Мақсаттары
- студенттерді, интерндерді, резиденттерді жүйке жүйесі ауруларын диагностикалауға, емдеуге және алдын алуға оқыту;
- магистранттар, PhD дайындау.
- студенттер мен резиденттерді оқыту бойынша оқу құралдарын, жүйке ауруларын диагностикалау және емдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
- Астана қаласының және Қазақстан Республикасының емдеу мекемелеріне консультациялық-әдістемелік көмек көрсету;
- білікті және бәсекеге қабілетті мамандардың ЕАМ қажеттіліктерін қанағаттандыру;
- ПОҚ біліктілігін арттыру, кафедраның ғылыми потенциалы;
- кафедрада білім беру сапасы мен білім беру үрдісінің тиімділігін арттыру;
- кафедра пәндері бойынша оқытудың инновациялық әдістерін енгізу;
- ангионеврология, соматоневрология, нейродиабетология, нейроиммунология, нейрогенетика, балалар неврологиясы проблемаларын зерттеу бойынша қазіргі кезеңдегі жүйке ауруларының диагностикасы мен терапиясын жетілдіру бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, халықаралық ғылыми жобаларға қатысу;
- республикалық және халықаралық конференцияларға, конгрестерге қатысу.
Құрылу тарихы
1967 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институтында алғаш рет нейрохирургия курсы бар жүйке аурулары кафедрасы құрылды. Тарту қаласынан нейрохирург, медицина ғылымдарының кандидаты Анатолий Викторович Шевалье кафедраның меңгерушісі қызметіне шақырылды. 1974 жылдан 1994 жылға дейін кафедраны невропатолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Михаил Аронович Фарбер басқарды. 1994 жылдан 1998 жылға дейін кафедраны медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Александр Степанович Удовиченко басқарды. 1998 жылдан 2009 жылға дейін нейрохирургия, неврология, психиатрия курсымен кафедраны нейрохирург, профессор, м.ғ.д. Жомарт Мұқанұлы Ермеков басқарды. 2009-2019 жылдар аралығында неврология кафедрасының меңгерушісі академик Смағұл Қайшыбайұлы Қайшыбаевтың шәкірті - м.ғ. д., профессор Тілепқали Темірұлы Бөкебаев болды. 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап неврология және невропатология, психиатрия және наркология курсымен кафедрасы біріктірілді.
Қызметі
Бакалаврларды, интерн дәрігерлерін және резиденттерді даярлау Астана қаласының әртүрлі клиникалық базаларында жүзеге асырылады. Кафедра қызметкерлері барлық клиникалық базаларда емдеу және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді.
Кафедраның ғылыми жұмысының негізгі бағыттары әртүрлі генездегі энцефалопатиядағы когнитивті бұзылуларды, соматикалық патология кезіндегі ангионеврология, нейровегетология, сомнология, эпилепсия, жүйке-бұлшықет аурулары, балалардағы нейродегенеративті, демиелинизация және орфандық мәселелерді, электронейрофизиология мәселелерін зерттеу болып табылады: электроэнцефалография, электромиография, полисомнография.
Жетістіктері
Бүгінгі таңда кафедраның ғылыми дәрежелілігі: 1 м.ғ.д., 5 м.ғ.к., 3PhD, 5 медицина ғылымдарының магистрі.
Қазіргі таңда 2-ші жыл 20-дай резидент, 2-ші жыл 1 PhD оқиды.
2009 жылдан бастап кафедрада резидентура ашылды: 90-нан астам резиденттер оқытылды. 2013 жылдан бастап кафедрада магистратура, 2014 жылдан докторантура ашылды. Дипломнан кейінгі оқыту бойынша мамандар даярлау, дәрігерлердің біліктілігін арттыру циклдері жүргізіледі.
-
2 жыл PhD докторант Қырғызбай Ғ. "А типті ботулиндік токсиннің созылмалы бас сақинасымен ауыратын науқастарда кездесетін психогендік эпилепсиялық емес ұстамалардың әр түрлі клиникалық формаларына әсері" жұмысы жалғасуда.
-
Дәрігерлер үшін біліктілікті арттыру циклдері өткізіледі (ересектер және балалар неврологиясы бойынша), оның ішінде ҚР ДСМ және Тұңғыш Президент қорының тапсырысы бойынша.
-
Медипол Университетінің профессоры Erkingul Birday-дың қатысуымен «Жүйке жүйесінің нейроқабынулық аурулары мәселелеріне заманауи көзқарас» атты семинары сәтті өткізілді (5-10 желтоқсан 2022ж).
-
Профессор Р.Ц.Бембеевтың (Мәскеу) қатысуымен нейроинфекция мәселелері бойынша семинар өткізілді. (Қаңтар 2023ж).
-
Европалық балалар неврологтары қауымының Президенті Кевин Ростазидің қатысуымен балалардағы «дифференциалды диагноз контекстіндегі аутоқабынулық аурулар» (NMOSD, және басқа сирек кездесетін жағдайларды қоса алғандағы, ақ зат ауруларының спектрі) атты халықаралық мастер-класс сәтті өткізілді (ақпан, 2024ж).
-
2021 жылдан кафедрада нерв-бұлшықет аурулары бойынша сараптамалық-консультативтік кеңес жүргізілуде. Ол жерде осы патология бойынша Қазақстан бойынша балалар талқыланады.
