Ғылыми қызмет жөніндегі комитет

Ғылыми қызмет жөніндегі комитет

Басшылық
Хамчиев Курейш Мавлович
Комитет Төрағасы

Астана медицина университеті» КЕАҚ, қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент, профессоры. «Медицина» мамандығы бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық Кеңестің төрағасы, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнының үздік оқытушысы.

E-mail: khamchiyev.k@amu.kz

Кадрлық құрам

Ғылыми қызмет жөніндегі комитет (бұдан әрі - Комитет) - «Астана медицина университеті» КеАҚ-та Ғылыми кеңеске ғылым мәселелер бойынша шешімдер қабылдауда қолдау көрсететін тәуелсіз кеңесші орган.

Өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 07 шілдедегі №360-VI Кодексін, Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы №407-IV Заңын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

Комитет Басқарма төрағасы – ректордың 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 35нқ «Астана медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ғылыми кеңесі комитеттерінің құрамын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес құрылды.

Комитет құрамына төраға, төрағаның орынбасары, хатшы (дауыс беру құқығынсыз) және Комитет мүшелері кіреді.

Комитеттің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

Комитет қоғамдық негізде жұмыс істейді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика