№3 балалар аурулары кафедрасы

№3 балалар аурулары кафедрасы

Басшылық
Абдрахманова Сагира Тоқсанбайқызы
кафедра меңгерушісі

«Астана медицина университеті» КеАҚ балалар аурулары №3 кафедрасының меңгерушісі, «Астана қаласының педиатрлар қауымдастығы» ҚБ президенті, «Еуразиялық педиатрлар және неонатологтар қауымдастығы» ҚБ вице-президенті, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас педиатры (2010–2012 жж.), ҚР Парламенті Мәжілісінің денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жөніндегі сарапшылар тобының мүшесі (2014–2016 жж.), Қазақстандағы жаңа туған нәрестелер мен 5 жасқа дейінгі балалар өлімін төмендетуде алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) қызметтерінің өзара іс-қимылын бағалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасында ана мен бала денсаулығын қорғауды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша «Педиатрия» мамандығының білім беру бағдарламалары жөніндегі ГУП комитетінің мүшесі, ҚР ДСМ-нің COVID-19 бойынша педиатрия жөніндегі республикалық комиссиясының сарапшысы, Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы нәресте өлімін талдау жөніндегі комиссия мүшесі, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері мен Еуразиялық экономикалық кеңістік үшін балалардағы жиі кездесетін жедел респираторлық вирустық инфекцияларды (ЖРВИ) диагностикалау және емдеу бойынша ұсынымдар әзірлеу жөніндегі сараптамалық кеңестің мүшесі, ҚР Ұлттық ғылым академиясының «Өмір және денсаулық туралы ғылымдар орталығының» сарапшысы.

Сагира Тоқсанбайқызының педиатрия саласы бойынша 150-ден астам ғылыми жарияланымы бар, оның ішінде SCOPUS базасында индекстелетін журналдарда жарық көрген еңбектері де бар. Ол Санкт-Петербург мемлекеттік педиатриялық медициналық университетінің «Детская медицина Северо-Запада» және «Медицинский совет» ғылыми-практикалық рецензияланатын журналдарының редакциялық алқа мүшесі болып табылады (аталған журналдар РФ ЖАК жетекші рецензияланатын ғылыми басылымдар тізіміне кіреді). Педиатрия саласы бойынша монографияның, оқу құралдарының және әдістемелік ұсынымдардың авторы.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің педиатрия және балалар кардиологиясы бөлімдері бойынша диагностика және емдеу хаттамаларын әзірлеуге және сараптауға қатысады. Еуропалық педиатрлар қауымдастығының, ESPID ұйымының мүшесі, ТМД елдері педиатрлары федерациясының және Ресей респираторлық қоғамының ұйымдастыру комитетінің мүшесі, педиатриядағы респираторлық медицина бойынша білім беру консенсусының сарапшысы.

Сагира Тоқсанбайқызының жетекшілігімен 1 медицина ғылымдарының кандидаты, 6 магистрант дайындалған. Қазіргі уақытта оның ғылыми жетекшілігімен «Медицина» мамандығы бойынша 4 докторлық диссертация бойынша ғылыми жұмыстар жүргізілуде.

Абдрахманова С.Т. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Денсаулық сақтауға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің грамоталары мен дипломдарымен, Астана қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталған. Сонымен қатар «Астана медицина университеті» КеАҚ-тың «Мамандық бойынша үздік» атағына және «Medicina Nobilissima» жыл сайынғы ұлттық сыйлығының «Жылдың үздік лекторы» дипломына ие.

Кадрлық құрам

Мақсаты

Қазіргі заман талаптарына жауап беретін, дәлелді медицина қағидаттарына сәйкес келетін және медицина саласында озық технологияларды қолдана алатын, қажетті білім мен практикалық дағдыларды меңгерген жоғары білікті мамандарды және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.

Құрылу тарихы

Балалар аурулары №3 кафедрасы 2002 жылдың ақпан айында ұйымдастырылды. Оның негізін қалаушы – медицина ғылымдарының докторы, профессор Скучалина Любовь Николаевна. Ол кафедраны 2008 жылдың қыркүйегіне дейін басқарды. Любовь Николаевна 12 жыл бойы ЦГМИ балалар аурулары кафедрасын басқарды (1987–1999 жж.). Сондай-ақ 10 жыл бойы ЦГМИ педиатрия факультетінің деканы қызметін атқарды (1989–1999 жж.).Профессор Скучалина Л.Н. – European Respiratory Society, European Academy of Allergy & Clinical Immunology ұйымдарының мүшесі, сондай-ақ ТМД елдеріндегі педиатриядағы респираторлық медицина бойынша «Білім беру халықаралық консенсусының» сараптамалық кеңесінің мүшесі. Ол «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің грамоталары және дипломдарымен марапатталған.2008 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін кафедраны медицина ғылымдарының докторы Абдрахманова С.Т. басқарады.

