Дәлелді медицина курсы бар жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы

Дәлелді медицина курсы бар жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы

Басшылық
Дербисалина Гульмира Ажмадиновна
кафедра меңгерушісі

Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент

М.Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медицина университетін 1991 жылы "Емдеу ісі" факультетін үздік бітірді. Жоғары санатты дәрігер-терапевт, ҚР жанұялық дәрігерлер ассоциациясының мүшесі, Академиялық кеңесінің, "Жалпы медицина" ОБ СҚК мүшесі, коммуникативті дағдылар бойынша кәсіби жетілдіру циклінің жаттықтырушы-эесперті. 100 аса басылымдар, 20 авторлық куәлік, РОӘК ОӘБ бекітілген оқу-әдістемелік құралдарының авторы. Финляндия және Словения, Дания, Ұлыбритания, Израиль елдерінде жоғары медициналық білім беру әдістемесін зерделеген, Ұлыбританияда жанұялық медицина бойынша DFID және Британдық Кеңестің бірлескен жобасының аясында білім алды. Медицина бойынша Зальцбург семинарларының қатысушысы. Г.А. Дербисалина жетекшілігімен 8 магистрант, 3 докторант сәтті түрде жұмыстарын қорғады. 

Қажымас еңбегі және едәуір қосқан үлесі үшін көптеген алғыс хаттар мен құрмет грамоталарына ие, "Денсаулық сақтау ісінің үздігі", "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төс белгілерілерінің иегері, "Алтын шипагер - 2021" республикалық премияның "Медициналық ЖОО үздік оқытушысы" атағына ие.

Кадрлық құрам

Құрылу тарихы

90-жылдардың аяғында Қазақстанда біріншілікті медико-санитарлы көмекті реформалау жұмыстары басталды, айта кетсек, өркениетті елдерде кеңінен тараған жанұялық медицина енгізіле басталды. Осыған орай, Қазақстан Республикасы білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігінің денсаулық сақтау Комитетінің төрағасы Рахыпбеков Толебай Косиябекович медициналық ЖОО-да сәйкес мамандарды даярлау мақсатында жанұялық медицина кафедраларын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарды.

Жаңа кафедраны ұйымдастыру білікті профессор Венера Амиржановна Омароваға ұсынылды, және бұл кісінің жетекшілігімен 1998 жылдың қаңтар айында жанұялық медицина кафедрасы құрылды.

1999 жылдың ақпан айынан бастап м.ғ.д., профессор Рафаил Иосифович Розенсон кафедра меңгерушісі болып тағайындалды. 2000 жылдың желтоқсан айынан бастап кафедраны м.ғ.к., доцент Константин Анатольевич Гаркалов басқарды. Гаркалов К.А. басқару кезеңінде ҚР ДСМ және Британдық Кеңестің бірлескен жобасы аясында АҚШ Жалпы дәрігерлік практика бойынша тәжірибе алмасу үшін шетелдік спикерлер шақырылды.

2005 жылы кафедра меңгерушісі болып м.ғ.к., доцент Думан Кажибаевич Туребеков тағайындалды. Кафедра ұсынысымен ҚР жанұялық дәрігерлер Ассоциациясы ұйымдастырылды.

Құрылу сәтінен бастап кафедра қайта құрылудың бірнеше кезеңдерінен өтті: жанұялық медицина кафедрасы, жалпы тәжірибелі дәрігерлерді даярлау кафедрасы. 2007 жылдан бастап кафедра № 1 жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы болып қайта құрылды. Қайта құрылған кафедраны басқаруға м.ғ.к., доцент Гульмира Ажмадиновна Дербисалина тағайындалды. 2020 жылдан бастап кафедра атауы "Дәлелдемелі курсымен Жалпы дәрігерлік тәжірибе" кафедрасы болып ауыстырылды.

 

Миссиясы

Кафедра науқастардың емі, диагностикасы және алдын алу жұмыстарында маңызды орын алатын, науқастар денсаулығын жақсартуға үлес қосатын, және білім беру саласында алдыңғы қатарлы медициналық зерттеулер мен инновацияларды жүргізе алатын жоғары санатты, әлеуметтік жауапкершілігі бар денсаулық сақтау ісінің мамандарын дайындауға бағытталған. 


Мақсаттары:

1. Студент-орталықтандырылған медициналық білім беруде жоғары сапа стандартын және инновацияны қамтамасыз ету.

2. Медициналық білім беру мен ғылыми-зерттеу қызметінің интеграциясы.

3. Медициналық білім берудің жоғары сапасына және денсаулық сақтау мамандарын практикалық даярлауға үнемі ұмтылу.


Міндеттері:

1. Сапалы медициналық білім беру стандарттарын арттыру және қолдау.

2. Білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру.

3. Заманауи ғылыми мәліметтер негізінде тиімді шешім қабылдау мақсатында студенттерді оқыту аясында дәлелдемелі медицина қағидаларын біріктіру.

4. Тәжірибе алмасу және білім алушылардың даярлық деңгейін арттыру үшін түрлі елдердің сарапшыларын тарта отырып, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.

5. Халықаралық ғылыми диалогқа қатысу үшін рецензияланатын журналдарда нәтижелерін жариялай отырып, ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру.

6. Студенттердің ғылыми бастамаларын қолдау және олардың ғылыми қоғамдастыққа белсенді қатысуға деген қызығушылығын қалыптастыру.

7. Оқытудың инновациялық әдістерін енгізу және оқу процесінің тиімділігін арттыру үшін заманауи технологияларды пайдалану.


Қызмет

Білім беру қызметі

Кафедраның оқу жоспары 1-6 курс студенттерін қамтиды және  жалпы тәжірибелік дәрігердің жұмысындағы ішкі ауруларды зерттеу, ғылыми зерттеу негіздері және дәлелді медицина негіздері бойынша пәндерді қамтиды.

Кафедра магистранттар мен докторанттарға ғылыми жетекшілік жасайды, сонымен қатар магистратура мен докторантураның негізгі, бейіндік және элективті пәндері бойынша оқытуды жүзеге асырады.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы сабақ өткізу барысында оқытудың әртүрлі әдістемелерін қолданады, соның ішінде "рөлдік ойындар – дәрігер-пациент", "ми шабуылы", "шағын топтардағы жұмыс", "Kahoot" және т. б. Кафедрада TBL, CBL, PBL, RBL түрінде оқытудың инновациялық интерактивті әдістері белсенді енгізіліп, қолданылады, ОСКЭ әдісі бойынша емтихан қабылдау. Кафедра қызметкерлері университеттің ПОҚ үшін интерактивті оқыту әдістері, тестология, коммуникативтік дағдылар бойынша оқу-әдістемелік тренинг-семинарларын үнемі өткізеді.

Кафедра оқытушылары өздерінің педагогикалық, коммуникативтік құзыреттерін үнемі арттырып отырады және Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де білім беру және әдістемелік конференцияларға қатысады.

Клиникалық қызметі:

Кафедраның клиникалық базалары – алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар (№ 2, 6, 7, 8, 11, 14 қалалық емханалар, «Green Clinic» медициналық орталығы, Республикалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы, дәстүрлі және халық медициналық орталығы).

Клиникалық базаларда кафедра қызметкерлері пациенттерді қабылдауды, күндізгі стационарда науқастарды жүргізуді жүзеге асырады, диагностика және емдеу мәселелерінде дәрігерлерге кеңестік қолдау көрсетеді, медициналық құжаттаманы сараптауға, консилиумдарға қатысады, медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін семинарлар мен дәрістер ұйымдастырады.

Ғылыми қызметі:

Профессорлық-оқытушылар құрамы зерттеу қызметімен белсенді айналысады, жақын және алыс шет елдерде өткізілетін халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға баяндамашы ретінде қатысады, ғылыми қызмет нәтижелерін рейтингтік журналдарда жариялайды, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде әдістемелік ұсынымдар мен құралдар әзірлейді.

Ғылыми және инновациялық жобаларға қатысу:

PhD Н.К. Нургалиева 2011-2012 жылдары ҚР ДСМ және ДДҰ Еуропалық бюросының "Қазақстан Республикасындағы климаттың өзгеруіне Денсаулық сақтау жүйесін бейімдеу" жобасының бірлескен жобасының консультанты болды және жобаны іске асыруға қосқан маңызды үлесі үшін ДДҰ Еуропалық бюросы тарапынан алғыспен марапатталды.

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к. Дербисалина Г.А., MSc Бекбергенова Ж.Б. 2013-2015 жылдары "TEMPUS" ‒ "establishment of the Supra-Regional network of the National centres in medical Education, focused on PBL and Virtual" халықаралық жобасының жұмыс тобына қатысты.

MSc Ж.Б. Бекбергенова 2015-2018 жылдары Erasmus+ "Медициналық қателіктерді болдырмау үшін оқыту – training against medical errors: TAME" халықаралық жобасының тьюторларының жаттықтырушысы болды.

2017 жылы м.ғ.д., профессор Т.З. Сейсембековтың жетекшілігімен м.ғ.к. Г.А. Дербисалина және PhD Н.К. Нургалиева ҚР БҒМ гранттық қаржыландыруды жеңіп алып, "Климат-метеорологиялық және аймақтың экологиялық факторларын ескере отырып, біріншілікті медициналық-санитарлық көмек жағдайында жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімнің кешенді алдын алу және азайту" жобасына қатысты.

М.ғ.к. Дербисалина Г.А. және PhD докторы Умбетжанова А.Т. 2018 жылдан 2020 жылға дейін Эразмус+: ProInCa "Мейірбике саласындағы жоғары білім берудің инновациялық әлеуетіне жәрдемдесу" халықаралық жобасына қатысты.

2019 жыл PhD Умбетжанова А.Т., м.ғ.к. Жунусова Д.К., MSc Бекбергенова Ж.Б. Дүниежүзілік Банктің "Мейірбике саласындағы мамандардың кәсіби ортасын дамыту және мейірбикелерді қайта даярлау жүйесін жетілдіру жөніндегі кеңестікқ қызметтер" жобасы шеңберінде негізгі сарапшылар ретінде жұмыс атқарды. Келісімшарт № SHIP-2.3/CS-18.

2020 жылдың қараша айынан бастап м.ғ.к.. Дербисалина Г.А., м.ғ.к. Жунусова Д.К., MSc Бекбергенова Ж.Б., MSc Машарипова А.В., MSc Батарбекова Ш.К. және кафедра магистранттары "Аccelerating Master and PhD level nursing education development in the Higher Education System in Kazakhstan Acceled" Эрасмус жобасына қатысуда. Сонымен Қатар MSc Бекбергенова Ж.Б. ‒ ҚР БҒМ AP14870224 "Заманауи инновациялық технологияларды пайдалана отырып, химиотерапия процесінде бауыр обыры бар науқастарда жүрек-қан тамырлары асқынуларының алдын алу мен емдеудің тиімді бағдарламасын әзірлеу" гранттық қаржыландыру жобасының аға ғылыми қызметкері.

2023 жылдың қазан айында Дербисалина Г.А. жетекшілігімен кафедрасының қызметкерлері PhD Қасым Л.Т., MSc Алибекова Г.А. және MSc Землянская Н.С. "Медициналық ЖОО зерттеушілерінің ғылыми бейіндерінің көрінуін оңтайландыру" және "Болашақ докторанттар үшін жазғы қарқындылық (PhD алдындағы бағдарлама)" атты екі инновациялық жобаны ЖОО ішілік гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпаздары атанды".


Жетістіктер

Екі жыл қатарынан – 2019 және 2020 жылдары кафедра клиникалық кафедралар рейтингінде бірінші орынды иеленді.

2023-2024 оқу жылында кафедра КПД қол жеткізу бойынша ЖОО-ның барлық кафедралары арасында үздік 20-кафедра қатарына кірді.

"ДМ курсымен ЖТД" кафедрасы "Жалпы медицина" мамандығы бойынша университеттің бакалаврлары үшін бітіруші кафедра болып табылады (жыл сайын 700-900 түлек).

М.ғ.к., кафедра доценті Келимбердиева Э.С. 2017 жылдан бастап "Жалпы медицина" білім беру бағдарламасы бойынша 5 курс студенттерінің қорытынды мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жауапты хатшысы.

Кафедра қызметкерлері "Жалпы медицина" және "Мейіргер ісі" білім беру бағдарламаларын аккредиттациялау процесіне, сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы WFME/AMSE стандарттарының талаптарына сәйкес "АМУ" КеАҚ институционалдық аккредиттацияның өзін-өзі бағалау рәсімін жүргізуге белсенді қатысты.

Сондай-ақ, кафедра қызметкерлері диссертациялық кеңестердің қызметіне белсенді қатысуды жалғастыруда. 2022 жылдың ақпан айының басынан бастап "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша ғылыми хатшының міндеттерін PhD А.Т. Умбетжанова сәтті орындап келеді, ол осы лауазымда PhD Н.К. Нургалиеваны ауыстырды.

Жыл сайын профессор-оқытушылар құрамы дәлелді медицинаның, жалпы дәрігерлік практиканың және мейірбике ісінің қазіргі заманғы аспектілерін қамтитын үш тілде оқу-әдістемелік әдебиеттер шығарады.

Кафедраның ПОҚ республикалық және халықаралық деңгейдегі кәсіби қауымдастықтардың мүшелері болып табылады: Қазақстанның отбасылық дәрігерлер қауымдастығы, Қазақстан кардиологтары қауымдастығы, Ресей кардиологиялық қоғамы, ISPOR, Council on Hypertension, European Association of Acute Cardiovascular Care (ACVC), European Association of Percutaneous Cardiovascular Interventions (EAPCI), Heart Failure Association of the ESC (HFA), European Association of Preventive Cardiology (EAPC), European Association of Cardiovascular Imaging (EACVI).

Кафедраның барлық қызметкерлері жыл сайын біліктілікті арттыру бойынша іс-шараларға қатысады, шетелде тағылымдамадан/оқудан өтеді, шығыс академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысады, өз жұмысында инновациялық білім беру технологияларын қолданады.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының жетекшілігімен СҒҚ студенттері мен жас ғалымдар жыл сайын ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, үздік нәтижелерге қол жеткізіп, жүлделі орындарға ие болады. Осылайша, 2023 жылы кафедра ассистенттері MSc Н.С. Землянская мен MSc Г.А. Алибекованың жетекшілігімен медицина мектебінің 5 курс студенттері А.Ж. Садықова мен А.А. Вервейн "Жалпы медицина" бағыты бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауында 2 орын алды.

Кафедра оқытушылары дәрігерлерге, мейірбике ісінің мамандарына, медициналық университеттердің, медициналық ұйымдардың, жоғары медициналық колледждердің оқытушыларына дәріс оқиды, Ресей, Өзбекстан, Словения, Канада, АҚШ, Финляндия спикерлерін тарта отырып, академиялық ұтқырлық пен семинарлар өткізуді ұйымдастырады. 2022 жылы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қазан мемлекеттік медицина академиясының Қоғамдық денсаулық сақтау, Экономика және денсаулық сақтауды басқару кафедрасының доценті Д.И. Мараповтың келуі ұйымдастырылды, біздің университеттің магистранттары, докторанттары мен оқытушылары үшін "Медициналық статистика" оқыту курсын өткізді. 2023 жылы Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медицина қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін дамыту орталығының клиникалық пульмонология және фтизиатрия кафедрасының меңгерушісі Н.Н. Убайдуллаева "Жалпы медицина" мамандығының 5 курсына арналған "Пульмонология" блогы бойынша практикалық сабақтар өткізді.

Кафедра қызметкерлерінің университеттен, медициналық ұйымдардан және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен алғыс хаттары, марапаттары бар:

Дербисалина Г.А. 2021 жылы "Алтын шипагер - 2021" Республикалық сыйлығының "Медицина Университетінің Үздік оқытушысы" атағына ие болды.

Ахметова Д.Н. 2022 жылы "АМУ" КеАҚ "Еңбек ардагері" медалімен марапатталған.

Жунусова Д.К. ‒ 2020 жылы "АМУ" КеАҚ профессор-оқытушылар құрамының білім беру қызметінің рейтингі бойынша "Клиникалық кафедралардың үздік оқытушысы" номинациясының жеңімпазы және 2022 жылы "Күміс төс белгісімен" марапатталды.

Умбетжанова А.Т. және Бекбергенова Ж.Б. 2020 жылы "АМУ" КеАҚ профессор-оқытушылар құрамының ғылыми қызметінің рейтингі бойынша "Клиникалық кафедраларының үздік оқытушысы" атағына ие болды, сондай-ақ 2014 жылы "Жас дарын" номинациясының жеңімпазы Бекбергенова Ж.Б. 2020 жылы "АМУ" КеАҚ профессор-оқытушылар құрамының ғылыми қызметінің рейтингі бойынша "Үздік жас ғалым" атанды.

Юсубалиева С.М. 2016 жылы "Aesculapius – III жаңа дәуірге дейінгі ғасыр" медалімен марапатталған.

м.ғ.к. Рахымгалиева Г.Б. 2021 ж. "Медицина қызметкерлері» күніне орай,

«Білім және ғылым саласының дамуына қосқан зор үлесі үшін" медалімен марапатталды.

PhD Қасым Л.Т. 2024 ж. "Жас дарын" номинациясының жеңімпазы, ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің "Қазақстан Республикасының жоғары білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін" алғыс хатымен марапатталды.

MSc Алибекова Г.А. ‒ 2024 ж. Астана медицина университетінің қола төсбелгісімен марапатталды.

Махаметова М.Г. "АМУ 60 жыл мерейтойлық медалі" төсбелгісімен марапатталды

"Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгілеріне ие

М.ғ.к. Дербисалина Г.А.

М.ғ.к. Рахымгалиева Г.А.

PhD Нургалиева Н.К.

MSc Бекбергенова Ж.Б.

MSc Землянская Н.С.

"Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен нараппаталған

М.ғ.к. Дербисалина Г.А.

М.ғ.к. Рахымгалиева Г.А.

Байланыс

Астана қ., Абай даңғылы, 47. 8-қабат, 811-кабинет

тел. 8 (7172) 44 41 98

e-mail: generalpractice.amu@gmail.com

https://www.facebook.com/generalpracticedepartment/

https://www.instagram.com/generalpractice.amu

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика