Мақсаттары
Жоспарлау, оқу, әдістемелік, клиникалық, тәрбие, студенттердің ағымды, аралық және қорытынды бақылау жұмыстарын «Медицина», «Педиатрия» мамандығының білім беру жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес ұйымдастыру және жүзеге асыру.
«Медицина», «Терапия» мамандығының жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларын дайындау, резидентурада, магистратурада, докторантурада біліктілігін арттыру.
Практикалық денсаулық сақтау саласы үшін негізгі және басым бағыттар бойынша ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу, ғылыми-зерттеу жұмысының және инновациялық технологиялар жұмысының нәтижелерін енгізу.
Құрылу тарихы
1965 жылдың күзінде облыстық база мен Целиноград қаласының теміржол ауруханасының негізінде біздің университеттің алғашқы терапиялық кафедраларының бірі - ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы ұйымдастырылды. Доцент М.В. Кропельницкая ұйымдастырушы және кафедраның алғашқы меңгерушісі болды. Қазіргі уақытта кафедра Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталінде, №3 көпсалалы қалалық аурухана, №1 көпсалалы қалалық аурухана, №14 қалалық емханада орналасқан.
Кафедрада елу жылдай көптеген мұғалімдер артынан жақсы із қалдырды, кафедраның құрылуына үлкен үлестерін келесі оқытушылар қосты: Г.В. Коношенок, В.И. Неклюдова, И.Д. Рачинский, Л.А. Плескачева, А.З. Пецкалев, Б.С. Калимурзина, С.Л. Малевич, В.И. Черномашенцев, Ямщикова Е.А., Иконникова В.А. және т.б.. Профессор В.З. Пилипенко кафедрада 40 жылдан артық жұмыс істеп, соның ішінде он төрт жыл бойы кафедраны меңгерді (1972 жылдан 1984 жылға дейін).
1984 жылдан 1988 жылға дейін профессор Роза Рахимовна Бектаева кафедраны басқарды.
1989 жылдан 1990 жылға дейін - медицина ғылымдарының докторы Иван Данилович Рачинский.
1991 жылдан 1992 жылға дейін –профессор В.З.Пилипенко.
1992 жылдан бастап 2004 жылғы қаңтар айына дейін – профессор Баян Алькеновна Айнабекова.
2004 жылдың қаңтарынан бастап 2023 жылғы қараша айына дейін – доцент Виктор Алексеевич Ткачев басқарды.
2023 жылдың 6 қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін – доцент Смағұлова Әлия Құрманбекқызы
Қызмет
Гериатрия курсымен ішкі аурулар кафедрасында «Медицина», «Жалпы медицина», «Педиатрия» мамандықтары бойынша «Ішкі аурулар пропедевтикасы», «Ішкі аурулар пропедевтикасы негіздері», «Кинезотерапия» мамандығы бойынша «Ішкі аурулардың негіздері», Стоматология мамандығы бойынша «Ішкі аурулар негіздері», интернатура пәндері «Жалпы медицина» мамандығы бойынша «ЖТД жұмысындағы негізгі аурулар» бакалаврларға арналған пәндер өткізіледі. Резидентурада «Терапия» мамандығы бойынша ЖОО-дан кейінгі білім беру жүргізіледі. «Гериатрия» мамандығы бойынша ЖТД мен терапевт дәрігерлерге біліктілікті арттыру курстары жүргізіледі.
Кафедрада инновациялық оқу әдістері белсенді енгізіліп жатыр. Оқу процесінде PBL, TBL, CBL, TPCBL мен RBL әдістері қолданылады.
Кафедра өз қызметін жүзеге асыру барысында 2 монография, 500 жоғары ғылыми мақалалар, 22 ғылыми-әдістемелік ұсыныстар шығарды, 2 докторлық диссертация, 11 кандидаттық диссертация, 4 магистрлік диссертациялар қорғалынды. Кафедра базасында 20 астам клиникалық-ординаторлар 8 резиденттер дайындалып шығарылды.
Кафедрада студенттердің ғылыми қоғамы жұмыс істейді. Жыл сайын қорытынды студенттік конференцияда 3-4 ғылыми жұмыс ұсынылады.
Кафедраның клиникалық базалары: ҚР ҚМ бас клиникалық әскери госпиталь, №3 көпсалалы қалалық аурухана, №1 көпсалалы қалалық аурухана, №2 көпсалалы қалалық аурухана, №14 қалалық емхана, ҚР ІІМ емханасы бар орталық госпиталь.
Кафедра қызметкерлері ғылыми практикалық, патология-анатомиялық конференцияға, семинарларға, клиникалық аралауларға және консилиумдарға қатысады.
Кафедра қызметкерлері кәсіби деңгейін медицина және педагогика бойынша біліктілікті арттыру курстарында үнемі жетілдіреді.
Жетістіктері
Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби дайындығы жеткілікті жоғары, біліктілік медициналық санаттары мен мамандардың сертификаттары бар, олар көптеген дәрігерлік-кеңес беру жұмыстарын жүргізеді. Кафедраның ғылыми дәрежесі 60%, 1 медицина ғылымының докторы, 3 медицина ғылымының кандидаты, 2 PhD докторлары, 2 медицина магистрлері бар. Оқытушылардың біліктілік дәрігерлік санаттары мен мамандардың сертификаттары бар, үлкен емдеу, кеңес беру жұмыстарын жүргізеді, медицина қызметкерлерін оқыту үшін аймақтарда кеңестер өткізіледі. Кафедра қызметкерлерінің 100%-ы «Клиникалық пәндер бойынша коммуникациялық дағдылар және медициналық этика» және «Медициналық білім берудегі инновациялық технологиялар» циклдары бойынша оқытылды.
Оқытудың инновациялық тәсілдері: PBL, TPCBL, CBL, RBL, TBL "Жалпы медицицина», “Медицина”, “Педиатрия", "Кинезиотерапия", "Стоматология" мамандықтары бойынша 2-3 курс студенттері арасында белсенді қолданылады. Кафедра білім алушылары үшін ЭКГ мектебі ұйымдастырылып, ай сайын студенттік ғылыми үйірменің отырысы өткізіледі. Кафедра оқытушыларының жетекшілігімен студенттер бірнеше рет ғылыми, студенттік конференцияларда жүлделі орындарға ие болды. Кафедра қызметкерлері Смагулова А.К., Кубекова С.Ж., Қазбекова А,Т., Загоруля Н, З. ҚРДСМ, ҚРҒБМ жобасына қатысады.
Жыл сайын кафедра қызметкерлері халықаралық деңгейдегі 2-3 мақалаларын рецензияланған журналдара жариялайды. Назарбаев Университетінің адам микробиомасы және ұзақ өмір сүру зертханасымен ынтымақтастық жалғасуда, Боракбай Ж.Б. магистрлік диссертациясы орындалып, сәтті қорғалды. Кафедра "ревматоидты артритпен ауыратын науқастарда пробиотикалық терапияның тиімділігін бағалауда иммунологиялық бейін және микробиомдық маркерлер"атты ҒТЖ орындауға қатысады. Кафедра біліктілікті арттыру циклдерін белсенді жүргізеді, 2022 жылы ЖТД дәрігерлеріне арналған "Гериатрия" мамандығы бойынша 6 цикл өткізілді. Кафедра қызметкерлері: Қазбекова А.Т. "Денсаулық сақтау үздігі", Хусаинова г. С. және Ахметова Ж. Б. "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгілерімен марапатталды. Гериатрия курсы мен ішкі аурулар кафедрасында соңғы жылдары 8 резидент шығарылды.
Байланыс
тел:. 87078636105
email: smagulova.al@amu.kz