Қызметі

Кафедра «№2 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасы», «№3 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасы», «№2 Қалалық емхана», «№5 Қалалық емхана», «№7 Қалалық емхана», сондай-ақ «Медикер» және «Радуга здоровья» медициналық орталықтарының базасында орналасқан.Кафедра педиатрлар, балалар кардиологтары, пульмонологтар және гастроэнтерологтар үшін педиатрияның әртүрлі бөлімдері бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізеді.Кафедрада 19 штаттық қызметкер жұмыс істейді, олардың ішінде 3 медицина ғылымдарының докторы, 7 медицина ғылымдарының кандидаты, 2 медицина магистрі бар. Ассистент-тәлімгерлер ретінде бөлім меңгерушілері және «Педиатрия», «Кардиология», «Ревматология», «Гастроэнтерология» мамандықтары бойынша жоғары білікті дәрігерлер қызмет атқарады.

     Кафедрада оқыту деңгейлері:

бакалавриат – «Педиатрия», «Медицина», «Стоматология», «Кинезитерапия» мамандықтары бойынша;

интернатура – «Педиатрия», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша;

резидентура – «Педиатрия», «Кардиология», «Ревматология», «Гастроэнтерология», «Балалар гастроэнтерологиясы» мамандықтары бойынша;

магистратура – «Медицина» мамандығы бойынша;

докторантура – «Медицина» мамандығы бойынша.

Профессор-оқытушылар құрамы «халықаралық академиялық ұтқырлық» бағдарламасы аясында «Астана медицина университетімен», «Ташкент медицина университетімен» (Өзбекстан), «Әбу Әли ибн Сина атындағы Бұхара мемлекеттік медицина университетімен» (Өзбекстан), «Е.А. Вагнер атындағы Пермь мемлекеттік медицина университетімен» (Ресей), «Омбы мемлекеттік медицина университетімен» (РФ), «Новосибирск мемлекеттік медицина университетімен» (РФ) белсенді ынтымақтастық жүргізеді.Кафедраның әрбір қызметкері Астана қаласындағы белгілі бір емдеу мекемесіне бекітілген. Бұл мекемелерде кафедра қызметкерлері апта сайынғы дәрігерлік обходтар, ағымдағы консультациялар және науқастарды бақылау жұмыстарын жүргізеді.Кафедраның оқытушылар құрамы ауруханаішілік және қалалық ғылыми-практикалық конференцияларға, сондай-ақ патологоанатомиялық конференцияларға тұрақты түрде қатысады.

Жетістіктері

            Кафедрада 1 докторлық, 4 кандидаттық, 5 магистрлік диссертация қорғалған. Кафедра қызметкерлері әртүрлі деңгейдегі конференциялар, съездер, конгрестер мен олимпиадалардың жұмысына үнемі қатысады. Кафедра қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері алыс және жақын шетелдерде, республикалық және өңірлік маңызы бар ғылыми журналдарда жарияланып келеді (кафедра қызметкерлерінің жарияланымдарының жалпы саны 490-нан асады), сондай-ақ практикалық денсаулық сақтау саласына енгізілуде (50-ден астам енгізілім).

            Кафедра қызметкерлері ТМД елдерінің педиатрлар одағының, ТМД елдерінің балалар кардиологтары қауымдастығының мүшелері ретінде, сондай-ақ «ТМД елдеріндегі педиатриядағы респираторлық медицина бойынша білім беру халықаралық консенсусы» сараптамалық кеңесінің, ERS және EAACI ұйымдарының құрамында жақын және алыс шетел ғалымдарымен белсенді ынтымақтастық жүргізеді. Сонымен қатар олар 3 әдістемелік ұсыным мен халықаралық клиникалық нұсқаулықтардың тең авторлары болып табылады.

Кафедра қызметкерлері «Балалардағы жедел респираторлық вирустық инфекцияларды емдеуде Эргоферон препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалауға арналған халықаралық көпорталықты, қос соқыр, плацебо-бақыланатын, рандомизацияланған клиникалық зерттеу» бағдарламасының қатысушылары болып табылады. Сондай-ақ олар Nazarbayev University жанындағы National Laboratory Astana зертханасымен бірлесіп «Антибиотикотерапиядан кейін ішектің мукоздық қабатын қалпына келтіру әдіснамасын әзірлеу» жобасына қатысуда.

            Қазақстан Республикасының кейбір өңірлерінде вакцинация деңгейінің төмендеуін ескере отырып, Батыс және Солтүстік Қазақстан аймақтарының дәрігерлері мен тұрғындары үшін вакцинопрофилактика мәселелері бойынша білім беру семинарларының циклдері ұйымдастырылып, өткізілді. Білім беру гранты туралы келісімге (Educational Grant Agreement) сәйкес қайтарымсыз негізде «Вакцина для дочки и сына» атты бейнебағдарламалар циклі дайындалды. Бұл бейнематериалдар балалардың емдеу-профилактикалық мекемелерінде вакцинопрофилактика бойынша көрнекі құрал ретінде пайдалануға енгізілді.

           Кафедра қызметкерлері «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Құрметті ұстаз» төсбелгілеріне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және университет ректорының грамоталарына, сондай-ақ денсаулық сақтау департаменттері мен емдеу мекемелерінің бас дәрігерлерінің алғыс хаттарына ие.

           Кафедра оқытушылары өз қызметінде кәсібилік, адалдық және принципшілдік қағидаларын, еңбекке жауапкершілікпен қарауды, педиатриядағы деонтология қағидаларын сақтауды, сондай-ақ білім мен дағдыларды үнемі жетілдіруді басшылыққа алады.

Байланыс деректері

87017954632, 87782294048

e-mail: abdrakhmanova.sag@gmail.com 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика