
Лаура Еркенқызы Есжанова
Кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент
- студенттерді, интерндерді, резиденттерді жүйке жүйесі ауруларын диагностикалауға, емдеуге және алдын алуға оқыту;
- магистранттар, PhD дайындау.
- студенттер мен резиденттерді оқыту бойынша оқу құралдарын, жүйке ауруларын диагностикалау және емдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
- Астана қаласының және Қазақстан Республикасының емдеу мекемелеріне консультациялық-әдістемелік көмек көрсету;
- білікті және бәсекеге қабілетті мамандардың ЕАМ қажеттіліктерін қанағаттандыру;
- ПОҚ біліктілігін арттыру, кафедраның ғылыми потенциалы;
- кафедрада білім беру сапасы мен білім беру үрдісінің тиімділігін арттыру;
- кафедра пәндері бойынша оқытудың инновациялық әдістерін енгізу;
- ангионеврология, соматоневрология, нейродиабетология, нейроиммунология, нейрогенетика, балалар неврологиясы проблемаларын зерттеу бойынша қазіргі кезеңдегі жүйке ауруларының диагностикасы мен терапиясын жетілдіру бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, халықаралық ғылыми жобаларға қатысу;
- республикалық және халықаралық конференцияларға, конгрестерге қатысу.

Оқытушылар мен зерттеушілер

Кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент

Кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент
Лаура Есжанова – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, 30 жылдық ғылыми-оқытушылық және клиникалық тәжірибесі бар, неврология саласындағы белгілі маман.
1996 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «невропатология» мамандығы бойынша бітірген.
Кәсіби қызметін Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының неврология кафедрасында ассистент болып бастаған.
2000–2004 жылдары Шымкент қаласындағы Х.А. Яссауи атындағы ХҚТУ-нің арнайы клиникалық пәндер кафедрасында аспирант болып қызмет етті.
2004–2009 жылдары – сол университеттің арнайы клиникалық пәндер кафедрасы жанындағы неврология, психиатрия, наркология, нейрохирургия және шығыс медицинасы курсының доценті, меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2009–2025 жылдар аралығында Астана медицина университетінің (Астана қ.) неврология кафедрасында доцент болып еңбек етті.
2025 жылдың 14 ақпанынан бастап – Астана медицина университетінің неврология кафедрасының меңгерушісі.
Ғылыми қызметі:
60-тан астам ғылыми мақаланың авторы, олардың 26-сы халықаралық басылымдарда жарияланған. 5 мақаласы WoS және Scopus базаларында Q2–Q3 квартилінде, 57 процентильмен индекстелген. Scopus бойынша h-индексі – 1, Google Scholar – 1.
2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасының клиникалық хаттамаларын әзірлеуші және жауапты маман.
Дәрігерлер мен студенттерге арналған әдістемелік ұсынымдар шығарған.
Соңғы 5 жылда 4 авторлық құқық алған.
Кәсіби жетістіктері мен сіңірген еңбегі арқасында Лаура Есжанова республика мен халықаралық деңгейдегі кәсіби қауымдастықтарда жетекші орынға ие:
· 2024 жылдан бастап – «Денсаулық» неврологтар мен нейрореабилитологтар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
· ҚР Ұлттық денсаулық сақтау орталығы жанындағы Біліктілік санаты жөніндегі республикалық сараптамалық кеңестің сарапшысы;
· ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы неврология комитетінің мүшесі, сараптамалық кеңестер жұмысына қатысушы;
· Ересектерге арналған сирек кездесетін аурулар жөніндегі республикалық сараптамалық комитеттің мүшесі;
· Еуропалық неврологтар қауымдастығының (EAN) мүшесі.
2022 жылы магистрантты дайындап шығарды, диссертация тақырыбы – «Фабри ауруының неврологиялық көріністері».
м.ғ.к., доцент
м.ғ.к., доцент
м.ғ.к., доцент
м.ғ.к., доцент

м.ғ.к., доцент

м.ғ.к., доцент

PhD, доцент

PhD, доцент
PhD, доцент
PhD, доцент
PhD, доцент
PhD, доцент
к.м.н., доцент
к.м.н., доцент

оқу ісі бойынша меңгеруші, ассистент

оқу ісі бойынша меңгеруші, ассистент
Медицина магистрі, ассистент
Медицина магистрі, ассистент

м.ғ.м, ассистент

м.ғ.м, ассистент

м.ғ.м, ассистент

м.ғ.м, ассистент

м.ғ.м, ассистент

м.ғ.м, ассистент

Ассистент

Ассистент

Ассистент

Ассистент

Ассистент

Ассистент

Ассистент

Ассистент
Ассистент
Ассистент
Қызметкерлер табылмады.