-
Кафедрада СҒҚ жұмыс істейді. Жоспар бойынша үйірме мүшелері ай сайын өзекті тақырып дайындап, баяндайды, талқылайды.
-
Соңғы 5 жылда кафедра қызметркерлерінің шығарған оқу-әдістемелік құралдары: а)Дәрігерлер үшін әдістемелік-нұсқаулықтар-Нерв-бұлшықет ауруларының жинағы: оқу-тәжірибелік жүйелік көзқарас. Астана, 2023ж. б)Балалар неврологының анықтамасы. Астана, 2023ж. в)Невролог дәрігерлер, ЖТД, невролог-резиденттер және жанұялық медицина резиденттері үшін әдістемелік нұсқаулар-Ересектердегі мигрень: диагностика, емдеу және профилактика. Астана,2023ж. г)Студенттер үшін көрнекі оқу құралы-Схема және таблицадағы жалпы неврология (3 тілде)., Нұр-сұлтан, 2019.
-
Кафедрада студенттер мен резиденттерде инновациялық оқу әдістері белсенді түрде жүргізіледі (CBL, TBL, PBL, RBL). .
-
Бес жыл бойы резиденттерге арналған журнал клубы жұмыс істейді, онда кафедра резиденттері тақырып бойынша ғылыми журналдардан мақалалар дайындайды, содан кейін баяндайды, талдайды.
-
ПОҚ-ның ғылыми жұмыстары мынадай журналдарда шығарылған: LANCET PUBLIC HEALTH; LANCET NEUROLOGY; PLOS ONE; ARCHIVES OF RAZI INSTITUTE; EUROPEAN STROKE JOURNAL; INTERNATIONAL JOURNAL OF STROKE; INT. J. ENVIRON. RES. PUBLIC HEALTH, FRONTIERS IN NEUROLOGY, JOURNAL OF CLINICAL MEDICINE OF KAZAKHSTAN, INTERNATIONAL JOURNAL OF ENVIRONMENTAL RESEARCH AND PUBLIC HEALTH, 14TH EUROPEAN PAEDIARIC NEUROLOGY SOCIETY CONGRESS ABSTRACTS, GEORGIAN MEDICAL NEWS, ТЕРАПЕВТИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК УЗБЕКИСТАНА, SCIENCE & HEALTHCARE, JOURNAL OF HEALTH DEVELOPMENT; RESEARCH JOURNAL OF MEDICAL SCIENCES; ЖУРНАЛ НЕВРОЛОГИИ И ПСИХИАТРИИ ИМ. С.С.КОРСАКОВА, "ВАЛЕОЛОГИЯ: ДЕНСАУЛЫҚ-АУРУ-САУЫҚТЫРУ", АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖУРНАЛЫ; «НЕЙРОХИРУРГИЯ И НЕВРОЛОГИЯ КАЗАХСТАНА».
-
Кафедраның ғылыми жобалары: «ҚР-да 2021-2023 жылдары дербестендірілген және алдын алу медицинасын енгізудің ұлттық бағдарламасы» бойынша «Қазақ популяциясындағы балаларда эпилепсияның дамуындағы генетикалық факторлардың рөлі» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілді.
-
Қазақстанда балалар жасындағы 1 типті нейрофиброматоздың (НФ1) молекулярлық-генетикалық диагностикалау бағдарламасы" жүргізілуде 2022-2025ж.
-
Кафедраның ғылыми гранты: "Identification and characterization of the molecular basis of neurogenetics disorders and Synaptopathies in Kazakhstan" 5.11.2019ж. University college of London, department of molecular neuroscience, neurogenetics unit (UCL)/нейрогенетика бойынша AMU келісімі аясында//Джаксыбаева А.Х., Таханова М.Т., Ибрагимова А.А., Ахтанова Д. Т., Наурызбаева А. А., Хамзина А. Н., Байгазиева Л. Б., Чункаева Д.Д.
-
Қазақстанда церебральді сал ауруының (БЦП) белгілері бар және этиологиясы белгісіз дамудың тежелуі бар науқастар арасында ароматты L-аминоқышқыл декарбоксилаза тапшылығының таралуын анықтауға арналған проспективті бір орталықты зерттеу.
-
"Неврологиялық аурулар менеджменті, оның ішінде орфандық аурулар" халықаралық қатысумен республикалық конференциясының жыл сайын өтуі.
Байланыс
Кафедраның клиникалық базалары:
-
Балалар реабилитациясының ұлттық орталығы, Тұран 36.
-
№3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы, Рыскулов көшесі 12.
-
№1 көпбейінді қалалық аурухана, Қошкарбаев көшесі 66.
-
Теміржол ауруханасы-неврология бөлімшесі.
-
№1 Қалалық балалар ауруханасы, Тәуелсіздік даңғылы 11/1.
-
Бас әскери клиникалық госпиталь, Бейбітшілік көшесі 47а.
-
Ішкі істер министрлігі госпиталі. Қабанбай батыр даңғылы 66.
-
№2 көпбейінді облыстық аурухана, Манас көшесі 22
-
Көпбейінді медициналық орталық, Манас көшесі 17.
-
UNIMED+ Медициналық орталығы, Әнет Баба 2.