Нормативтік-реттемелеуші құжаттар
Положение о службы внутреннего аудита АО «Медицинский Университет Астана» утверждено 04 февраля 2009 года Советом директоров АО «МУА». Служба начала свою деятельность 24 декабря 2008 года.
«Астана медицина университеті» АҚ-тың ішкі аудит қызметі ережесін «АстМУ» АҚ-тың Директорлар кеңесі 2009 жылдың 04 ақпанында бекітті. Қызмет өз жұмысын 2008 жылдың 24 желтоқсанында бастады.
Regulation on the Internal Audit Service of JSC “Astana Medical University” approved on 4th February 2009 by the Board of Directors of JSC «AMU». The Service started its actual activity on 24th December 2008.
Тапсырмалар
- «АстМУ» АҚ-тың қаржылық, операциялық және басқа да жүйелер мен рәсімдерді объективті және бейтарап тексеру және бағалау арқылы «АстМУ» АҚ-тың қаржылы-шаруашылық қызметіне ішкі аудит жүргізу;
- «АстМУ» қызметінде анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталғын уақтылы және тиімді шешімдерді қабылдау;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқы аудиторлармен өзара тиімді қатынас орнату, есеп беру мен есептіліктің дұрыстығы, ішкі аудитті ұйымдастыру, Университет қызметкерлерінің заңды бұзу әрекеттерінің алдын алу және тәртіпбұзушылықты жою.
Функциялар
- Есепке алу, ішкі бақылау жүйелерін, «АстМУ» АҚ-ты және жұмысының тиімділігі жағынан тәуекелдерді басқаруды бағалау, тексеру. Бағалау келесідей бағыттарда жүргізіледі: қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелілігі және тиімділігі; ұсынылатын медициналық қызметтің тиімділігінің және қауіпсіздігінің сапасы, активтердің сақталуы; (сыртқы және ішкі) есептердің дәлдігі; есепке алу жүйесі мен бухгалтерлік, басқарушылықты бақылау процедураларын, қызметкерлердің белгіленген әдістемелер мен ережелерді ұстануы; қызметтің заңнама нормаларына, ішкі ұйымдық-өкімдік құжаттар мен стандарттарға сай болуы.
- Бақылауға бағдарланған әдістемелерді және процедураларды жетілдіру, тиісті нұсқаулықтарды әзірлеу;
- «АстМУ» менеджментіне жүргізілген аудит нәтижелеріне сәйкес іс-шаралар жоспарын әзірлеуге кеңестер беру, сондай-ақ іс-шара жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету;
- «АстМУ» менеджментіне ІАҚ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
- «АстМУ» АҚ-та коммерциялық, қызметтік және басқа да заңмен қорғалатын құпиялардан тұратын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ететін шараларды бақылау;
- «АстМУ» қызметінде ІАҚ анықтаған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жұмыстарына мониторинг жүргізу және нәтижелерін «АстМУ» АҚ Директорлар кеңесіне ұсыну;
- «АстМУ» ішкі аудит жұмысын жақсарту мақсатында, ІАҚ өз қызметінде ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарын қолдану;
- Ішкі аудит жүйесін жетілдіру мақсатында сыртқы аудиторларман байланыс орнату;
- Директорлар кеңесіне ІАҚ атқарған қызметтері жайлы тоқсандық және жылдық есепті ұсыну;
- «АстМУ» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің кезекті отырысында күн тәртібіне қойылатын әр мәселеге қорытынды дайындау.
Байланыс деректері
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі,49А,
Бас корпус
Тел: 8(7172) 53 94 31