Шакенова Анелла Ерденқызы өмірден өтті

Шакенова Анелла Ерденқызы өмірден өтті

    Астана медицина университетінің ұжымы Шакенова Анелла Ерденқызының мезгілсіз қайтыс болуына орай, қайғырып көңіл айтады.

    Анелла Ерденқызы 1951 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген. 1974 жылы Целиноград мемлекеттік медицина университетін "Емдеу ісі" мамандығы бойынша тамамдап, Акушерлік және гинекология кафедрасының ассистенті болып жұмыс істеді. Анелла Ерденқызының еңбек жолы аталған жоғары оқу орнында 1994 жылдан 2008 жылға дейін өтті.

  Әріптестерінің айтуынша, марқұм бүкіл өмірін Акушерлік және гинекология кафедрасында студенттерді оқытуға арнады. Ол студенттердің сүйікті оқытушысы, жауапты және мейірімді адам болған.

  Анелла Ерденқызы туралы жарқын естеліктер әріптестері мен студенттерінің жүрегінде мәңгі сақталады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика