Травматология және ортопедия кафедрасы

Травматология және ортопедия кафедрасы

Басшылық
Әбілмәжінов Мұхтар Төлегенұлы
кафедра меңгерушісі

1993 жылы Ақмола мемлекеттік медицина университетін бітірген. 1993-1996 жылдар аралығында "Жезказганцветмет" ҒӨБ Медсанчастының травматология бөлімінде хирург-травматолог болып жұмысын атқарған, 1996-2000 жылдар аралығында ординатор, Ақмола стансасының орталық жол ауруханасының травматология бөлімінің аға ординаторы, 2001-2006 жылдар аралығында ӘДХ курсының травматология және ортопедия кафедрасының ассистенті, 2006-2012 жылдар аралығында кафедра доценті, 2013-2014 жылдар аралығында кафедра профессоры, 2014 жылдан бастап "Астана Медицина Университеті" АҚ травматология және ортопедия кафедрасының меңгерушісі болып қызмет етті. "Травматология-ортопедия" мамандығы бойынша дәрігердің жоғары біліктілік санаты атанды. 2009 жылы "Шапағат" Өнертапқыштық саласындағы республикалық конкурстың ДЗМҰ (Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы) алтын медаль иегері, 2013 жылы "Болашақ" халықаралық стипендиясы (Германияда ғылыми тағылымдама) берілді, 2013 жылы республикалық конкурста "үздік рационализаторлық шешім" номинациясы бойынша екінші жүлделі орынға ие болды, 2014 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің "ЖОО үздік оқытушысы-2013" мемлекеттік грантының иегері атанды, 2014 жылы ҚР төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін медалімен марапатталды, 125 ғылыми жарияланымның (соның ішінде 3 импакт-факторы бар), 2 монография, 7 оқу құралы, практикалық денсаулық сақтау үшін 7 әдістемелік ұсынымның, 21 авторлық куәліктің, ҚР патенттерінің және оқытудың инновациялық әдістерін енгізудің 7 актілерінің авторы атанды.

Құрылу тарихы

Целиноград мемлекеттік медициналық институты құралғаннан кейін травматология, ортопедия курсын ауруханалық хирургия кафедрасының құрамына енгізілді, бұл пәнді Редин Виталий Алексеевич және Отверченко Григорий Никитович, ал кейінірек Жылқыбақов Қожабек Жылқыбақұлы оқыта бастады.

1971 жылы травматология және ортопедия жеке курсының меңгерушісі болып В. А. Редин, ал 1974 жылы 12 ақпанда Орталық медициналық зерттеу институтының бұйрығымен травматология және ортопедия курсы жеке кафедра болып қайта құрып, оның бірінші меңгерушісі доцент В. А. Редин тағайындалады. Ғылыми қызметінің негізгі бағыты тізе буынының дегенеративті-дистрофиялық үдерістерінің мәселелері бойынша 1983 жылы қорғалған докторлық диссертация еңбектері бар.

Кафедра құрамында жас мамандар Абдрахманов Әлібек Жанпейісұлы, Жанаспаев Аманғазы Масалинович, бұрын облыстық денсаулық сақтауды басқарған Леонид Петрович Савин және Оскар Иванович Цих жұмыс істейді. 

1976 жылы кафедра құрамы жас мамандар Ахметов Ғаббас Елемесұлы, Федоров Анатолий Сергеевич, Батпенов Нұрлан Жұмағұлұлымен толықтырылды. 1987 жылы клиникалық ординатураны бітіргеннен кейін және травматологиялық бөлімшені 11 жыл меңгерген Орловский Николай Брониславович кафедраға ассистент болып тағайындалады.

Профессор В. А. Редин 1993 жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін ҚР еңбек сіңірген дәрігері, Әл-Фараби сыйлығының лауреаты, профессор Ә. Ж. Абдрахманов кафедраны басқарады. 

Травматология, ортопедия және ӘДХ кафедрасы 1998 жылы екіге бөлінеді: жедел травматология, ӘДХ курсымен ортопедия кафедрасы (кафедраның меңгерушісі профессор Ә.Ж. Абдрахманов) және қалпына келтіру травматология, ортопедия кафедрасы шығыс медицина және дәрігерлік бақылау курстарымен ЕДШ ( кафедра меңгерушісі профессор Н.Д. Батпенов). Емдеу факультетінің травматология және ортопедия кафедрасында м.ғ.д. С.К. Рахимов, м.ғ.к. К.Т. Оспанов, м.ғ.к. Е.Н. Нәбиев, м.ғ.к. Е.Т. Жүнісов, м.ғ.к. М. Т. Әбілмәжінов жұмыс істей бастады.

2001 жылы көптен күткен травматолог-ортопед қауымының арманы орындалып Қазақстанда травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты құрылып, оны профессор Н.Ж.Батпенов жетекшілік етті. 

Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты кафедраның негізгі клиникалық орталығы болып табылып, мұнда емдеу факультетінің травматология, ортопедия және әскери дала хирургиясын профессор Н.Б.Орловский жетекшілік етсе, ал дәрігерлерді жетілдіру факультетінің травматология, ортопедия кафедрасын профессор Ә.Ж.Абдрахманов басқарды. 

Профессор Н.Б.Орловский 2014 жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін, кафедраны профессор М.Т.Әбілмәжінов жетекшілікке алды, айта кетін болсақ негізгі ғылыми бағыты травматологиялық-ортопедия тәжірбиесін емхана амбулаториялық практика саласында қалыптастыру болып табылады.

Травматология және ортопедия кафедрасында м.ғ.д., профессор С.Қ.Рахимов, м.ғ.к. доцент Т.Н.Тұрғымбаев, ассистент Д.В.Шварц және зертханашы Л.С.Трифанчева жұмыс атқарады.

Тапсырмалар

  • білім стандартының талаптарына сай кафедрада оқу-әдістемелік, ғылыми зерттеу және клиникалық жұмыстарды ұйымдастыру ;
  • оқу бағдарламасына жаңа инновациялық әдістерді енгізу және жобалау, білім алушылардың білімін бақылау;
  • тәжірибелік денсаулық сақтауға тірек-қимыл аппаратының зақымдалулары және ауруларды емдеу бойынша жаңа инновациялық жобаларды енгізу және жобалау;
  • оқу үрдісіне оқу-әдістемелік құралдарын жобалау және жақсарту.

Мақсаттар

Оқытудың негізгі мақсаты - денсаулық сақтау саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерге сүйене отырып, травматологиялық және ортопедиялық патологияны емдеудің негізгі принциптері бойынша студенттердің білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру.

Функциялар

Білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша оқытушы-профессор құрамының оқу-әдістемелік, ғылыми және клиникалық қызметтерін мемлекеттік талаптарға сай ұйымдастыру.

Жетістіктер

Кафедра құралғаннан бері жиырма бес кандидаттық пен жеті докторлық диссертация, бір философиялық докторының PhD-і, қызметкерлер мен практикалық денсаулық сақтау дәрігерлерінің қатысуымен үш медициналық магистрлік жұмыстары қорғалды. 1450-ден астам баспа жұмыстары, соның ішінде жиырма үш монография мен оқу құралдары жарық көрді. 130-ден астам авторлық куәлік пен өнертабысқа берілетін патентқа ие болды.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамын кәсіби деңгейде үнемі жетілдіре отырып, жыл сайын ғылыми-практикалық конференцияларға, съездерге, мастер – класстарға, семинарларға, тренингтерге, шет елдік мамандардың қатысуымен болатын дөңгелек үстелдерге белсенді қатысуда. Кафедра қызметкерлері медициналық білім беру, емханалық тәжірбие және сот сараптамасы бойынша кеңесшілер жұмысын аткаруда.

Герменияда орналасқан Ганновер оқу орны, Н.Н.Приорова атындағы ҒМИЦТО (Мәскеу), Я.Л. Цивьяна атындағы ТОҒЗИ, Н.И. Пирогова атындағы РНИМУ (Мәскеу) және де Омбы, Барнаул, Грозный медициналық жоғары оқу орындарымен аттас кафедралармен тығыз байланыста. Сонымен қатар Қарағанды мен Ақтөбе медициналық оқу орындарымен жұмыс аткарады.

Кафедра қызметкерлерінің белсенді көмегімен аймақтың травматологиялық-ортопедиялық тәжірибесінде әр түрлі құрылымдағы аппараттармен компрессионды-дистракционды остеосинтез, омыртқаны қалпына келтіру операциялары ("Медилар", НИТЭК, СһМ, "Medtronic"), көкірек қуысының пішінсіздену кезіндегі реконструктивтік операциялар, "ЭСИ" және "Эскулап" фирмаларының Эхтемайер протездерімен жамбас-сан буынын эндопротездеу, бұғатталатын өзектің остеосинтезі, бұрыштық тұрақтылығы бар пластиналар, жамбас және омыртқа операциялары жүргізілді.

Сонымен қатар, кафедра қызметкерлері РМК "Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтымен" бірлесіп науқастарды травматологиялық-ортопедиялық диагностикалау мен емдеудің инновациялық тәсілдерінің жетістіктері саласында 3 ғылыми-зерттеу жобасын аяқтады.

Байланыс деректері

"ҒЗИ травматология және ортопедия" кафедрасы РМК базасында орналасқан, 010000, Нұрсұлтан қ., Абылай хан даңғ., 15а; 

байланыс телефоны: 87016570512. 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика