I КЕЗЕҢ ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫ

Күнтізбелік жылдың 3-25 шілдесі аралығында қабылдау комиссиясы қабылдау емтиханына қатысу үшін резидентураға түсуші құжаттарды қабылдайды:

1) резидентураға түсуге арналған конкурсқа қатысу туралы Басқарма Төрағасы – ректордың атына өтініш;
2) "дәрігер"біліктілігі берілген жоғары білім туралы құжат (қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсырған кезде), көшірмесі (ақпараттық жүйе арқылы берген кезде). Шетелде медициналық білім алған адамдар өздерінің білімін тану және (немесе) "дәрігер"біліктілігін беру туралы құжатты ұсынады. Қабылдау кезінде жоғары білім туралы құжаттың түпнұсқасы және (немесе) білімін тану, "дәрігер" біліктілігін беру туралы құжат қабылдау комиссиясына тапсырылады;

3) барлық оқу кезеңінде GPA көрсетілген транскрипт (1-7 курстар);

4) интернатураны бітіргені туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

5) денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификаты немесе сертификаты туралы мәліметтер (шет мемлекет берген құжаттардың көшірмесі);

6) ҰЭО өткізетін тәуелсіз емтиханды тестілеу нәтижелері (2013-2018 жылдары интернатураны бітірген адамдар үшін)немесе ҰЭО өткізетін тәуелсіз емтиханның бірінші және екінші кезеңдерінің нәтижелері (2019 жылдан бастап интернатураны бітірген адамдар үшін);

7) жеке куәліктің көшірмесі;

8) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама / флюорография;

9) неке қию туралы куәлік (бар болса) (Platonus ААЖ тіркеу үшін цифрлық құжаттар сервисінен көшірме, электрондық құжат);

10)еңбек кітапшасының көшірмесі (Platonus ААЖ тіркеу үшін цифрлық құжаттар сервисінен еңбек өтілі бар адамдар үшін, түпнұсқасы, көшірмесі, электрондық құжаты);

11) ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингтік ғылыми басылымдарда (бар болса);

12) ғылыми стипендиялар, гранттар беру туралы сертификаттар (бар болса);

13) ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер (бар болса);

14) ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысқаны үшін грамоталар және (немесе)дипломдар (бар болса);

15) өлшемі 3х4 сантиметр болатын алты фотосурет (кесілген және конвертке бүктелген);

16) картон папка-байланыстырғыш, 3 файл;

17) А4 форматындағы конверт;

18) қолхат.

Қабылдау комиссиясына құжаттарды пункттерде санамаланған құжаттардың көшірмелерімен бірге берген кезде 4),7),9),10) салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін түсушінің қатысуымен жүргізілетін салыстырып тексеру үшін түпнұсқада ұсынылады, құжаттардың түпнұсқалары қайтарылады.

Құжаттарды қабылдау комиссиясының техникалық хатшысына ұсынғанға дейін үміткерлер Platonus ААЖ тіркеу рәсімінен өтуі тиіс.

Құжаттардың толық емес тізбесін ұсынған кезде қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

Өтініш резидентураның бір білім беру бағдарламасы бойынша қабылданады.

Резидентураға түсетін тұлғалар білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтиханын тапсырады. Бұл ретте оқуға түсуші түсу емтиханын тек оқуға түсетін жжокбұ-ға тапсырады.

Резидентураға түсу емтихандары 8-16 тамыз аралығында өткізіледі (кестеге сәйкес).

Резидентураға түсуші тұлғалар түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспей, түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін апелляциялық комиссия төрағасының атына апелляцияға өтініш береді.

II КЕЗЕҢ-МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША ОҚУҒА ТҮСУ

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға іріктеу бойынша конкурсқа түсу емтиханы мен конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша 75 және одан жоғары балл жинаған тұлғалар қатыса алады.

Түсушілер университет резидентурасына қабылдау білім беру бағдарламасы бойынша түсу емтихандарының, барлық оқу кезеннің (1-7 курсқа дейін) GPA (барлық бағалардың орташаланған балы) алдыңғы деңгейінің және интернатураның қорытынды мемлекеттік аттестаттау (бұдан әрі – ҚМА) нәтижелерінің нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда дәрігерлік өтілі бар тұлғалар басым құқыққа ие болады. Содан кейін білім беру бағдарламасының профиліне сәйкес келетін ғылыми жетістіктер ескеріледі:

- ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингтік ғылыми басылымдарда;

- ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер;

- ғылыми стипендиялар, гранттар беру туралы сертификаттар;

- ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысқаны үшін грамоталар және (немесе) дипломдар.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін түсушілер күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін береді:

1) өтініш;

2) жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);

3) балдары көрсетілген түсу емтиханын тапсыру туралы үзінді көшірме;

4) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Жоғарыда көрсетілген барлық құжаттар жергілікті бюджет қаражаты есебінен конкурсқа қатысу үшін облыстар/республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің білім басқармаларына/Денсаулық сақтау басқармасына беріледі.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша Конкурс түсу емтиханының балдарына сәйкес өткізіледі.

III КЕЗЕҢ - УНИВЕРСИТЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ

Резидентураға қабылдау Басқарма төрағасы-ректордың немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.

Тұсушілер резидентураға ақылы негізде қабылдау білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша жүзеге асырылады және ықтимал 100 балдан кемінде 75 балл жинаған.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу емтиханы бойынша ең жоғары балл жинаған, бірақ кемінде 75 балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады.

Республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға конкурс бойынша өткен үміткерлер (тұлғалар), сондай-ақ ақылы негізде оқуға ниет білдірген үміткерлер (тұлғалар) қабылдау комиссиясына 19 тамыздан бастап 28 тамыз сағат 11-ге дейін береді:

қабылдау туралы өтініш;

- резидентураның білім беру бағдарламасы бойынша оқыту туралы үлгілік шарт;

- оқуға ақы төлеу туралы түбіртектер (шарттық негізде түсетіндер), сондай-ақ түсу емтихандарынан өту үшін қабылдау комиссиясына ұсынылған құжаттардың барлық тізбесі

Толығырақ ақпаратты сілтеме арқылы алуға болады https://amu.edu.kz/ru/poslevuzovskoe-obrazovanie/rezidentura/rezidentura-dlya-postupayushchikh/

© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика