«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына конкурс

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына конкурс

 «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына конкурс

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялайды https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/press/news/details/371734?lang=ru

 

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы -  ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады.

Сыйлық алуға халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен Қазақстан Республикасының 29 жасқа дейінгі азаматтары сыйлық алуға үміткер бола алады.

Жеңімпаздарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі және дипломмен, төсбелгілермен сондай-ақ ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Осыған орай, аталған конкурстың іріктеу кезеңі Университетте өткізілетін болады.

Ізденушілердің құжаттары 2022 жылғы 05 тамызға дейін Ғылыми-зерттеу орталығында Бейбітшілік к-сі 49а, 53 корпус, 402 каб. тел 539528, 577896 ішкі 249, 419) мекенжай бойынша және электрондық нұсқасы utegenova.a@amu.kz  эл. пошта арқылы қабылданады.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика