ғ.к.
Қызметкерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жауапты және студенттік ғылыми үйірменің жетекшісі. Студенттердің халықаралық конференцияларға қатысуын ұйымдастыруға жауапты маман.
Доцент · М.ғ.к.
Доцент · М.ғ.к.
Жоғары оқу орнының әртүрлі курстары мен білім беру бағыттары бойынша академиялық берешегі бар студенттерге арналған жазғы қайта оқу курстарын ұйымдастырады. Студенттердің оқу жетістіктерін арттыруға және оқу үдерісіндегі олқылықтарды жоюға бағытталған жүйелі жұмысты қамтамасыз етеді.
«Стоматология» білім беру бағдарламасы бойынша Комитеттің мүшесі.
Аға оқытушы
Аға оқытушы
Медицина ғылымдарының магистрі, кафедраның оқу ісінің меңгерушісі, «Педиатрия» бойынша Білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету комитетінің мүшесі ретінде білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және олардың сапасын қамтамасыз етуге үлес қосып келеді.
кафедрада кәсіптік қауіпсіздікке жауапты маман. Сонымен қатар, кафедраның ғылыми-оқу әдебиеттермен қамтамасыз етілуін үйлестіріп, оқу-әдістемелік қорды толықтыру және жаңарту жұмыстарын жүзеге асырады.
оқытушы
оқытушы
Педагогика ғылымдарының магистрі. Кафедра қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және кәсіби дамуын үйлестіруге, қоғамдық және тәрбиелік жұмыстарын ұйымдастыруға жауапты маман.
медицина ғылымдарының магистрі, жоғары ғылыми-педагогикалық әлеуетке ие жас маман. Кафедрада патологиялық физиология пәнінен мемлекеттік және ағылшын тілдерінде білім алатын студенттерге практикалық сабақтар жүргізеді.
Қызметкерлер табылмады.