
Қуанышбаева Гаухар Сериковна
Кафедра меңгерушісі, PhD
1. «Медицина», «Жалпы медицина», «Педиатрия», «Стоматология» мамандықтарының білім беру бағдарламаларына, сондай-ақ «Терапия» мамандығы бойынша интернатура және резидентура бағдарламаларына сәйкес оқу, оқу-әдістемелік, клиникалық және тәрбие жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру, білім алушылардың үлгеріміне ағымдық, аралық және қорытынды бақылау жүргізу.
2. Жоғары білікті медициналық және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау, бакалавриат, интернатура және резидентура білім алушыларының кәсіби құзыреттерін жетілдіру, сондай-ақ жалпы практика дәрігерлері мен терапевтердің ішкі аурулар және гериатрияның өзекті мәселелері бойынша біліктілігін арттыру.
3. Ішкі аурулар, гериатрия, иммунология және адам микробиомын зерттеу салаларының өзекті әрі басым бағыттары бойынша ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу, ғылыми-зерттеу нәтижелері мен инновациялық технологияларды оқу процесі мен клиникалық практикаға енгізу.
4. Білім алушылардың клиникалық ойлауын, практикалық дағдылары мен кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған заманауи білім беру технологиялары мен интерактивті оқыту әдістерін енгізу арқылы медициналық білім беру сапасын жетілдіру.
5. Білім алушылардың ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту, студенттік ғылыми қоғам қызметін қолдау, ғылыми үйірмелерді, конференциялар мен зерттеу жобаларын ұйымдастыру.
6. Медициналық ұйымдар базасында білім алушылардың клиникалық даярлығын жетілдіру, кафедра қызметкерлерінің емдеу-консультациялық қызметін дамыту және практикалық денсаулық сақтау саласымен өзара іс-қимылды нығайту.
7. Профессорлық-оқытушылық құрамның үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету, педагогикалық және клиникалық құзыреттерін жетілдіру, ғылыми біліктілігін арттыру және озық отандық әрі халықаралық тәжірибені кафедраның білім беру және клиникалық қызметіне енгізу.
Оқытушылар мен зерттеушілер

Кафедра меңгерушісі, PhD

Кафедра меңгерушісі, PhD
№1 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD), жоғары біліктілік санатты эндокринолог дәрігер.
Білімі: Астана медицина университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. Төмендегі бағыттар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған:
· «Жалпы практика дәрігері» мамандығы бойынша интернатура.
· «Эндокринология» мамандығы бойынша бастапқы мамандану.
· «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистратура.
· «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша докторантура.
Халықаралық тәжірибесі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері. 2023–2024 жылдары АҚШ-тағы Калифорния университетінің Сан-Диего кампусында (University of California San Diego) Leadership Academy for International Professionals: Healthcare Management бағдарламасы бойынша халықаралық тағылымдамадан өтті.
Ғылыми қызметі: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда, сондай-ақ Scopus және Web of Science дерекқорларында индекстелетін халықаралық рецензияланатын журналдарда жарияланған 48-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Отандық және халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына, республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысушы.
Кәсіби жетістіктері: «Жылдың үздік оқытушысы» (2017 ж.) марапатының иегері, кәсіби марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталған. Астана қаласы мен Қазақстан эндокринологтарының кәсіби қауымдастықтарының мүшесі.
Клиникалық, ғылыми-педагогикалық және басқарушылық қызметте көпжылдық тәжірибесі бар. 2026 жылғы наурыздан бастап Астана медицина университетінің №1 ішкі аурулар кафедрасын басқарады.

Профессор, медицина ғылымдарының докторы

Профессор, медицина ғылымдарының докторы
Профессор, медицина ғылымдарының докторы
Профессор, медицина ғылымдарының докторы

Профессор, медицина ғылымдарының кандидаты

Профессор, медицина ғылымдарының кандидаты
Доцент, медицина ғылымдарының кандидаты
Доцент, медицина ғылымдарының кандидаты

Доцент, медицина ғылымдарының кандидаты

Доцент, медицина ғылымдарының кандидаты
Доцент, PhD
Доцент, PhD
Доцент, PhD
Доцент, PhD

Аға оқытушы

Аға оқытушы

Аға оқытушы

Аға оқытушы

Аға оқытушы

Аға оқытушы

Аға оқытушы

Аға оқытушы

Аға оқытушы

Аға оқытушы

Аға оқытушы

Аға оқытушы
Аға оқытушы
Аға оқытушы
Аға оқытушы
Аға оқытушы
Қызметкерлер табылмады.