Университеттің CALL-орталығынан келіп түскен өтінімдер саны тоқсан бойынша – 320. Олардың барлығы түсуіне қарай және мерзімінде пысықталады.
Күн сайын университеттің ғимараттары мен аумағын аралау кезінде анықталған ескертулер бойынша жұмыс жүргізіледі.
Студенттерді таза ауызсумен қамтамасыз ету үшін университет су тазарту сүзгілерін сатып алып, орнатты. 18 сүзгі Жеңіс даңғылы 35, 35а мекенжайындағы студенттер жатақханасының әрбір қабатында орналасқан.
Студенттер жатақханасына 55 тоңазытқыш сатып алынды.
Бейбітшілік көшесі 49,49 а, 51, 53, Жеңіс даңғылы 35 мекенжайындағы корпустарда ағымдағы жөндеу жүргізілді және қабырғалар, төбелер және жақтауларды эмульсиялық бояумен сырлау жұмыстары ауданы 1128 м2 аумаққа жүргізілді.
Бейбітшілік көшесі, 49 а ғимаратының холында ауданы 10,8 м2 гранитті (керамогранитті) плиткалар ауыстырылды.
160 м2 резеңке жабынды монтаждау, жарма есік орнату, фитнес залында қабырғаларды бояу жұмыстары жүргізілді.
Су тасуға байланысты ЫСЖ және ССЖ жылыту құбырының жарылуы себебінен болған апаттар жойылды.
* 2 қаңтарда 49а корпусында әйелдер жақтың санитарлық торабында болған апат жойылды.
* 3 қаңтарда ЫСЖ жарылуынан 49- корпустың 3-қабатында орын алған апат жойылды.
• 11 қаңтарда Сарыарқа 33 ЫСЖ тікқұбыры жанып кетті.
* 19 қаңтарда Сарыарқа даңғылы 33 мекенжайында кәріздің д50 құбырында апат жойылды.
* 21 қаңтарда Сарыарқа даңғылы 33 мекенжайында жылу торабының жылыту құрылғысында апат жойылды.
* өтінімдер бойынша Жеңіс даңғылы 35,35 А және Сарыарқа даңғылы 33, Бейбітшілік көшесі 49,49 а,51,53 оқу ғимараттарында 400 өтінім орындалды.
* 5 ақпанда 49а корпусында корпусының ССЖ д 63 тікқұбырының апат жойылды .
• 19 наурызда 49а корпусында 809 кабинетте ССЖ д 20 тікқұбырында апат жойылды.
Университет ғимараттарында байланыс құралдарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмыс жүргізіліп келеді, электр желісі, сантехника, сондай-ақ дәнекерлеу жұмыстары жүргізілді.
Ғимараттарды жарықтандыру бойынша техникалық қызмет көрсетіледі.
Бейбітшілік көшесі 49, ТП-2023, Сарыарқа даңғылы 33, РП-42 электрлік, тарату жабдықтарына және ұқсас аппаратураларға техникалық қызмет көрсетіледі.
Бейбітшілік көшесі, 49а, Сарыарқа даңғылы, 33 мекенжайында жылу шымылдығы Демонтаж және монтаждау жұмысы жүргізілді.
Жеңіс даңғылы, 35,35 А, Бейбітшілік көшесі, 49,53 мекенжайында суағарға жылу кабелін төсеу жұмысы жүргізілді.
Зертханалық-аспаптық, жеке қорғаныс құралдарын сынау, электротехникалық персоналдың білімін тексеру жұмысы жүргізілді.
Студенттер жатақханасында күн сайын жиһаз (шкафтар, есіктер, кереуеттер) жөнделеді.
Университетте ағымдағы жөндеу жүргізу үшін сатып алу жоспарын әзірлеу және тауарлар мен қызметтерге (құрылыс, электр және сантехникалық) техникалық өзіндік ерекшеліктер жазу, сондай-ақ коммерциялық ұсыныстарды сұрату. Тауарларды, материалдар мен құралдарды қабылдау жұмыстары жүргізіледі.
Өрт сөндіру қызметінің нұсқамасы бойынша Бейбітшілік көшесі 49, 49а, 51; Жеңіс даңғылы 35 және 35 а мекенжайындағы корпустардағы жертөле үй-жайлары босатылды.
Клиникалық базаларда өтінімдер орындалды (жиһазды жөндеу, ролл перделерді орнату, суреттерді монтаждау).
Оқу ғимараттары мен клиникалық базалар бойынша жиһаздың 50 ден астам рейсі тасымалданды.