Құрылу тарихы
Хирургиялық аурулар кафедрасы 1968 жылы Целиноград қаласының қалалық 2-ауруханасының хирургиялық бөлімшесінің базасында құрылды. Кафедраны ұйымдастырған және тұңғыш меңгерушісі болған медицина ғылымдарының докторы, профессор Н.Ф. Хохлов. Кафедраны 1968-1970 жылдары м.ғ.д., профессор Н.Ф. Хохлов, 1970-1992 – жылдары м.ғ.д., профессор, ҚР МҒА академигі Г.В. Цой, 1993-1999 – жылдары м.ғ.д., профессор В.П. Григоревский, 1999-2001 – жылдары м.ғ.д., профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР МҒА академигі Ж.А. Досқалиев, 2001 жылдан қазіргі күнге дейін кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, жаратылыстану ғылымдарының еуропалық академиясының академигі, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі, ҚР білім беру ісінің үздігі Д.И. Шакенов басқарып отыр.
Қазақстан Республикасында Жаратылыстану ғылымдарының еуропалық академиясының халықаралық Пирогов орденімен екі адам ғана марапатталған. Оның біреуі - Д.И. Шакенов.
Қызмет
Кафедраның екі базасы бар – Травматология және ортопедия Ғылыми зерттеу институтындағы политравма бөлімшесі (30 орын) және Астана қаласының Жол ауруханасындағы Хирургия бөлімшесі (20 орын) және іріңді хирургия мен проктология бөлімшесі (20 орын). Кафедрада факультеттің емдеу ісі, педиатрия, медициналық-биологиялық іс, медициналық-профилактикалық іс, «Шығыс медицинасы» мамандықтарының IV және V курс студенттері оқытылады. Оқу мемлекеттік тілде және орыс тілдерінде жүргізіледі. Студенттердің ғылыми үйірмесі белсенді жұмыс істейді.
Ғылыми-зерттеу қызметі
№1 хирургиялық аурулар кафедрасы фетальдық-жасушалық трансплантология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге 6 жыл бойы қатысып келеді.
Кафедра қызметкерлері « Госпитальдік хирургия» пәнінен 1 оқулықты (Астана, 2002), 2 монографияны, 5 оқу-әдістемелік құралды, 5-курс студенттеріне арналған 1 электрондық оқулықты баспадан шығарды және республикалық басылымдарда, ТМД-ның, шетелдердің басылымдарында 700-ден аса ғылыми мақалаларды жариялады.
Кафедра қызметкерлері базалық бөлімшелердің емдеу процесіне белсене қатысады. Жылына, орташа есеппен алғанда, реконструкциялық операциялық шаралардың 41-47%-ын орындайды, олар – өт шығатын жолдардың патологиясында билиодигестивті анастомоз жасау, холедохоеюностомия, холедоходуоденостомия секілді эндовидеохирургиялық операциялар, ұйқыбездің жалған жылауығына операциялар, цистоеюностомия, цистогастростомия және т.б. күрделі операциялар.
Қазақстан Республикасындағы жалғыз политравма бөлімшесінде орналасқан № 1 хирургиялық аурулар кафедрасы политравма кезінде ішкі ағзалардың зақымдарын диагностикалаудың және емдеудің инновациялық әдістерін әзірлеп енгізумен шұғылданып келеді. Осы жылдың өзінде бұл бағыт бойынша емдеу процесіне 12 инновациялық әдіс енгізілді.
Кафедраның қазіргі күндегі басым бағыттары – оқу, әдістемелік, ғылыми, емдеу, тәрбие жұмысын үздіксіз жетілдіру.
Байланыс деректері
Кафедра меңгерушісі: Шакенов Д. И.
Тел.: 87015127181