Әкімшілігі
Койков Виталий Викторович
Басқарма төрағасы-Ректордың міндетін уақытша атқарушыКойков Виталий Викторович
Басқарма төрағасы-Ректордың міндетін уақытша атқарушы
2001 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын бітірді, медицина ғылымдарының докторы, биохимик-дәрігер, иммунолог-аллерголог, іскерлік әкімшілендіру магистрі - City Business School, Ресей Мәскеу қ., 2021ж., іскерлік әкімшілендіру магистрі - Al Business School, Ұлыбритания, Лондон 2021ж.
«Назарбаев Университеті» ДББҰ Биомедициналық кеңесінің, ҚР ДСМ СБК медициналық көмек көрсетуді стандарттау, аккредиттеу және денсаулық сақтаудың адами ресурстарын дамыту комитетінің мүшесі, Journal of Health Development ғылыми-практикалық журналының бас редакторы, ISPOR Денсаулық сақтау экономикасы және зерттеу мәселелері жөніндегі халықаралық кәсіби қоғамның және «Health Systems Global» денсаулық сақтау жүйелерін зерттеу саласындағы халықаралық кәсіпқойлар ұйымының мүшесі болып табылады.
Жұмыс тәжірибесі:
2002 – 2007жж. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында зертханашы, кафедра доценті қызметін атқарды;
2007 – 2008жж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаменті Медициналық білім беру және ғылым басқармасының сарапшысы;
2008 – 2010жж. «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Ғылым және білім беру мәселелері жөніндегі топтың білім беру менеджері;
2009 – 2011жж. ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту институты» РМК директорының ғылым жөніндегі орынбасары;
2011 – 2012жж. ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК Ғылым және білім департаментінің директоры, ғылыми хатшы;
2012 – 2014жж. ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК, Денсаулық сақтаудағы ғылыми зерттеулер, сараптама және инновациялық қызмет орталығының басшысы;
2014 – 2016жж. ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК Медицина ғылымы мен білімін дамыту департаментінің директоры;
2016 – 2018жж. ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК Адами ресурстар мен ғылымды дамыту орталығының басшысы;
2018 – 2021жж. ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК Білім мен ғылымды дамыту орталығының басшысы;
2021 – 2022жж. ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» РМК Басқарма төрағасының орынбасары.
ҚР, жақын және алыс шетел басылымдарында 250-ден астам жарияланымдары (оның ішінде Scopus, Web of Science индекстелетін басылымдарда 29 жарияланым), ҚР ДСМ әдістемелік ұсынымдары, монографиялары мен оқулықтары бар.
Мемлекеттік наградалары мен құрметті атақтары: «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі, 2011 жыл, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттік және қоғамдық қызметке сіңірген еңбегі үшін құрмет грамотасы, 2014 жыл; «ҚР денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі, 2016 жыл, «Ерен еңбегі үшін» медалі, 2021 жыл.
Жүнісова Айгүл Битімбайқызы
ПроректорЖүнісова Айгүл Битімбайқызы
Проректор
Білімі: жоғары.
1) Семей мемлекеттік медицина институты, педиатрия факультеті, дәрігер-педиатр, 1992 жыл;
2) Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Қаржы менеджменті, 2001 жыл;
Ғылыми дәрежесі: Медицина ғылымдарының кандидаты, 2004 жыл.
Ғылыми жарияланымдары: 90-нан астам жарияланымның авторы (педиатрия, медициналық генетика, медициналық білім беру ұйымы саласындағы тезистер мен мақалалар).
Марапаттары: Дарынды және жас ғалымдарға арналған ҚР БҒМ сыйлығының лауреаты 2004-2006 жыл;
ҚР ДСМ "Денсаулық сақтау үздігі" төсбелгісі – 2010 жыл.
Жұмыс тәжірибесі:
1992-1994 жж. – СММИ факультеттік педиатрия кафедрасының клиникалық ординаторы.
1994-2006 жж. – СММИ госпитальдық педиатрия кафедрасының ассистенті.
2006-2007 жж. – инновациялық технологиялар және оқыту сапасының мониторингі бөлімінің бастығы.
2007-2012 жж. – Семей қ. ММУ оқу-әдістемелік орталықтың бастығы.
2012-2018 жж. – Семей қ. ММУ оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор.
2018-2019 жж. – Семей қ. ММУ халықаралық инновациялық білім департаментінің директоры.
2019-2022 жж. – Семей қ. ММУ академиялық жұмыс департаментінің директоры.
2022-2023 жж. – «Астана медицина университеті» КеАҚ аккредиттеу және рейтинг орталығының басшысы.
Бірнеше рет медициналық жоғары оқу орындарын тексеру бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссияларының құрамына кірді. Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеудің, ұлттық медициналық орталықтардың, ҒЗИ мен жоғары оқу орындарының сыртқы сараптама комиссиясының төрағасы және мүшесі, ҚР ДСМ жанындағы МЖМБС әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болды.
Израильде, Түркияда медициналық білім беру менеджменті мәселелері бойынша, Данияда Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясының кеңсесінде аккредиттеу мәселелері бойынша оқыған.
Сайдангазин Диас Дәулетбекұлы
ПроректорСайдангазин Диас Дәулетбекұлы
Проректор
Диас Сайданғазин 1991 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Астана медицина университетінің түлегі. Сондай-ақ, Алматы менеджмент университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітіріп, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде және Израильдегі Райхман университетінде денсаулық сақтаудағы инновациялар саласында MBA дәрежесін алды. Президенттік жастар кадр резервінің резервисі, «Денсаулық сақтау саласының қазақстандық жас көшбасшылар қауымдастығы» РҚБ тең құрылтайшысы болып табылады.
Жұмыс тәжірибесі:
2014-2016 жж. – жеке медициналық клиникада маркетинг бөлімінің басшысы
2016-2017 – «University medical Center» корпоративтік қорының Республикалық диагностикалық орталығының бас менеджері
2017-2019 – «Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Стратегиялық даму және жобаларды басқару бөлімінің бас маманы
2019-2020 – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды
2020-2021 – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі хатшылықтың аға сарапшысы
2021-2022 – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Салидат Қайырбекова атындағы Денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК Денсаулық сақтау менеджменті және кадр ресурстары департаментінің директоры
2022-2023 – «Астана медицина университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректорының кеңесшісі
2023-2024 – «Астана медицина университеті» КеАҚ Ректор аппараты басшысының міндетін атқарушы
IPMA жобасының сертификатталған менеджері, D деңгейі. Course in innovation in Medicine, Pharmaceutics and Public health в Graduate school of Management in Barсelona курсынан өткен. Астана қаласының әкімі Б.Т. Сұлтановтың, ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртановтың, ҚР Премьер-Министрі А.У. Маминнің алғыс хаттарымен марапатталған.
Газалиева Меруерт Арстановна
ПроректорГазалиева Меруерт Арстановна
Проректор
Газалиева Меруерт Арстановна 2005 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының емдеу факультетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша үздік бітірді, 2006 жылы интернатураны – «Дәрігер» дайындық бағыты бойынша сәтті аяқтады, 2007 жылы Колумбия университетінде «Ғылыми зерттеулер менеджменті» (АҚШ) бағыты бойынша оқып мамандандырылды, 2009 жылы «Дәрігер иммунолог-аллерголог» дайындық бағыты бойынша мамандандырудан өтті, Сондай-ақ, 2011 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша, 2014 жылы Алматы Экономика және статистика академиясында «Менеджмент» мамандығы бойынша, 2018 жылы Орталық Қазақстан Академиясында «Психология» мамандығы бойынша оқып бітірді. Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі.
Жұмыс тәжірибесі:
2006-2007 жж. -амбулаториялық-емханалық терапия және отбасылық медицина кафедрасының ассистенті, Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы;
2007-2010 жж. -докторант, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті;
2012-2013 жж.-доцент, ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті;
2013-2019 жж. -Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің клиникалық иммунология, аллергология және микробиология кафедрасының меңгерушісі;
2018-2022 жж. – "DiVera" Облыстық аллергологиялық орталығының "OLYMP MEDICAL GROUP" ЖШС бас дәрігері;
2018-2022 жж. -Қарағанды облысының бас штаттан тыс аллергологы;
2019-2022 жж. - "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ медицина мектебінің деканы;
2012 ж. - корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу және жоғары оқу орындарына автономия беру тетігін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі;
2012 ж. - ҚР ДСМ ғылыми-техникалық бағдарламаларының сарапшысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар бойынша сарапшы;
2013 ж. - Қарағанды облысының тұрғындарына мамандандырылған көмек көрсету үшін ҚР ДСМ және СР ҒТ ҰО және ПЗ клиникасы базасында аллергологиялық орталық құрудың бастамашысы;
2013 ж. - медициналық мамандықтар бойынша тест тапсырмаларын сараптау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі;
2014 ж. - клиникалық хаттамаларды тексеру және әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі;
2015 ж. - ҚР аллергологиялық қызметі бойынша стандартты әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі.
Қоғамдық ұйымдарға мүшелік:
2007 ж. - Қазақстан дәрігерлер және провизорлар қауымдастығының мүшесі;
2015 ж. - Еуропалық аллергологтар мен клиникалық иммунологтар қауымдастығының мүшесі;
2015 ж. - Ресей аллергологтар және клиникалық иммунологтар қауымдастығының мүшесі;
2016 ж. – Қазақстан Республикасының аллергологтар және клиникалық иммунологтар қауымдастығының мүшесі.
Аллергология, иммунология, ішкі аурулар және денсаулық сақтауды ұйымдастыру мәселелеріне арналған 210-нан астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 4 монография, 7 патентке дейінгі, зияткерлік меншік туралы 7 куәлік, 1 оқу-әдістемелік құрал, 4 оқу құралы. Хирш индексі Scopus - 4, Web of Science - 3.
Мемлекеттік наградалардың, құрметті атақтардың иегері: ҚР Тұңғыш Президенті Қорының лауреаты (2008 ж.), «ЖОО-ның үздік оқытушысы» республикалық байқауының жеңімпазы (2009 ж.), Қарағанды облысы әкімінің «Жылдың жас ғалымы» сыйлығының лауреаты (2011 ж.), жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия иегері (2013 ж.), ғылымның еңбек сіңірген қайраткері және Ресей Жаратылыстану Академиясының білімі (2015 ж.), ҚР ДСМ «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі (2021 ж.).
Мараджапов Бахтиёр Иркинович
Қаржы директорыМараджапов Бахтиёр Иркинович
Қаржы директоры
1995 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын инженер-экономист мамандығы бойынша, ал 2002 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты (2008 ж.), кәсіби бухгалтер (2016ж.), Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудиторы (2016 ж.), аудитор (2019ж.).
Жұмыс тәжірибесі:
1990ж. маусым – 2000ж. шілде – аяқ киімді керушінің шәкірті қызметінен бастап «Технолог» ЖШС экономисі, Тараз қ.;
2000ж. шілде – 2008ж. маусым – Жамбыл облысының салық органдарында және «Астана – жаңа қала» АЭА (маман, жетекші маман және бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығы) қызмет атқарды;
2008ж. маусым – 2009ж. қаңтар – ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің бас сарапшысы;
2009ж. қаңтар – 2009ж. қазан – Жамбыл облысы бойынша Салық департаменті Мәжбүрлеп өндіріп алу басқармасының бастығы;
2009ж. қазан – 2016ж. маусым – ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінде (бас сарапшы, Талдау, жоспарлау және есептілік басқармасының басшысы, № 2 бюджеттің атқарылуын бақылау басқармасының басшысы, Астана қаласы бойынша инспекция басшысы, Комитет төрағасының орынбасары);
2016ж. маусым – 2016ж. қараша – ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары;
2016ж. қараша – 2019ж. қараша – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің жұмысын ұйымдастыру бөлімі, экономиканы дамытудың мемлекеттік аудит бөлімі, қаржыны басқарудың мемлекеттік аудит бөлімі, экономиканың нақты секторының аудит бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2020ж. наурыз – 2020 ж. шілде – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі;
2020ж. қыркүйек – 2021ж. қаңтар – «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары (Нұр-Сұлтан қ. проблемалық объектілердің құрылысын аяқтау жөніндегі уәкілетті ұйым);
2021ж. маусым – 2021 ж. қараша – «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК Ішкі аудит қызметінің басшысы;
2021ж. қараша – 2021ж. желтоқсан – «Астана медицина университеті» КеАҚ Ішкі әкімшілік департаментінің директоры, Нұр-Сұлтан қ.
Мемлекеттік наградалары:«Құрмет» ордені, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік
медалі, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалі, Ұжымдық
қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) төсбелгісі.
Тиес Ардак Сиязбекович
Басқарушы директорТиес Ардак Сиязбекович
Басқарушы директор
Образование:
• Алматинская высшая школа Министерства внутренних дел Республики Казахстан (1995), Специальность «Юрист»
• Карагандинский экономический университет (2005), Специальность «Экономист»
• Ақш-тың йель университеті, "Advanced Leadership Program For Management" Мамандығы (біліктілікті арттыру)
С 1994 по 2001 год занимал различные должности в органах МВД, Генеральной прокуратуры и Министерстве юстиции Республики Казахстан.
С 2001 по 2006 год работал на различных руководящих должностях административного и политического государственного служащего.
С 2006 по 2020 год занимал руководящие посты в ряде квазигосударственных компаний, таких как АО «НК «Социально-предпринимательская корпорация «Сарыарка», АО «Национальный инновационный фонд», АО «БТА Банк», АО «Инвестиционный фонд Казахстана», АО «Банк развития Казахстана», АО «Астанаэнергосервис» и РГП «Казводхоз».
До июня 2023 года возглавлял аппарат Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан. В настоящее время продолжает свою карьеру в НАО МУА.
Имеет ряд ведомственных и правительственных наград, включая три государственные награды:
• Орден «Құрмет»,
• Медаль «Ерең еңбегі үшін»,
• Почетная грамота РК.
Подполковник гражданской защиты.